0 дауыс
438 көрілді
Павлодар облысының шарушылығының мамандануы сұраққа географиядан жауап керек?

1 жауап

0 дауыс

Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста негізгі өндірілетін дақыл – бидай болып табылады, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егіс алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі. Бұдан басқа, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.[4]

Павлодар облысы аумағында ауылшаруашылық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығымен тең дәрежеде байқалады. Облыстың өсімдік шаруашылығы —2 түрде, бұл дәнді дақылдар, азықтық дақылдар мен көкөністі, сонымен қатар картофель, күнбағыс, рапс және зығырды өсіру. Басым ауылшаруашылық дақылдар: жаздық бидай, күздік қара бидай, қарақұмық, тары, арпа, сұлы,майлы, картофель, көкөніс және бақша, азықтық, көп жылдық бұршақты шөптер, жабық топырақты көкөністер болып табылады. Облыста мал шаруашылығы салалары, ет-сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығы, сонымен қатар балық шаруашылығы мен орман шаруашылығы жеткілікті түрде дамыған.Облыста балық шаруашылығы мен балық аулау үшін балық шаруашылық су қоры мен жағымды жағдайлар жасаоынған. Суаттардан жыл сайынғы балық аулау 120 тоннаны, Қ. Сәтбаев атындағы су қоймасынан— 90 тоннаны құрайды. Жергілікті 268 суаттар бар,178 табиғатты пайдаланушылармен, 90 — резервті қормен бекітілген. Павлодар облысы қауіпті егін шаруашылығы аймағында орналасқан, мында ауылшаруашылықтың дамуына арналған негізгі лимиттеуші жағдай сумен қамтамасыз ету тапшылығы болып табылады. Қолмен суарылмаған жағдайда өсірілген дақылдар су тапшылығын тартуда, картофель өндіру қиынға соғады, ал көкөніс өсіру тіптен мүмкін емес.

Павлодар облысы астық өндіруге, ет-сүт бағытындағы ірі қара, ет-жүн бағытындағы қой, жылқы, шошқа, құс өсіруге маманданған. 2002 ж. барлық а. ш-на пайдаланылған жердің Аумағы 2,67 млн га болды. Ауыл шаруашылығымен 3050 фермер айналысады. Олар 2002 ж. 2673 мың т. астық, 745,7 мың т. ет өндірді. 2002 ж. облыста 242,9 мың бас ірі қара, 185,7 мың бас қой мен ешкі, 48,3 мың бас шошқа, 48,1 мың бас жылқы, 624,1 мың бас үй құсы болды.

Павладар темір жол вокзалының ескі орны

Ауылшаруашылық өнімдерін қолмен суармай қайта өндеу бойынша басым жағдайды Павлодар қ. алып отыр, мында ірі қайта өндеу кәсіпорындары орналасқан: «РубиКОМ» ЖШС, «Золотой теленок» ЖШС, «ПХБК» ЖШС, «Сут» АҚ, «Павлодармолоко» АҚ, «КЭММИ» АҚ және басқалар. Облыс бойынша шұжық өнімдерін өндіру бойынша Павлодар қаласының үлестік салмағы 88,6%, сүт −84 %,ұн — 95%, макаронды өнімдер— 96%.


https://kk.wikipedia.org/

...