0 дауыс
512 көрілді
"Мәңгілік студент" (Вечный студент) синдромын естіппе едіңіз. Мен дәл сол дертке душар болған жанмын.

Бала күнімнен дәрігер болуды армандадым. Бірақ өмір жолым басқаша болып, техникалық салаға бет бұруға мәжбүр болдым. Бакалаврды тәмамдаған соң, алған біліміме көңілім толмады. Шет елге ЖОО-на мамандығым  бойынша магистратураға оқуға түскен жайым бар. Бұйырса, осы маусым аяғында ол оқу да осымен бітеді. Білмеймін, неге екенін әліде білімге деген көңілім толар емес. Доктарантураға түсуді де ойладым. Тіпті басқа салағада. Мамандығым құдды өзіме сай еместей.

Бірақ соңғы кезде, сол ақыры орындалмаған балалық арманым жанымды жегідей жеп жүр. Қысқасы дәрігер болғым келеді деп шештім. Жасым болса 22-ге келді. Егер қазір оқуға түсіп кетсем шамамен 30 жасымда оқу бітіреді екенмін. Оғанда келістік. Студент болыпта отбасын құрармын. Қалай ойлайсыздар өмірімнің тағы 7 жылын оқуға сарп еткізуге тұрарлық па? 22 жастан кейін медицинаға барған дұрыс па?...

Студенттің стипендиясы белгілі ештеңеге жетпейді. Сондықтан маған оқу мен қатар жұмысты да қатар алып жүруім керек болады. Әзірге мамандығым бойынша жұмыс істесем деймін. Түнгі ауысымда істеуімде мүмкін. Араларыңызда "Жалпы медицина" мамандығының студенттері болса, жауап берсеңіздер;

САБАҚ КЕСТЕСІ СІЗДЕРДЕ ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛАДЫ?

Қаншалықты бос уақыттарыңыз бар?

Оқу ауысымы қалай? Таңертең? Кешке дегендей?

Жалпы оқу мен жұмысты қатар алып жүруіме мүмкіндік бар ма?

СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ студенттері болса тіпті жақсы.
Менде қазірден бастап осы синдромға шалдыққан сияқтымын... Таңдаған пәнім физика болғанымен, бала кезімнен дәрігер болуды(қазірге шейін) армандаймын.
Оқуыңызға сәттілік тілеймін.
Рахмет! Нешінші курстасыз? Әлі де кеш емес! Сізде жазда кешенді тестілеуге қатысып көріңіз. Ең бастысы ұққаным өз жолыңды таба білген екен. Ештеңені күштеп жақсы көру мүмкін емес. Мен оны кеш түсіндім. Бірақ, түзеуге әліде үлгереді екенмін.  Сондықтан сізгеде байқап көруге болады. Сізгеде сәттілік тілеймін.
Енді оқуға түскелі жатырмын.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...