0 дауыс
2.0k көрілді
2017 қарғыс атқан жыл болады-ау дим. Болжағыштар мен көріпкелдер толып кеттіғо, адамның миын су қылып (өзі су болып жатқан) жүректі шайлықтырып, айтыңдаршы тым болмаса неге, қалай дайындалуға болады???

3 жауап

0 дауыс
Әр адам әр қалай айтады. Биыл мен де ҰБТ тапсырдым, жыл басында ҰБТ болмайды, екі қосымша пән таңдайды деп бізді біраз қиналдырған болатын. Бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ. 2017 жыл да өзгеріс бола қоймасы анық, тек онлайн тапсыру деген шықпаса ҰБТ форматы өзгермейді.

Ал дайындыққа келсек, мен өз басым 11 сыныпқа келгенде дайындалдым. Ең қиналған пәнім Қазақстан тарихы болды, басқа пәндерден бестікті жиі ұстап тұрдым. Математикадан формула жаттама деп айта алмаймын, бастысы есеп шығарып үйренуің керек. Қазақ тіл, орыс тілдерден ереже білсең төрттікті, бестікті ұстауыңа болады, сондықтан ереже қайтала. Қазақстан тарихынан тест орындап жаттығуың керексің, сонымен қатар оқиғалардың шамамен өту ретін білуің керексің (тестке мен жаттаған сұрақтың оншақтысы келді).
0 дауыс
2017 Ұлттық Біріңғай Тестілеуден бас тартылады. Бірақ мектептен емтихан тапсыра отырып, ҰБт деген атпен университетке тест тапсырылады деп жатыр министрдің орынбасарлары. Бірақ оның өзін екі кезеңге бөлуі мүмкін. Оны келесі жылы немесе осы жылдың қыркүйек айында айтуы мүмкін. Емтихан және тест тапсырылуы мүмкін. Бірақ келесі жылы өте қиындап кетуі де, жеңіл түсіп кетулеріңіз де мүмкін. Әзірге нақты заң ҰБТ болмайды. Қалғандары белгісіз.
0 дауыс
ӨЙ, неқыласың не болатынын, әйтеуір дайындала берсейші. 5+ тің дискісімен дайындал, көп сұрақтар соннан келеді. сайтына кіріп тартып алсаң болады. или телефондарына хабарлас сол жердегі.
...