0 дауыс
397 көрілді
Егер колледж 5 күндік жұмыс уақытымен жұмыс жасаса, колледждің оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларында 5 күндік жұмыс уақытысы болуы мүмкінбе, кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің болуын ескергенде?

1 жауап

0 дауыс

Еңбек шартына сәйкес,  әрине мүмкін.

5. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ. ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ 

5.1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 (екі) демалыс күні бар, аптасына 40 (қырық) сағаттан астам қара жұмыста және денсаулыққа зиянды жұмыста жүрген Қызметкерлер үшін  аптасына 36 (отыз алты) сағаттан аспайтын 5 (бес) күнді құрайды.

5.2. Күнделікті жұмыс күндері Қызметкерге дем алуға және тамақ ішуге кем дегенде 1 (бір) сағат уақыт беріледі, Қызметкер оны қалай пайдаланам десе де, өз еркінде. Жұмыстың аяқталуы мен келесі күні басталу аралығындағы Қызметкердің күнделікті демалысының ұзақтығы кем дегенде 12 (он екі) сағат болуға тиіс.

5.3. Қызметкерді өзінің келісімі бойынша, ал еңбек туралы заңдарда ескерілген ілуде бір жағдайда өзінің келісімінсіз де белгіленген  мерзімнен тыс жұмысқа шақыруға болады.

5.4. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қызметкерге Жалдаушымен келісім бойынша қосымша демалыс және басқа да демалыс беріледі.

5.5. Қызметкерге Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оқу демалысы беріледі.

...