0 дауыс
352 көрілді
Жигиттер !осы сиздерге ана кымбаттырак па алде әйелме?Кайсысынын созин кобирек куптаган жон деп блесиз?Коп еркектер уйленген сон,анасын сыйлаудан калып жататын жагдайлар кездеседи,Ал кейбир жигиттер жарын анасы тандаганын калайды?ойларыныз!болашакта әйелиниздин ананызга уксаганын калайсызба?
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауапты таңдау мүмкін емес деген оймен жабылды

3 жауап

+2 дауыс
~ Болашақ жарым Ата-Анамды сыйласа;
~ Болашақ жарым сымбатты, білімді, ақылды, ару болса;
~  Ата-Анам менің қалауымды құптаса - - - Қуаныш.
+1 дауыс
Жануля қолданушым менің, сіздің сұрақтарыңызды көріп бақылап отырмын (Манас ішпиен де бақылап отыР, ол бәрін көріп тұр), сізге бір ескерту жасағым келіп отыр

ЕСКЕРТУ БҰЛ САЙТ ТАЛҚЫЛАУҒА, ЖҰРТТЫҢ ПІКІРІН БІЛУГЕ, СӨЗ ТАЛАСТЫРАУҒА АРНАЛМАҒАН. БҰЛ САЙТТА НАҚТЫ СҰРАҚ ПЕН ОҒАН НАҚТЫ ЖАУАП БЕРІЛУІ ТИІС. СІЗДІҢ МЫНА СҰРАҒЫҢЫЗ (ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ ДА) САЙР ЕРЕЖЕСІНЕ САЙ КЕЛМЕЙДІ. БҰЛ СҰРАҚ НАҚТЫ ЕМЕС, ЖӘНЕ БҰЛ СҰРАҚҚА НАҚТЫ ЖАУАП АЛЫП, ЖАҚСЫ ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ ЖА МҮМКІН ЕМЕС.

ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН. ЖӘНЕ КЕЛЕСІДЕ ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН
+2 дауыс
Эх, Жануля, сіз өзі қызық адамсыз ғой)))  "Келін ененің топырағынан жаралған" деген сөз бар, кім болашақ жарының анасына ұқсағанын қаламайды? Дегенімен шындықты айтасыз, үйленген соң күшік күйеу болып әйел соңынан кетіп жатқандар баршылық.  Сіз бен біздер әлі отбасылық өмірдің дәмін татпаған соң мұны жете түсіне де бермейтініміз рас, ол да әйелімнің соңынан кетейін деп емес біз білмейтін бір себебі болған шығар...
Мен бір қызық айтайын, осы пікір-таласты ұнатпайтын адам бар ма, ылғи пікір-таласқа бастайтын әңгіменің шетін шығарып жүретін әдетім бар еді. Бір күні жұмыста түскі үзіліс кезінде бүкіл ұжым бір сәтке жинала қалдық, соны пайдаланып жігіттер жағына ой-сауал тастадым "әйеліңнің сөзін сөйлейсіңдер ма әлде аналарыңның ба?" Көбісі белгілі ғой, "мамам" дейді енді бірі тіпті үндеген жоқ, ал бір мінезе өте жақсы ұжымдасымыз бар-тын сол ғана ойланбастан "әйелімнің" деді. Онысыны мәнісін де жасырған жоқ (мамасын танушы едік) оның анасы өзін және қарындасы екеуін туғанан соң әкелерінің көзіне шөп салса керек, содан әкелері кетіп қалған, ал мамалары өзгеден бір қыз туып алады да бұл қарындасымен бірге әжесінің қолына кетіп қалады, Анасын көпке дейін кешірмей жүріп, ақыры кешіреді. Кешіргенімен болмай, ол енді өзге біреуден көтеріп, тағы қыз туып алады, қазір әжесі үшін анда санда анасына қарайласып тұрады.  Осыны ол айтты да "әйелімді сыйлайтын боламын" деді. Бір қызығы ол осыны айтып жатып бір рет те болса мұңайған жоқ, ол оның тағдарына мойынсұнғаны болса керек.....
Міне, осындай да себептері бола береді....  Әйелің немесе анаң деп кінәлаудың жөні жоқ, десек те ананың аты қашан да АНА ғой......
...