Неге мүмкін болмасын?! Әрбір адам өзінің әр айтқан сөзін ойлап қараса барлық қазақ тап-таза қазақша сөйлеп кетер еді. Сөзіміздің эффективтілігін арттырады дегенге келіспеймін, я қазақша, я орысша емес сөздің бір әсер қалдырады дегенге сену қиынырақ. Қандай ма болмасын қазақстандық жан тап-таза қазақша сөйлесе, майын тамызып, мәнерлеп, ырғаққа салып(сөйлеп тұрған ортаға байланысты) "уже, почтисіз" -ақ үлкен әсер қалдыруға болады. Кеше теледидарда "Сонымен солай дейік" деген бағдарламада Сингапурдан оқып келген бір жас қазақ жігіт қазақша тап-таза сөйлейтінін аңғардым, бүкіл бағдарлама бойына бір ауыз орысша қоспады. Ал, бір академияның білдей бастығы келіп отыр "бағдарлама" деген сөзді жөндеп айта алмады, тілі келмей. Сонда, кімнің кімге қаншалықты әсер қалдырғаны айтпаса да түсінікті шығар?!