Неге екенін білмедім бірақ мен ақшаға қызықпаймын. Барлық пәле-жала осы ақшадан. Иә, қазіргі көпшілік өз өмірін ақшасыз елестете алмайды. Мен үшін ақша адамға қызмет етуге арналған және де ақша мен үшін құнсыз, бірақ қазірігі көпшілік ақшаға қызмет етуде. Адамдар осыншалық ақшадан не тапты екен Құдайындай сиынатын... Жерін сатқан ештеңе емес, арын, иманын, тілін, ділін, жанын осы ақшаға сататындар бар. Ақша туралы айтар датым көп, сөзбен айтып жеткізе алмаспын