Бизнес туралы | 55 қаралды
55 қаралды
2000-жылдардың басында Гарвард университетінің профессоры Йохай Бенклер алғашқылардың бірі болып жаңа экономикалық құрылыстың негізі принциптерін айқындап берген болатын. 2006 жылы жарық көрген “Желілер байлығы: қалайша әлеуметтік өндіріс нарықтар мен еркіндікті трансформациялайды” деген еңбегінде профессор Бенклер ақпараттық технологиялардың көмегімен адамдар өзара әріптестіктің жаңа үлгісіне көшетінін және бұл әріптестік экономика мен қоғамды өзгерте алатын әлеуеті бар екендігін болжаған. Уақыт өткен сайын ғалымның айтқан болжамдары шындыққа айналып келеді. Жаңа экономикалық құрылыстың көріністерін батыс елдерінен айқын көруге болады. Ғылыми орта жаңа экономикалық құрылысты ағылшынша Gig Economy немесе Sharing Economy деп атап жүр. Орысша “совместное потребление”, ал қазақша “ортақтасып пайдалану” деуге болатын шығар. Ортақтасып пайдалануға негізделген экономика ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы АҚШ экономикасының 40 пайызын құрайтын болады. Жаңа экономикалық құрылыстың ең жарқын өкілі Uber компаниясы бүгін, міне, Қазақстанда да өз қызметін бастады. Смартфонның көмегімен такси қызметін ұсынатын бұл компания әлем бойынша кең қанат жайып келеді. Өткен жылдың желтоқсанында Uber компаниясының құны 68 миллард деп бағаланды. 100 жылдық тарихы бар General Motors пен Ford компанияларының құнынан асып түсу үшін Uber компаниясына небәрі 6-ақ жыл қажет болды. Ең ғажайыбы, Uber компаниясының меншігінде бірде-бір көлік жоқ. Әрине, бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы мүлде жаңа қарым-қатынас болғандықтан көптеген түсініспеушіліктер туындайды.

Нұрбек Матжани

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Онға бірді қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
118,378 сұрақ
305,260 жауап
153,296 пікір
67,626 қолданушы