0 дауыс
360 көрілді
Серебрянск қаласы туралы не білесіз?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Серебрянск қаласы Үлбі жотасының оң жақ бетінде, Өскемен су қоймасының оң жақ жағалауында орналасқан. Су қоймасының оң жақ жағалауындағы саяжай алабының астындағы жердің шамалы бөлгі де қала жерлерінің құрамына кіреді. Қала шегіндегі жердің жалпы алаңы 2574 гектарды құрайды. Қала тұрғындарының саны 2013 жылдың 1 маусымында 9438  адамды құрады. Елді мекен Бұқтырма СЭС-сы құрылғанда гидроқұрылысшылар кенті ретінде пайда болды, қала статусын 1962 жылы алды. Қалада әр-түрлі меншік нысанды  59 шаруашылық субъектілер қызмет өтеді; оның ішінде өндірістік кәсіпорындардан – 2, көліктен – 4, орта және шағын бизнестен – 20. Қаланың негізін салушы кәсіпорын болып тыныс органдарын қорғайтын құралдар және халық тұтынатын тауарлар шығаратын “Серебрянск  бейорганикалық өндіріс зауыты” ЖШС-гі мен гидростанциясының қуаттылығы бойынша республикамыздағы екінші электростанция болып табылатын “Қазцинк” ЖШС Бұқтырма гидроэнергетикалық кешені болып отыр. Қаланың тіршілігін біріктірілген коммуналдық кәсіпорын  “БұқтырмаИнфраСервис” қамтамасыз етеді.  Өскемен - Зырян қалаларындағы темір жол тармағы ірі темір жол торабы болып табылады. Мұнда темір жол көлігінің үш кәсіпорыны бар.  Су кемелерінің Бұқтырма бөгетінен өтуін- Бұқтырма шлюзі су транспорт кәсіпорыны қамтамасыз өтеді. Қала жақын елді мекендермен, аудандармен, облыс орталықтарымен автобус қатынасы арқылы байланысады және “Восточное кольцо” автотрассасында жол бар. Орта және шағын бизнес кәсіпорындары азық – түлік, тігін бұйымдарын, құрлыс материалдарын дайындаумен айналысады. Қалада  жалпы білім беретін 3  мектеп бар, соның ішінде біреуі мемлекеттік тілде, технологиялық колледж және құрылыс колледжінің филиалы бар, барлық оқушылар саны 1305 адам. Сонымен қатар, қалада сана сезімінің дамуы артта қалаған жетім  балалар үшін облыстық түзеу жартылай орта мектеп – интернаты және девиантты мінез – құлықты балалар үшін облыстық арнаулы мектеп бар.  Денсаулық сақтау саласында 50 орындық «Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы» КМК жұмыс жасайды. Қалада 2013 жылдың 1-ші маусымына жасы  бойынша  зейнетке шыққан 1699 зейнеткер тұрады, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 50 орынды қарттар үйі – интернат бар, үйде –әлеуметтік көмек көрсету қызмет орны көмек көрсетеді.  Қала тұрғындары мен қонақтарына мәдениеттік қызмет қөрсетуді “Досуг” шығармашылық үйі, қалалық кітапхана жүзеге асырады, спорттық және музыка мектептері бар, балабақша қызмет етеді.  Серебрянскіде әртүрлі  86 дүкен, 5 кафе, 4  дәріхана, киім тігу және аяқ – киім жөндеу бойынша 6 ателье бар. Бұқтырма және Өскемен су қоймалары массаларының жақындығынан суық ауа ағымы болады, одан биік тау тізбектері қорғайды, бұл қаланың климатын бірталай жеңіл етеді және құнарлы тау қара топырғы жақын жердегі елді мекендерде өспейтін жеміс – жидек мәдениетін отырғызуға, өсіруге мүмкіндік туғызады.
...