0 дауыс
5.1k көрілді

Сәлеметсиздерме

Менің салмағым 52 кг .Жасым 12 де.Салмақ тастағым келеді бірақ нестерімді білмеймін. Фигурам жаман-ақ. Алды -артым шығып жатыр. Денемнің көбісі май.

Анам да әкем де арық адамдар. Тұқымқуалаушылық емес.Көмектесіңіздерші.

 

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1. Күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасаңыз. Бұл сізге форма сақтауыңызға көмектеседі.

2. Тек қана таңертегілік жатығумен шектеліп қоймай, бос уақытыңда үй шаруасын жасап, гимнастикалық жаттығулар, таза ауаға серуендеп қайтыңыз. Бұл денеңіздегі жиналған майды энергия ретінде шығындап, тамақтың сіңісуіне көмектеседі.

3. Белгілі бір мезгілде тамақтаныңыз,басқа уақыттарда тамақтан бастартыңыз. Жатар алдында тамақ жемеуіңіз керек(кем дегенде 3 сағат). Бұл артық тамақтанудың алдын алып, организмнің белгілі бір ретпен жұмыс жасауына көмектеседі.

4. Дұрыс тамақтармен тамақтаныңыз. Фаст-фуд, сухари, чипсы, газдалған сусындар және тағыда басқа зиянды тағамдардан бас тарқаныңыз абзал. Дәл осы зиянды тағамдар тағамдар майдың жиналуына септігін тигізеді.

5. Спортпен шұғылданыңыз. Мейлі үйде болсын, мейлі арнайы үйірмеде болсын. Жүзу, жеңіл атлетикамен айналысуды ұсынамын.

6. Өзіңізге қатал болмаңыз. Толық болғаныңыз үшін өзіңізді жазғырудың қажеті жоқ және де басқа адамдар келеке еткені қынжылмаңыз, әйтпесе психологиялық жарақат алуыңыз мүмкін. Өзіңізге сеніңіз.

7. Тамақтан бас тарпаңыз. Кейбір адамдар арықтау мақсатында таммақтан мүлдем бас тартады. Бүл дұрыс емес. Күнделікті рационмен тамақ жеңіз, өзіңізге ұнайтын тағамдарды жеңіз(4 пункті естен шығармаңыз).

8. Диетаны ұстама деп айта алмаймын. Бірақ кейбір диеталарды ұстауға болмайды. Сіздің жасыңызға қарап диета ұстауға кеңес бермеймін.

9. Арықтатын дәрі қолданбаңыз. Денсаулығыңызға зиян.
0 дауыс
Сәлеметсіз бе.Арықтаудыңбірден-бір жолы таңертеңгілік жаттығу,уақтында тамақтану.Әр мезгілде тамақтануға болмайды.Майлы тамақтар көп жемеңіз.Диета,арықтататын дәрілерге сенбеңіз.
Тамақты аз ішпей ақ арықтауға болады. Күнделікті артық та, кем де емес орташа рационмен тамақ жеу керек. Аз тамақ ішу денсаулыққа зиян!
Көп тамақ ішу өте зиян.
Иә,ол белгілі нәрсе емес пе
Бәрі қалтаға байланысты,  табысы көптердің бәрі толық,  табысы жоқ, яғни ақшасы жоқ адамдардың бәрі өте жүдеу болады.  Яғни бұл жерде де адамның семіз - арық болуы   тікелей  тамаққа  ғана байланысты болып тұр,  соны азайту керек болды. Бұдан артық қандай дәлел керек.
Бұл пікірің өте дұрыс деп айта алмаймын.
мен не дегенмен тамақты аз жеймін.
Жақсы!   Күніге Таңертең ерте тұрып 3-4 КМ жүгіріп келіп жүр, супер қыз боласың!
0 дауыс
Мен өзім таңертең ештеңе жемей, түсте суға қайнатылған күріш (тұзсыз) және 1 жұмыртқа жеп, кешке сорпа немесе буға піскен тамақтар (манты, духовкаға піскен) тамақтар жеп, және таңертең-кешке жаттығулар жасап 5 кг арықтадым.
Күріш орннына гречка жеуге болама?
Болады, гречканы түнде суға бұқтырып қойып, ертесіне жесе болады.
Гречка жақсы салмақ қосады.
гречка салмақ қосады дейсіз бе ?
ОЛ жеңіл тамақ емес пе еді.
Оны әскерде жүрген  жігіттерге көп жегізеді салмақ қосып, тез өссін деп.
0 дауыс

күнделікті спортпен айналысу керек таң ертең 1 стакан су ішу керек менде кішкентай кезімде топ-томпақ едім сеп семіз қазір арықпын тамақ іш бірақ азіш сәттілік мен сені қолдайм.

0 дауыс
Меніңде жасым 12 де салмағым 41 кила! Қалай арықтарымды өзімде білмей жүрмін! Мысалы: плай маркетте арықтау туралы приложениялар бар мумкін соларды жүктеп жаттығу жасап көрерсіз! Азанда тұрғанда бір стакан қайнаған су ішсеңіз деп ойлайм
...