+2 дауыс
2.6k көрілді
Мысалы, уже, почти, т.б.осындай секілді қыстырма сөздерді қоспастан елдің бәрі тап-таза қазақша сөйлесу мүмкін бе?
Әлде осындай қыстырма сөздер сөйлеген сөзіміздің эффективтілігін арттыра ма?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Неге мүмкін болмасын?! Әрбір адам өзінің әр айтқан сөзін ойлап қараса барлық қазақ тап-таза қазақша сөйлеп кетер еді. Сөзіміздің эффективтілігін арттырады дегенге келіспеймін, я қазақша, я орысша емес сөздің бір әсер қалдырады дегенге сену қиынырақ. Қандай ма болмасын қазақстандық жан тап-таза қазақша сөйлесе, майын тамызып, мәнерлеп, ырғаққа салып(сөйлеп тұрған ортаға байланысты) "уже, почтисіз" -ақ үлкен әсер қалдыруға болады. Кеше теледидарда "Сонымен солай дейік" деген бағдарламада Сингапурдан оқып келген бір жас қазақ  жігіт қазақша тап-таза сөйлейтінін аңғардым, бүкіл бағдарлама бойына бір ауыз орысша қоспады. Ал, бір академияның білдей бастығы  келіп отыр "бағдарлама" деген сөзді жөндеп айта алмады, тілі келмей. Сонда, кімнің кімге қаншалықты әсер қалдырғаны айтпаса да түсінікті шығар?!
+3 дауыс
әрине ешбір орыстың қыстырма сөзінсіз сөйлеуге болады. таза  ҚАЗАҚ ТІЛІнде сөйлегеннің еш ұяттығы жоқ. Ал кемсітіп қарайтын қазақ жастарына айтатыным. Өз тілінді біл, өзге тілді құрметте демекпін. Қазақ жерінде, қазақ елінде тұрып жатып. неге, таза қазақ тілінде сөйлемеске???
+1 дауыс
Кей кездері байқаусызда шығып кетіп жатат. Таза қазақша сөйлегенде қазіргі жас қыздар түсінбейді мысалы мені агентте көбі түсінбиді. О қыздардың қосатын сөздері "емаа, бля, мля, натури". Қыстырма сөздерді қосып сөйлегенде бір крутой болып қаламыз-ау. Нағыз қытай қазақтары ешқандай қыстырма сөздер қоспай сөйлейді.
ӨЗІМ ӘЙТЕУІР ЧИСТО ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН ДІКЕХАХАХА
молодец красавчик, мен тоже казакша чисто сөйлейм
+1 дауыс
Әрине мүмкін. Бірақ кей сөздерге орысша тіліміз жаттығып кеткен. Сол себепті таза қазақша сөйлейін десең кей сөздердің қазақша аудармасын білмей қоса алмай қаласың және қиындықтар туындайды. Мысалы уже деген сөз.
Оның қазақша аудармасы жайлы осы сайтта сұрақ қойған едім.Міне :https://surak.baribar.kz/14650/
+2 дауыс
әрине болады.
..:::жұмбақ қыз:::.   айтқандай біртүрлі қарайтындар да бар!
соңғы кезде бұл сөздерді аз қолданып, таза ана тілімде сөйлеуге көштім!
0 дауыс
Мен өзім ойланып қараасам мүмкін емес ау деймін,ал СҰРАҚ-ЖАУАП сайтында таза қазақша жазамын деп айта аламын.!
+1 дауыс
Жазумен таза қазақша болады, ал сөйлеу арқылы тілді үйрету қиын, өйткені біз орыстың тіліне байланып қалғанбыз.
0 дауыс
кез келген орысша сөзге  қазақ тілінен 10 синонимді еркін  табуга болады, тек біздің көбіміз сонын кадірін кетіріп шубарлап сөйлейміз-ау келіп, бул создин эффэктілігін арттырганды койып кадирин кетіретін жагдай
...