0 дауыс
2.8k көрілді
Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сапарғали Бегалин деген кім? Сапарғали Бегалин өмірбаянын жазу.

1 жауап

0 дауыс
Сапарғали Ысқақұлы Бегалин(1895 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылы-1983) Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы,Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.
...