Үйдің құрылысын арнайы қандай программа арқылы жасауға болады?

0 дауыс
815 қаралым
Өз үйімнің жобасын, құрылысын немесе конструкциясын біраз өзгерткім келеді. Сол үшін бірінші жобасын жасап көрсем деп едім(қазіргі үйдің жартысын бұзып бөлмені кеңейтіп қосу қажет еді) Осыған байланысты қандай компьютерлік (не смартфонда) бағдарламаны қолдансам болады? Тегін немесе онлайн жасауға болатын қандай түсінікті бағдарлама білесіз?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 815 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Автокад программасы бар, бірақ бұл сызықтар арқылы саласыз ұзақ уақыт  алады, дегенмен  жеңіл әрі жай ғана көру үшін жарай береді.

Ревит программасы бар, нағыз құрылыс мамандықтары қолданатын программа, мұнда арнайы қабырға, есік, терезе дайын тұрады. Жай ғана орнын, өлшемдерін таңдап қоя бересіз. Автокадқа қарағанда жеңіл.

Архикад программасы  бұны көбінесе архитекторлар пайдаланады, Ревитке ұқсас, ревиттен айырмашылығы қарапайым адамдарға түсініктірек.

Автокад сызықтардан тұрады, Ревит пен Архикад  дайын объектілерден тұрады, сондықтан Ревит пен Архикадта Зд (яғни түсін, формасын, шынай өмірде қалай көрінетінін) көре аласыз. Бұл программалардың барлығының интернеттен студентерге арналған 1 жылдық версияларын  алып жұмыс жасап көруге болады, бірақ жобаны сызып сатуға болмайды.

Ұқсас сұрақтар

127,955 сұрақ
322,858 жауап
153,167 пікір
72,960 қолданушы