0 дауыс
344 көрілді

Ералиевті өзбекке жығып берді дегеннен кейінгі ойтүрткі.

Жалпы, түрлі спорт дисциплинасында соңғы жылдар көлемінде көптеген өзгерістер белең алуда. Ереже ары өзгертіледі, бері өзгертіледі... Футболға да эксперименталды түрде біршама өзгерістер енгізілмек екенін бұған дейін жазып едім. Олимпиада көрсетіп отырғандай, грек-рим күресінде де бар екен тың өзгерістер.

Боксқа қатысты. Естеріңізде ме, Бекзат Саттарханов пен Ермахандар рингке шыққанда төрешілер корпусы қалай есептеуші еді? Қазіргідей әр раунд сайын 10-9 не айқын басымдық болған кездегі 10-8 дей салмай, әр дәл соққы бағытталғанда түймені басып, жанкүйерлер ұпай (соққы) санын онлайн көруші еді. Бұл бағалау жүйесіндегі артықшылық - кешегі Ералиевімізді нақақтан жеңілдірді деген әңгімелер кемдеу болушы еді. Себебі жұдырықтасу барысындағы әр соққыны жанкүйер тамашалады, дегендей. Әрине, ол кезде де кейбір дәл соққы есепке алынбай қап жататын қиямпұрыс жәйттар болып тұратын. Бірақ жалпы картинаны нақұрыс кейпіне айналдыра қоймайтын. Қазіргі скоринг жүйенің кемшін тұстарының бірі - әр раунд сайын артықшылық белгілі бір бокшыға беріледі. Ал, мысалы, үш раундтағы жұдырықтасу барысында біздің Қайрат Ералиев өзбек Муроджон Ахмадалиевті 25 дәл соққылап, визавиі 20 соққы бағыттауы мүмкін, бірақ әр раунд сайынғы фаворитті анықтау және 10/9 скоринг жүйесі салдарынан Қайратымыз жеңілуі мүмкін. Және 10 мен 9-ды беру кезінде сыңаржақ пікір де үстемдеу боп кету қаупі бар. Уопшым, баяғыша дәл соққыларды есепке алып отыратын есептеу жүйесін қайтаруды талап етемін! Естимісің, АИБА?

Қайрат Ералиев өзбек Муроджон Ахмадалиевты таза жеңді ме?

Қайрат Ералиев өзбек Муроджон Ахмадалиев

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...