0 дауыс
300 көрілді
APPLE-ДЫҢ ТӨРТ ҚҰБЫЛАСЫ

Соңғы WWDC 2016 (Apple компаниясының девелоперстерге өткізіп тұратын конференциясы) қарап, түйгенім, жақын арада біз тамаша өзгерістердің куәсі болғалы тұрмыз.
Біріншіден Apple нақты төрт бағытты бекітті, бұлар: watch OS, tvOS, macOS (ескі атауы OS X) және керемет жаңа iOS, бірінші үшеуін көпшілік біле бермесе, соңғысы бізге тікелей қатысы бар.

watchOS - спортпен белсенді шұғылданатын адамға таптырмас құрал. Шын айтсам, денсаулық бақылау-өлшеуіш гаджеттерінің ішінде Nike Fuel Band-ты ұнатушы едім, енді ол нарықтан кеткесін, Apple Watch-тан басқа сапалы әрі салмақты гаджетті көріп тұрғаным жоқ. Бәлки алдағыда менің де қолыма тиіп қалар.

tvOS - біздің өміріміз күннен күнге қосымшалар (приложение) рамкасына кіріп бара жатқаны, артық айтпағаным. Қазір тіпті телебезерден безген халық телехикаядан басқа ештеңе көрмейді, ал Apple tv олардың ұнататын адамның жұмағы десе де болады. Game of Thronesтың жаңа сериясын алғаш көрудің өзіне жететін ештеңе жоқ шығар және бір HD серияға 99 цент төлесең жұмақ болмай не. Тек бір "но"-сы, ағылшының кем дегенде орта деңгейден жоғары болуы керек. Тағы бір қызығы iPhone-ныңдағы барлық қосымшаларыңды сол Apple tv арқылы көре алуың, ойнай алуың. Керемет емес пе? Опшым, өздері айтатындай, қосымшалар (приложениелер) тв-ның болашағы дейді.

macOS - бұрынғы OS X (эск) атауы компаниямен бірге он жыл жүріпті. Жүріп-жүріп шаршағасын зейнетке шығарып, осы жазда барлық компютер жүйесі macOS деп аталатын болды. Ал Siri дауысты ассистенті тап-тар iPhone-нан енді компьютерлерге кіру рұқсатын алған екен. Әзірше қазақ тілінде сөйлемегенмен, орыс тілін меңгерген екен. Қазақтарға орыс тілі қиын болып па. Apple Pay жүйесі арқылы сауда жасау мүмкіндігі енді компьютерге де келді. Бұрын тек iPhone-да болатын.

iOS - ең басты жаңалықтар осында шығар. Негізінен жаңалықтың көбі, 65% десем, 3D Touch функциясымен байланысты. Ал ең қызықтары iMessage қосымшасының толыққанды мессенджерге айналуы. Бұрын тек хат алмасу мен сүгрет жібере алатын болсақ, осы жолы ол WhatsApp, Facebook Messanger және Дуровтың Telegram хат алмастыратын қосымшалардың нарығына құда түскелі отыр. Emoji, флаш стиккерлер, өлең жіберу, Digiral touch video (яғни саусағыңызбер сөз жазып, оны видеоға қыстыру мүмкіндігі), Bubble Effect (жазған хабарламаңызды қандай сезіммен жазғаныңызды білдіру) т.с.с титтей бірақ ыңғайлы заттары бар.

Notes (Заметки ма еді?) қосымшасы да өзгеріске ұшырады. Бұрын жазып, тек сіздің телефоныңызда қалатын болса, осы жолы жазған "заметкаларыңызды" өзіңіздің достарыңа, жұмыстастарыңызға, жобаластарыңызға аша аласыз, демек, бір уақытта бірнеше адам, бір заметкамен жұмыс істей алады. Оооо, бұл фунция маған Evernote-та болғанын еске салады :) Енді оларға шамалы ығысу кере болатын шығар. Apple News пен Apple Music қосымшалары мүлдем жаңа интерфейске ие болды. Керемет.

Жаңа затты білгесін бөлісейін деген оймен туған постымды қанша дегенмен толықтай бөлісу қиын, себебі 2 сағаттық шараны бір постыға енгізі мүмкін емес. Бұны не үшін қарағанымды айтайын, айналамызда болып жатырған барлық инновация, жаңа нарық девайстары, жаңа технологиялар көбіне осы компаниямен тығыз байланысты.

Apple дің осын өнімдерін қолданасыз ба?

2 жауап

0 дауыс
Кезінде қолданғанмын

қазір үйдегілер қолданады
Негізі жақсы өнім шығарады, бағасы тым қымбат демесек
0 дауыс
Хмм бұны жазған Ақбөпе өзіңіз бе деп бірнеше сұрақ қоймақ едім сөйтсем басқа адамның жазбасы екен ғой.Жазба авторы кім болсада Apple өнімдерінің "ярый фанаты" секілді. Ааа ия ұмытып барамын осы өнімдерді қолданасызба деген сұраққа жауап бере кетейін -Жоқ қолданбаймын.Біріншіден Apple болсын басқа компанияның болсын жаңа шығып жатқан гаджеттерін алуға қаражат жағынан шектеулер бар.Екіншіден қаражат болғанның өзінде де Аррle-ден ештеңе алғым келмес еді.Бағасы негізсіз жоғары.Сапалы тауардың арзан бола алатынын қытайлықтар(басқасын демей ақ қойяын электрондық тауарлар жағынан) соңғы кезде дәлелдеп жүр.
...