+2 дауыс
10.9k көрілді

Осы біреулер агентте немесе басқа да желілерде id деп, сосын жанына бір сандар жазып қояды. мысалы id 217325581.Осы не нәрсе?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін. Казіргі кезде Қазақстанда 16 миллион адам бар болса олардың барлығы мемлекеттік тіркеуде тұрады. Олардың тізімін Деректер Қоры деген арнайы таблицада сақтайды. 

id                               Аты                         Фамилиясы                 Жасы                т.б. өрістер кете береді

1                               Ербол                      Серікбай                      23                       т.б. ақпарттар

2                               Қатира                     Пәленшеқызы               18                     т.б. өріс ақпарат

 

Яғни бұл жерде id=1   Ерболға қатысты ақпараттарды Деректер көзінен шығарып алу үшін қолданылады. id бұл жерде уникалды болады, яғни қайталанбайды. 16 миллион адамның ішінен сені шатастырып алмас үшін айди уникалды болғандықтан сені тез тауып алу үшін қолданылады. Ал Вконтакте әлеуметтік желісінде сенің ол уникалды айдиің болады. Сол арқылы сен туралы ақпаратты миллиондаған тіркелген қолданушылар арасынан тез тауып алу үшін осындай жүие қолданады. Информатика сабағында Деректер қоры База данных деген ақпаратты оқысаң тез түсінетін боласың. Тіпті осы СЖ- сайтының деректер қоры да арнайы id арқылы деректер қорында сақталады. id мейлінше сан болғаны дұрыс, және қайталанбайтын. Мысалы Сайтта 10 Ербол болуы мүмкін. Сен Ербол1, сен Ербол2 бол дей алмайсын. Ал ажырату үшін id= сан болғаны дұрыс.  Тіпті сұрақтар таблицасы да арнайы айдимен толтырылынып отырады.

Мектепте Информатика сабағында MicrosoftAcssess сабағын оқитын болсаң осы Деректер қорының негізгі жүиесін түсіндіретін болады. Сондықтан мектепте сабақты жақсылап оқы :) мына СЖ-ның деректер қорына қарайтын болсаң id санмен номер номермен кетіп бара жатқанын көресің.

ол id дегеннің қасына сандарды өзің де жазуыңа бола ма?
Деректер қоры болғандықтан кейін әрине өзгертулер енгізе беруге болады. Update Insert атты деректер қорымен жұмыс істеуге арналған командара арқылы енгізе бересің.
Ал негізі алғашқыда сандар автоматты түрде енгізіліп кетеді. Оған жауап беретін auto-increment атты команда бар. Сен ID өрісін енгізгенде сол ID-ді auto-increment ретінде көрсетесің. Сосын ол автоматты тіркелгенде жаңа өріске кезекпен сан беріп кете береді. Осы  түсіндіру ұзақтау, қарапайым адамға алғаш түсіну қиын. Ең тиімдісі Деректер қоры атты немесе База данных для начинаюших атты кітап тауып алып содағ оқыған дұрыс. :) Сәттілік
түсінікті Админ мырза рахмет сізге көп-көп!!!
+2 дауыс
вконтакте желісіндегі адресі. мысалы: vk.com/id217325581  . логины деп алайын түсінікті болуы үшін
+2 дауыс
id(айди)-бұл в контакте желісіндегі адресіңіз,яғни арнайы кіруге арналған!Егер атыңызды қойғыңыз келсе айди болмайды.Мысалы менікі vk.com/ais1997
+2 дауыс
Жалпы, id (ағ. identification сөзі) ақпараттық технологияда, белгілі бір объектіге меншіктелетін таңба. Ол сан күйінде, текст күйінде немесе сан мен текст аралас күйінде кездеседі. Оған вконтактедегі id немесе сұрақ-жауапқа кіргенде қолданатын логинді жатқыза аламыз. сонымен қатар, бұл id штрих-код, банктік тіркеу есебі, белгілі бір мекеменің тауар, адам, объектісіне меншіктелетін мәнін id дей аламыз. Халықаралық стандартта, Қазақстан Республикасының id-і: kz, Air Astana өзінің ұшақ бағытында, мысалы Астана қаласына TSE (Целиноград атауы үшін) id-ін берген. Сіздің жеке құжатыңызда ИИН бар, бұл да id-ге аналог ақпарат. Әр id-ге қатысты, оның қасиетіне қарай, ортақ стандарт бойынша id берген орталықта өз қажеттілігіне сай ақпарат болады.
барлығыңызға көп рахмет!!!
...