0 дауыс
2.6k көрілді
Адамдардың көзіне тік қарап сөйлеуге ұяламын. Қатты сөз айтып қойса көңіліме тез қабылдаймын және сол қалып қояды. Қыздармен сөйлесерде аузыма сөз түспей, сасқалақтаймын. Дұрыс әзілдесе де алмаймын. Жәй дос қыздарыммен сондаймын, махаббат жайында кездесер болсам масқара болатыным анық! Не істесем болады?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сөздік қорыңды дамыт.Әдеби кітаптарды көп оқы.Өзіңе жақын адамдармен қалай әнгіме айтасың соныда ойланып көр.Басқаларға қара.Олар калай сөйлейді қалай азілдеседі.Азілдерді жәнеде анектоттарды жаттап ал.Білмегеніңді сұра жасқанбай.Берген жауабына түсігеніңді айт немесе ойлан.Менде дәл сондай болдым ауылда жүргенде.Қалаға келіп жаңа ортамен жаңа достар жұмыс әсерінен өзгердім.Қазір кез келген ортада жасқанбай сөйлей аламын.
0 дауыс
Бұны ұялшақтық, жасқаншақтық дейді. Сенде көбінесе ауылдық жердің жастарына тән мінез басым. Бірақ, қазіргі 21 ғасырда бұндай мінезбен нансыз қалатының анық.
Қалай арылуға болады ондай әдеттен?
+1 дауыс
Бауырым саған қазір бір жақсы кеңес айтамын. Ұялшақтықты шыныменде проблема қатарына санасаң, онда ол ұялшақтық емес, әлсіздік-сенімсіздік болып табылады. Ұят- негізінен жақсы қасиет, бірақ көбісі әлсіздікпен ұятты шатастырып алады. Біреудің көзіне тік қарау міндет емес. Қыздармен сөйлесем дегенді таста, басқа өз қатарластарыңа ұқсаймын деп ойлама. Себебі жаман адам ешқашан ұялмайды. Адам жанында мынандай нәрсе бар: "обратный эффект" немесе "побочка". Ол тек жақсы адамдарда болады. Күмәнім жоқ, ұятты адам көп жетістікке жетеді.
Бекерге ұялшақтық қасиетті жеңем деп ойлама, себебі ол комплекс емес жеңетін!
Тағы бір сұрақтарың болса сұра, жауап берем.
Қыздармен сөйлесуді таста дегеніңді қалай түсінемін?
Шыныменде, жанымда жүрген достарыма ұқсағым келеді. Адамдармен тіл табысқыш, еш сасқалақтамайды, өзің айтқандай әлсіздік жоқ. Бұндайдан қалай арылуға болады? Ұят деп айтпайын, әлсіздік дейін.
Жалпы проблеманы толық шешіп беру үшін сенің айтқандарыңды толық тыңдауым керек. Бірақ шет жағасын шешуге болады.
1. Алдағы уақытта үйленем деген планың болмаса қыз іздеп немесе (ғашық болып) қажеті жоқ. (Тіпті сөйлеспейақта қой солармен.) Себебі алға қойған пландарыңды іске асыруға уақытыңды оларға босқа жоғалтасың, кедергі болады. Алдыңа мақсат қойып (жұмыс, карьера) соған еңбектен. Босқа күшіңді кетірме бұндай заттарға. Егер осылай істесең сенімділік пайда болады.
2. Қатарластарың не істесе оны істесін, бірақ сенде олардың істегенін істеуге міндетті емессің. (Қатарластарың пиво ішіп темекі шегуді ерекше көрсе, сенде оны қайталауға міндетті емессіңғой.)
Олар қыздармен сөйлесіп ойына келген жаман нәрселерін жасап жүрсе, сенде оны жасауға міндетті емессіңғой. Өзіңді кем көрме қатарластарыңа ұқсаймын деп. Заман талабы деп осылай адасып қателесіп жүрген жасөспірім қыз-балалар біршама.
3. Пайғамбарымыз Мұxаммәд саллаллаxу алейxи уасаллам: "Ұят тек жақсылыққа әкеледі" деген. Көрдіңізба, шайтан ұятты жаман әлсіз қасиет қылып көрсетедіда адамдарды жамандыққа пасық істерге итермелейді. Бұл тек саған емес басқа жастарғада қатысты. Қарындастарымыз жүр әне ашық- шашық заман талабы деп. Өзін инстаграмға салмаса бір жері түсіп қалатындай. Заманның ақырында ұятты адам қалмайды дейді.
4. Ұятты жеңем деген ойды таста.
5. Нақты іспен айналыс.
...