+1 дауыс
7.2k көрілді

Соңғы кезде өз кəсіптерін ашып жүрген "қазақ қыздары" жайлы көп əңгіме айтылып жатыр. Əсіресе жақында өткен "Əйелдер бизнес форумынан" кейін қызығушылық арта түсті. Кейбір азаматтар "Қыз бала отбасына қарау керек, үйде отырсын, сондайлардың себебінен ажырасу, отбасы құрмау, бала таппау деген көбейіп барады" - дейді, ал басқалары "қазіргі заманда қыз да тəуелсіз болуы керек, қолынан келсе кəсіппен айналысқаны дұрыс" - дейді.

Қасымдағы Ұлбала деген жас кəсіпкер қарындасымыз жайлы айтып берейін мысал ретінде. Өзі жоғары оқу орнында студент бола тұра үш ай бұрын өз кəсібімді ашқым келеді деп біздің кəсіпкерлік мектепке келген болатын. Жеке бизнесімді ашқым келеді, бірақ неден бастарымды білмеймін, ойымда бірнеше бизнес идея бар, бірақ қайсысын таңдарымды білмей жатырмын дейді. Өзің не жақсы көресің десем, бірнеше жылдан бері бимен айналысамын, бірақ ол салада бизнес аша алатыныма күмəнім бар дейді. Менің кеңесімді тыңдасаң өзіңнің жақсы білетін, сүйіп істейтін салада бизнес ашқан дұрыс дедім.

Міне, үш ай өткеннен кейін Ұлбаланың қазіргі күні "Тұмар" деген би тобы бар, Қазақстанның əртүрлі қалаларынан тапсырыстар қабылдап, сүйген ісі арқылы өз кəсібін дамытып жүр. Ұлбала бизнес курстағы біраз жігіттерден де асып түсті кəсіптегі нəтижелерімен.

Сіз қалай ойлайсыз, қазақ қызына өз кəсібін ашқан дұрыс па?

Мейірбек Жұмабеков

Мейірбек Жұмабеков

Арине дурыс казир бурынгы заман емес,кабилети жетип,бойында куш куатына сенсе неге болмаска,казир мына заманда биреуге сенуге болмайды.Онын устине багатын еркектерде аз онын далели баласына алимент толеуден кашатын еркектер.Отбасын багаламайтын еркектер бар,сонда айел нестейд,сол еркекке сенип отыра беру керекпе.Еркек кушти болса айел назик болып уйне карап,бала тарбиелеп отырар еди,ал казир кобиси жалкау еркектер.Сондыктан мен кыздардын окып,билим алып,оз касибин ашуга еш карсылыгым жок.

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс, дұрыс емес деп шешімін айтуға ешкімнің де хақысы жоқ. Еркек болсын, әйел болсын қабілеті барлардың табысқа жетуі - әрдайым дұрыс!!
Қолынан келіп тұрса  кәсіпкер болып алға қарай дами берсін !  Тәңір сондай керемет қабілет беріп тұрса, кәсібіңді дамытып, байып,  неге өз халқыңа пайда келтіріп, көмек қолын созып, отандық таза өнімдеріңді  ұсынбасқа?.
Бірақ отбасына да көңіл бөлу керек! Ақшаның артынан кетпей жақындарына уақытын бөліп тұру керек! Кейбіреулер ақша тауып жатырмын деп міндетсінеді! Ол жағынада мән беру керек!
0 дауыс
Дұрыс деп ойлаймын. Əрине отбасыға да көңіл бөлген дұрыс. Сол отбасы мен бизнес екеуін қатар алып жүрген қаншама əйел адамдары бар. Мысалы менің мамам өз бизнесын ашқан. Отбасына да көңіл бөледі. Құдайға
0 дауыс
Әрине болады, тек өмір жолдасы оның жұмысына түсініспен қарау керек. Сондықтан өмір жолдасын таңдаған кезде жақсылап таразыға салып шешім қабылдау керек. Егер махаббаты үстем болса қыз бала өз арманынан  біржолата бас тартып өмірін отбасына арнасын. Сонда ажырасу да болмайды.
0 дауыс
Ата бабамыз қыз мұраты кету жол мураты жету деген сол айткандай қазақ кобейтіп уйде балаларын иманды етіп тарбие берго кәсіптін кушти ашты есептер еді Алла да разы болар еді оз мусылмандық қасиеттен кетип барамыз алыска
0 дауыс
мүмкіндік туып тұрса әрине ашқан дұрыс. Бірақ ең бірінші айтылған пікірге көбірік қосыламын. Қыз бала үшін бірінші орында отбасы тұру керек.
0 дауыс
арине болады неге болмаска. казыргы заманда колынан кеп турса мумундык болып турса болат арине
0 дауыс
Болады әрине. Бірақ тәуелсіз болу керек деген дұрыс емес. Қыз бала келін болған соң киеуіне, ата-енеге тәуелді. Егер "мен тәуелсізбін өщім білемін"-деген жағыдайға баратын болса онда кәсіпкер болудың пайдасы жоқ. Бірінші киеуінің бала-шағасының жағыдайын ойлап содан кейін кәсіпке барса жақсы. Кәсіпкер болып көп ақшаны ұстап үйренген кейбір әйел қайынжұртын сыйламай кетеді. Осыдан аман болса дұрыс.
0 дауыс
былай, қыз сыртта жүріп біреуге жақындамауы мүмкін емес, командировка деп жүріп неше түрліні жасағанды көрдім, ішінде ондай еместері болады, біреуді көргесін еліктеп бүлінетін, енді өзі ақша ары қарай не болады, отбасына қалай қарайды...
...