0 дауыс
309 көрілді
Кейінгі кезде Қазақстанда тұрғым келмейді деген тақырып Russian-Speaking Chinese-дер арасында трендке айналды. Әрине, тілі мен ділі қазақ демейтін адамдардан ондайды естіп, таң қалуға болмайды. Дегенмен шет елге кеткенін жария қылып, онымен қоймай насиxаттап, арзан пиарға мас болып отырғандардың көксегені не екенін түсінбедім.

Қазақ елінің тағдыры бұрыннан оңай болмады. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсайтынымыз рас, дегенмен оны осындағы біз жасамасақ, сырттан келіп, басқа біреу жасап беретініне күмәнім бар. Әр қазақтың жігіті Отан үшін титтей болса да, қолынан келгенін тілмен, қолмен, жан-тәнімен істемесе, бұл ел жақын арада өзгермейді. Қазір ешкімге оңай емес, билік те, бұқара xалық та оны біліп отыр. Әркім өздігінше қолдан келгенін істеп жатыр. Әрине, білімді әрі дарынды жастардың жағдай болмайтын жерде тұрғысы келмейді. Дегенмен осы Қазақстанды солар көтермегенде, солар дамытпағанда кім дамытады?!

Өз басым Қазақ жерінде тұруды, осында оқуды, ел үшін еңбек етуді көп аңсадым. Түбінде ол арманыма жеттім. Қанша пафос болып көрінсе де, қандай билік болса да, қандай жүйе болса да, мен Қазақ елінен ешқайда кететін ойым жоқ. Көппен көрген ұлы той деп жұмыла кіріссек, шешілмейтін шаруа, істелмейтін іс жоқ. Кішкене шет ел көрсе, қайтқысы келмей, Отанды жамандап жүретін жігіттерге айтарым, үндемей жоқ болсаңыздар немесе абырой болғанда райларыңыздан қайтқандарыңыз жөн. Себебі Қазақстан - тек қана біздікі, оның мүддесі үшін бізден басқа ешкім күреспейді!

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...