0 дауыс
1.4k көрілді
Толық, қарны бар адамдар азу үшін жүгіреміз, салмақты азайту керек. Ал өте арық адам не үшін жүгіреді?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адам тек ғана арықтау үшін ғана жүгірмейді. Жүгіру адам денсаулығына да пайдалы. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Жүгірудің арқасында бойыңыздағы жалқаулық, жауапсыздық сияқты қасиеттерден арыласыз. Сәйкесінше, сенімділік, шыдамдылық сияқты қасиеттерді бойыңызға сіңіресіз.
0 дауыс
Жүгіру - денсаулық
Жүгіру кезінде барлық бұлшық етіңіз жұмыс істейді.Қанайналым жұмысын жақсартады.Сонымен қатар стресстен арылуға мүмкіндік береді.Және жүгірген кезде ағзадан "бақыт" гармоны бөлінеді,яғни рахаттанасыз
+1 дауыс
Жүгірудің денсаулыққа пайдасы жақсы.

Менің түсінгенім жүгіргеннен адамның жүрегі жақсы жұмыс істейтін болады. Қан айду, жүректің дұрыс соғуы, тыныс алу жолдары үлкен салмақ түскен кезде сыр бермейді. Жүгіруді ақырын-ақырып бастап, күн ара болмасын жүгіріп тұрған дұрыс.

Ал азу үшін жүгіруде кардио қолданады. Кардио деп отырғанымыз 1 минут қатты жүгіру, 2 минут жай жүгіру. Сосын қайта 1 минут қатты жылдамдықпен жүгіріп, 2 минут жай жүгіресіз. Осы кезде адамның организмі белгілі бір жылдамдық болмағандықтан тұрақтала алмай көптеп энергия көзін жұмсайды. Энергия деп отырғанымыз ол май. Адам осылай азады. Ал бір темппен жарты сағат жүгіру арқылы адам азбайды. Ол кезде адам тамақтанған кездегі энергияны жұмсайды. Жүгіру барасында адамның майы тек 40-50 минуттан кейін ғана жаға бастайды.

Сндықтан тек азу үшін ғана деп жүгіруге болмайды. Денсаулық үшін, жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін жігіру қажет.
0 дауыс
Салауатты өмір салтын ұстанғандықтан жүгіреді.
Аш болған соң ары-бері жұмыс іздеп жүгіріп ,тамақ тауып жеп, семіру үшін жүгіреді ма деп отырмын ғой .
...