1.Тазалық дәрежесі 75% болатын 64г техникалық темір дисульфидін ауада өртегенде түзілген газ тәріздес өнімнің (қ.ж) кқлемін есепте.
2.Мына тотығу-тотықсыздану реакциясына коэффициенттер қойып,
KMnO4+HCl=KCl+MnCl2+Cl2+H2O
10 моль калий перманганытынан алынатын хлордың зат мөлшерін есепте.
3.Мырыш пен мыстың 10г қоспасындағы мыстың массалық үлесі 39% болса,қоспа мен тұз қышқылы әрекеттескенде (қ.ж) сутектің көлемін есептеңіз.
4.Формулалары мынандай:ZnCl2;CaSO4;Fe(NO3)2 тұздардың қайсысы гидролизденеді?Мүмкін болатын гидролиз теңдеуін жазып,берілген ерітіндінің қышқыл не сілті болатынын көрсет.
5.Құрамында 98% көміртегі бар,10кг коксты жағуға қажетті (қ.ж) ауаның көлемін есепте.
6. 39г кальций фторидінің балқымасын электролиздегенде шығымы 80% болатын фтордың массасын есепте.
7. 340кг аммиактан алуға болатын массалық үлесі 60% -тік азот қышқылының ерітіндісінің массасын есепте.
8.Құрамында 90% FeS2 пириті бар, күкіртті колчеданынан көлемі 0,7м (қ.ж) күкірт (IV)оксиді алынды, реакция өнімінің шығымы 80 % болса,темір колчеданының массасын есепте.
9.Құрамында 95% алюминий оксиді бар 1т глиноземнан 0,426т алюминий алынды.Шығымын анықта.
10.100г ізбес тасты күйдіргенде 33г көміртегі(IV) оксиді түзілді.Берілген үлгідегі кальций карбонатының массалық үлесін есепте.