+2 дауыс
835 көрілді
Мектепте қаржы сауаттылығы, өз қаражаттыңды басқару сабағын енгізу керек-ау. Жаңадан пән енгізудің қажеті жоқ, тек аптасына 2-3 мәрте болатын математика пәнінің 1 сабағын қаражат тақырыбына, экономикаға арнаса.

Сол кезде банктен несие(кредит) алып аузы күйгендер, әлі де болса сетевой маркетинг арқылы байып кетемін, букмерлік контора арқылы сұмдық пайда табамын, лотерея арқылы миллонер атанамын дейтіндердің қатары азаятын еді.

Көп жағдайда тұрмыстық ұрыс-керіс осы қаражаттың дұрыс басқарылмауы, қаражаттың жоқтығынан туындайтын секілді...

Сіз қалай ойлайсыз. Мектепте қаражатты басқару, экономика, ақша жинау жоспарлау туралы сабақ өтетін ба едіңіз?

6 жауап

+1 дауыс
Өте орынды сұрақ! Біздің азаматтардың бәріне керегі осы  сабақ ( қажеттіліктен туындалған сұрақ екен). Бәрін біліп, бұл қаржы, бизнес мәселесін білмей қалу ең қиын жағдай  болып тұр қазіргі таңда. Мен қолдаймын, бұл өз мемлекетіміздің экономикасын көтеру үшін келешек ұрпаққа керек әлемдік деңгейдегі мәселе !
+1 дауыс
Есiңде болса Ербол осыған ұқсас сұрақты 1-2-жыл алдын қойған болатынмын. Осы аралықтың iшiнде ненi бiлгенiмдi айтайын. Бiлгенiм бiлiм ол адамға билiк бередi. Егер бiз адамдарды басқаруды қаласақ, бiлiм алуға шектеу қоюуымыз қажет. Азаматтық соғыстың алдында, Америкада көптеген штаттарда, құлдарға оқу менен жазуды үйретуге тиым салынған заңда. Бiлiм ол өте үлкен күш. Сондықтанда жоғарыда отырғандар, бiздi басқарулары үшiн, қаржы сауаттылығына шектеу қоюға мәжбүр. Жоғарыдағылар билiктi сақтау үшiн бiзге ненi оқыту ненi оқытпауды белгiлеп отырады. Қаржы пәнi ешқашан программаға енгiзiлмейдi... Ал енгiзiлген жағдайда адамдар ақша үшiн жұмыс жасауды доғарады. Одан кейiн Ауруханада, шахтада, жарықта, күзетшiде, үкiметке жұмыс жасай қоймас. Сол үшiнде халықтар арасында бiр деңгейдi ұстап тұру үшiн осы система ойлап табылған... Түйiндеме жасасам, барлығымыз кәсiпкер, инвестор, бизнесмен болып кетсекте болмайды екен...
Нағыз қаржы сауаттылығына қатысы бар, біздің ақшаларымыздың көп бөлігі тауарлар үшін шетелге кетіп жатыр.
Бизнес деген өнім шығарып сату,  және ақшаны айналымға салып көбейту.          Сен ештеңе істеместен  ауа сатпақшысың ба сонда???
Адамды шаршатып жiбердiң) Бизнес ашу үшiн не керек адамға?
Мысалы: Жаңа техникаларды ойлап тауып,(айфон,компьютер, тв сияқты) жасап қымбат бағада экспортқа шығарып сатып  ақша көп тауып өз экономикаңды көтеру  бизнеске жатпай ма сенің ойыңша?
Негізі сайт ережелерін  сақтаған дұрыс..
Freedom кей пікірлеріңмен келісемін. Себебі халықты сауатсыз қылып ұстап отыр өкіметке де пайдалы. Ал халық тым қатты сауатты болып кетсе өзіне қарсы шығады.
Егер біз дамыған ел болғымыз келсе онда шағын орта бизнесті дамытуымыз қажет. Ал шағын орта бизнесті дамыту үшін қаржылай халық сауатты болуы тиіс. Бір құрамдас бөліктің біреуі болмай, толық жүйе дұрыс жұмыс жасамайтыны анық.
Халық қаржылай сауатты болу керек, сол үшін  өз қаражатыңды басқару сабағын мектептерде оқу керек.
Одан біздің халық қаржылай қатты сауатты болып кетіп,  бизнесті қырып жіберіп қарық болып, байып кетпесі ол айдан анық .  Осы жерде менің айтпағым: Біздің қиналып жүрген халық, өзге көршілес елдерге  ақшалай есесін жібермес еді,  ең болмағанда.
Freedomды қос қолдап қолдап отырмын)) Ойымыз бір жерден шықты
0 дауыс
Өте орынды сұрақ. Тек қана осы пәннің өзі көптеген мәселені шешер еді.
0 дауыс
Халық қаржылай сауатты болу керек, сол үшін  өз қаражатыңды басқару сабағын мектептерде міндетті түрде оқыту керек.
Одан біздің халық қаржылай қатты сауатты болып кетіп,  анау айтқандай бизнесті қырып жіберіп қарық болып, байып кетпесі ол айдан анық .  Осы жерде менің айтпағым: Біздің қиналып жүрген халық, өзге көршілес елдерге  ақшалай есесін жібермес еді ең болмағанда.  Соның өзі кішкентай болса да, өз еліңе қосқан экономикалық үлесің болар еді деп ойлаймын.  (Теңіз де тамшыдан құралған)
0 дауыс
Кийосаки айтқандай мектеп,ЖОО тек білікті мамандарды даярлап шығарушы,солай болып қала бергені жөн
Кийеке көкеміз жақсы айтыпты оқушыларға өте жағымды етіп. Оқушы да өспей ма екен?. Сол жағын ойлады ма екен Киекең?
0 дауыс
Ассалаумағалейкум. Әрине қаржы, сауда, ақшаны дұрыс жолға жұмсау туралы білім беру керек. Өйткені әр адам ертең Алланың алдында жұмсаған ақшасы үшін жауап беретінін ұмытпасын. Баюға болады, бизнесмен болуға болады, миллионер болуға болады, бірақ оны таза жолмен табу керек және дұрыс пайдаға асыру керек. Ақшаның қайдан келіп жатқанын түсіндіру керек оқушыларға. Экономиканы дамыту үшін де қаржы сауаттылығы керек. Пайыз, процент алу, банктердің құлы болу дұрыс емес. Еңбек етіп, ата-анаға қызмет жасау керектігін түсіндіру керек.
...