0 дауыс
7.3k көрілді
Сәлеметсіздер ме?! Мен негізі оқуды былтыр бітірген едім. Белгілі себептермен оқуға тапсыра алмай қалған болатынмын ЖОО - ға. Енді биыл Алла сәтін салса журналистика мамандығына оқуға тапсырсам деген ойым бар. Өздеріңізге белгілі Журналистикаға түсу үшін шығармашылық және кешенді тестілеуден өтетіні. Ендігі менің білгім келетіні кешенді тестілеуде тек қана Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәнінің баллдары ғана есептеледі ме?! Әлде, төрт пәннің де баллы қажет пе?

Алдын -ала  Рахмет...

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Иа, қазақ тілі мен қазақстан тарихының балдары есептеледі. Қосымша мына Дана Қанатқызының мына кеңестерін оқып алғаныңыз жөн.

Журфакқа түскің келе ме?

Адам жар таңдауда және мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мен журналистика мамандығын таңдадым. Ал бұл мамандықтың басқа мамандықтардан ерекшелігі неде, маңызы қандай? Талапкер атанған сәтімде осы сауалдар мені жиі мазалайтын. Журналистика факультетінде оқитын аға-әпкелерімнен мән-жайды сұрап, талай мазасын алғаным да есімде. Алланың қалауымен  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетіне грантқа түсіп, биыл екінші курсында оқып жүрмін. Мектеп бітірген жас түлектердің қатарында журфакқа түскісі келетіндердің қарасы көп. Алайда, шығармашылық мамандықтың қыр-сырын көпшілігі біле бермейді.  Таныстарым, тіпті, таныс емес түлектер де әлеуметтік желі арқылы, телефон арқылы ақыл-кеңес сұрайтын болды. Талапкерлерге және болашақ түлектерге арналған бірнеше кеңесті назарларыңа ұсынсам деп отырмын.

Журналистика факультетіне құжат тапсыру басқа мамандықтардан бұрын болады. Білместікпен кешігіп келген талай талапкер шығармашылық емтихандарға кіре алмай, кері қайтатын жағдай жыл сайын кездеседі. Сондықтан, ескере кететін жағдай, шығармашылық мамандықтарға құжат қабылдау  20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізіледі. Ал 2-7 шілде аралығында шығармашылық емтихандар өтеді. 1 шілдеге дейін құжаттарын тапсырмаған талапкерлер шығармашылық емтихандарға жіберілмейді. Демек, журналист боламын десең, ең біріншіден ерте қимылдауың керек. Шығармашылық емтихандарға кірерден бұрын ұстаздар арнайы дайындық дәрістерін өткізеді, солардан қалып қоймауға тырысқан жөн.

Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі – «журналист болу үшін қандай пәнді таңдаған дұрыс?» Журналистика факультетінде таңдау пәнінің еш маңызы жоқ. Тек қазақ тілі мен қазақстан тарихы пәндерінен жинаған ұпайларың ғана есепке алынады. Аталған екі пән бойынша максималды көрсеткіш 50 ұпайды құраса, әр шығармашылық емтиханда 25 ұпай жинауға мүмкіндік бар. Демек, екі шығармашылық емтиханда 50 ұпай жинай аласыз. Талапкерлер 100 баллдық жүйе бойынша мемлекеттік гранттар байқауына жіберіледі. Ал  ұпайыңыз 70-тен асса, ақылы бөлімге тапсыра аласыз.

 Шығармашылық емтихандар қалай өтеді? Алғашқы шығармашылық емтиханда бекітілген тақырыптар аясында шығарма жазасыңдар. Шығарма тақырыптары дәл емтихан күні белгілі болады. Шығарманы бағалаудағы жоғарғы көрсеткіш 25 ұпай екенін жоғарыда айтып өттім. Ал екінші емтиханда талапкерлер жеке-жеке қабылдауда болып, билет алып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар талапкердің дүниетанымын, сөйлеу шеберлігін, қоғамдағы мәселелерге көзқарасын білу мақсатында құрылады. Екінші шығармашылық емтиханда газет-журналдарға жазған мақалаларың мен қол жеткізген жетістіктерің де бағаланады. Сондықтан, мақалаларыңды осы емтиханға жинақтап әкелгенің жөн болады.

Ескерте кетейін, журналистика – тәуекелді қажет ететін жанкешті мамандық. Себебі, журналистика факультетіне құжат тапсыруға бел бусаң, басқа талапкерлер секілді төрт мамандыққа тапсыра алмайсың. Мемлекеттік грант байқауына қатысу үшін тек бір ғана, журналистика мамандығын таңдай аласың. Алайда, абай болыңыз, ЕСКЕРТЕМІН! Биылғы жылы ешбір жеңілдіксіз тұлғалар тек 100 және 99 ұпаймен мемлекеттік білім грантына ие болды. Ал ауылдық квотасы барлар үшін ең төменгі балл 96-ны құрады. Сондықтан, егер өз-өзіңе сенімді болмасаң, шығармашылық емтихандардан төмен ұпай жинап қалсаң, дереу құжаттарыңды алып, басқа мамандықтарда бақ сынап көруіңе әбден болады. Бірақ, бұдан кейін журналистика жолы қайта ашылмайды

 Журналист боламын дейтін жас талапкерлерге қажетті біраз ақпарат бере алдым деген ойдамын. Егер сен шығармашыл, тың идеяларға толы болсаң, ақпаратты жедел жеткізе алсаң, қаламың қарымды, ойың ұшқыр болса, бізге, журфакқа кел!
0 дауыс
Шығармашылық емтихан жауаптары барма .журналистика мамандығы
...