"Орыстар Великий джуз дейді". Енді орысқа қарап намаз оқуың қалды. Орыс айтқан деп, арқаға қаққанға мәз болып, бас шұлғуды қашан қоясың? Ұлы жүзі не, Орта жүзі не, Кіші жүзі не - әрқайсысының өз қастерлі орны болған әманда. Орыс айтпаса да біледі оны жұрт.
Әрі-беріден соң жүзге бөлу рулардың орналасуына қарай орайластырылған территориалдық бөліну. Аға баласы деп ұлы жүзді сыйласа, Орта, Кіші жүздің де орны болды ойып алатын. Ендеше анау айтты деп, орыстың аяғына жығылудың қажеті жоқ.