Эх, Жануля, сіз өзі қызық адамсыз ғой))) "Келін ененің топырағынан жаралған" деген сөз бар, кім болашақ жарының анасына ұқсағанын қаламайды? Дегенімен шындықты айтасыз, үйленген соң күшік күйеу болып әйел соңынан кетіп жатқандар баршылық. Сіз бен біздер әлі отбасылық өмірдің дәмін татпаған соң мұны жете түсіне де бермейтініміз рас, ол да әйелімнің соңынан кетейін деп емес біз білмейтін бір себебі болған шығар...
Мен бір қызық айтайын, осы пікір-таласты ұнатпайтын адам бар ма, ылғи пікір-таласқа бастайтын әңгіменің шетін шығарып жүретін әдетім бар еді. Бір күні жұмыста түскі үзіліс кезінде бүкіл ұжым бір сәтке жинала қалдық, соны пайдаланып жігіттер жағына ой-сауал тастадым "әйеліңнің сөзін сөйлейсіңдер ма әлде аналарыңның ба?" Көбісі белгілі ғой, "мамам" дейді енді бірі тіпті үндеген жоқ, ал бір мінезе өте жақсы ұжымдасымыз бар-тын сол ғана ойланбастан "әйелімнің" деді. Онысыны мәнісін де жасырған жоқ (мамасын танушы едік) оның анасы өзін және қарындасы екеуін туғанан соң әкелерінің көзіне шөп салса керек, содан әкелері кетіп қалған, ал мамалары өзгеден бір қыз туып алады да бұл қарындасымен бірге әжесінің қолына кетіп қалады, Анасын көпке дейін кешірмей жүріп, ақыры кешіреді. Кешіргенімен болмай, ол енді өзге біреуден көтеріп, тағы қыз туып алады, қазір әжесі үшін анда санда анасына қарайласып тұрады. Осыны ол айтты да "әйелімді сыйлайтын боламын" деді. Бір қызығы ол осыны айтып жатып бір рет те болса мұңайған жоқ, ол оның тағдарына мойынсұнғаны болса керек.....
Міне, осындай да себептері бола береді.... Әйелің немесе анаң деп кінәлаудың жөні жоқ, десек те ананың аты қашан да АНА ғой......