0 дауыс
Серпін бағдарламасы бойынша қай жоғарғы оқуға тапсырсақ грант иегері боламыз егер балдық көрсеткіш 79 болса, орыс тілін алғанда 67 балл .таңдау пәні физика, ауылда оқыған. ОҚО Отырар ауданы/сельс квота/ СВЯЗ таңдап отырмыз, Қай жолмен жүрсек адаспаймыз, қай өзенге қармақ салсақ, алтын балық ілінеді. Қайным тапсырған еді ҰБТ 24.06.2016
25.06.2016 2.2k қаралым

3 жауап

0 дауыс
Алтын балық болмағанымен сазанды ілдіруге көмектесе аламыз.
04.07.2016
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ,  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универстиеті - осы аталған өзендерде СВЯЗ факультеті бар университеттер бизге карағанды болса дурыс болар еді. Кайратжан көмегің болар болса рахметіміз шексіз болар еді. Рахмет,Сізден жауап күтеміз
5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын айтып отырсыздар ма? Өткен жылы 67 балмен мүмкіндік болған. Биыылғы жағдай Серпін бағдарламасы бойынша аталған мамандыққа бөлінетін грант санына байланысты болмақ. Бірақ ҚарМУ мен ҚарМТУ-да балл жоғары болатыны анық.
0 дауыс
Жалпы классификатор бойынша жоғары білім мамандықтарының ішінде СВЯЗЬ атты мамандық жоқ. Сіздер 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын айтып отырсыздар-ау деймін. Таңдау пәні - физика. 4 пән бойынша жинаған ұпай саны неше?
07.07.2016
Ия дәл өзі 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар  осы мамандық 79 балл орыс тілін алып тастағанда 67 балл . Мына аталған универлерде  2015 ж сында бар деп корсетіліпті : С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универстиеті  Осының біреуіне мүмміндік болар ма екен.Басқа факультетті қаламай отыр. 4 пән физика таңдаған. Т.б қандай факультеттері бар ОҚО  жақындау университтетерінен серпіннің /Ақмола, т.б/.Кішкене кеңес беріңізші, өтініш.Қайнағамның ең үлкен баласы ед. Мұндайға онша бас қатырып көрмеп ем. Бари оңынан болып жатса Кайрат жеке өзіңе жуамыз!!!!!!!!
0 дауыс
Бір мамандықпен қатып қалуға болмайды. Грантсыз қалып кетулеріңіз мүмкін. 25-29 шілде аралығында келіп хабарлассаңыздар. e-пошта арқылы хабарласқан ыңғайлы сияқты.
08.07.2016
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы  Шәуілдір ауылының тұрғыны
Аудандағы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде биология пәнінің мұғалімімін

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы