+1 дауыс
3.2k көрілді

Қазақстан мисс қазақ қыздары

Мисс деген титулды құрту керек! Дәл осы байқаудың ұлтқа 1 грам пайдасы бар болса құлағымды өзім-ақ кесіп берейін. Керісінше "Қазақ қызы" деген керемет мөп-мөлдір ұғымды батыстық блаптпен күстаналап бітті. Бәрі десем артық болар, осы мисстарыңыздың көбі гүжілдеген байшікеш иттердің гүрілдеген джиптерінде жүр. Басқа қайда барады? Елімізде мисс болғандарға жұмыс беретін қай мекеме бар? Әрине жоқ. Бірақ бұл атақ қалталылардың назарын бірден өзіне қарататын сиқырлы күш боп тұр. Бұл атақтың арғы жағында сәулетті үй, қымбат көлік, салтанатты өмір есігін айқара ашып күтіп тұр. Сондықтан да біздің қаракөз қыздарымыздың көбінің арманы сұлу болу, сұлулық сайысының жеңімпазы деген атқа ие болу.

Міне бүгінгі жантүршігерлік оқиға осының жемісі, басқа түк те емес! Осыдан соң қызымызға биші бол, биші болмасаң Қазақстанның миссы бол деп бата береміз бе?

Қазақстан мисс қазақ қыздары

Қазақстан мисс қазақ қыздары

3 жауап

–1 дауыс
Оте дурыс бырак біздің қолымыздан не келеді))
0 дауыс
Бәрін ұлттық мәдениет түріне айландырып істеуге болады, ол ұшын жоғарыдағылардан ұлтқа жаны ашитын адамның айтқаны тыңдалмай жатыр дегені, ол ұшын ондайды қалайтын адамдар көбейіуі және бірігуі керек сияқты !!!
+1 дауыс
"Қазақ Аруы" деген бөлек байқау бар емес пе? Мисс деген әлемдік атау, онда тұрған түк те жоқ. Бұл мақала жай құр байбалам! Мисстан басқа да түзететін титулдар мен атаулар жетіп артылады. Мәселенің түп төркіні атауда тұрмағаны баршаға мәлім. Әуелі сол мисстарымыздың қазақилықтың иісі аңқыған арулардан болуына күш салу керек. Ал, оның титулы мисс па, қыз ба, ару ма ол түк те маңызды емес.
...