+1 дауыс
739 көрілді

Қайырлы күн Қазақ елі! Бүгінгі күнде халық арасына іріткі салып, оларды бір-біріне және билікке қарсы қою саясаты жүргізіліп жатқаны соншалық, кейбір әлеуметтік желідегі топтарда күні-түні халықтың ашуын туғызып, отқа май құйып отырған кейбір "сатқын" адамдардың іс әрекеті айқын байқалады. Осыған орай менің сіздерге айтқым келгені, кім-көрінгеннің сандырағын тыңдай бермей, кішкене өз ой елегіңізден өткізіп көріңіз. Бұның бәрі кімге керек? Неге керек? Иә, қазаққа керек сияқты көрінеді сырт көзге, жерін қорғау мақсатында. Бірақ, митингке шықтық делік, біздің арамызға еніп алған провокаторлар полициямен қақтығысып кетсеше?! Қалғанын айтпасада түсінікті, Ливия, Ирак, Сирия, Украина т.б. елдерге қарасаңыз жетіп жатыр. Осыны айтқан кезде кейбіреулер: "Саған сонда жеріңді сатсада бәрібір ма?" деп, сұрақты тарс етіп қояды. Иә, жер мағанда қымбат, керек десеңіз ол үшін өлугеде даярмын. БІРАҚ, митингте емес. Митинг ол жәй ғана алаңға жиналып, айғайлап-шулап кетуден басқа емес. Дұрыс, иә, Желтоқсан кезінде де біраз проблеманы шешкенбіз митинг пен қан арқылы. Ал бірақ, тап қазіргі заманда ол сценарий халыққа ыдырап жоқ болып, босқын болып, көшіп кетуден басқа ештеңе әкелмесі анық. Өйткені осындай адамдардың ашуға булығып, алаңға шығып митинг ұйымдастырғандардың арасына өзге елден келген, не болмаса, өз ішіміздегі ақшаға көміліп қалған сатқын еніп алып, полицейлермен халықты араздастыра түседі. Осы кезде полицейлер оларға емес, АСПАНҒА оқ атады, оны бізге оқ атты деп түсініп, халыққа оларға жабыса түседі. Міне, осы кезде бір-бірін қырып жатқанда провокаторлар екі жаққада бірнеше оқ атады да алаңнан тайып тұрады. Енді осы кімге керек? Адамдарды рухани дайындап, олардың ұлттық құндылықтарын біле отыра осы осал тұстарынан қатты басып, алаңға итеріп шығар үшінші бір күш керек болады. Егер байқасаңыз, Атыраудағы митинг аяқталмай жатып, сол күні-ақ билік туралы неше түрлі сынды видеолармен суреттер Қазнетте жаулап алды. Бүткіл ел дүрлігіп, үрей отына бой алдырды. Ойланып қарасаңыз, осыншама видеолармен әртүрлі посттар, суреттер аяқ астынан қалайша әп сәтте толықсып шыға келді?! Темірді қызғанда бас демеші, митингке шығып, ашынып келген адамдарың ашуын одан сайын арттыра түсті. Әрі оларды жұбату үшін, одан қалды өздерінің бетпердесі көрініп қалмас үшін тек қана митинг туралы емес, басқада халықты "жұбатарлық" посттар жарық көріп жатты. Ең сорақысы, ұлттың ішінде белең алған әртүрлі аңызбен мифке айналған оқтғаларды естеріне салып, одан әрі ауырған жерді қоздыра түсті. Нақтырақ айтсам, қазіргі ластанған қоғамдағы, жыныстық қатынаспен өтірік, адам өлтіру мен ұрлық сынды тақырыпты қозғап, отқа май құйып отырды.

Осының бәрін мен Вконтакте желісіндегі: "Қатты тисе де, ащы шындық" деген арандатушы топтан байқадым. Шұбырып шұбатылған сөздеріме дәлел ретінде бір ғана постты мысал етейін, қарап ойланыңыздар:


Қатты тисе де, ащы шындық... ©
Еркектің еркектігін ерлігінен емес,тірлігінен байқа
Әйелдің әдемілігін түрінен емес,жүрісінен байқа.

(с) Ерсейіт Құралов

Мінекей, өздеріңңіз күә боғандай, постта "Жігіттің жігіт екенін ісімен дәлелдесін" дейді. Ал қолында болса, пулемет тұр. Бұл ненің белгісі? Кімді атсын деп тұр бізге бұл посттың авторы? Елімізде соғыс жоқ, Алла сақтасын, жауды қыратындай? Онда пулемет неге керек? Міне, провокаторлар!!! Әрі анау қыздың тұрқына қараңыз, жартылай жалаңаш тұр. Қыздық қыз екенін жүрісінен білесіз дейді, сондай қазағымның етегін жауып, арын сақтап жүрген қыздары (әрине бәрі емес) көрінген еркектің астында жатуы керекпе осы суреттегідей? 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы топты жабуға бар күшімізді салсақ екен! Еліміз аман, жұртымыз ьыныш болсын!  Админ және модераторлар, елдегі жағдайға байланысты осы сұрақты өшірмесеңіз екен! Бірі көріп, екіншісіне осы топты жабу туралы ақпарат берсе, БІРЕУ БОЛСАДА провокатордың аузын жапқан боламыз!!!

Сұрақтың жабылу себебі: ол топты жапқанша, сенің сұрағыңды жабайық!

3 жауап

+2 дауыс
Арандатушы екеніне тағы да басқа дәлелдерің барма? бұл топ сонда не бір жазба үшін арандатушы болып қалама әлде? Көзіңді аш көке! ешқандай арандатушылықтың жұрнағыда жоқ!
Көзім баяғыдан ашық. Провокацияға құнықпаңдар. Дәлелін ішіне кірсең, посттарды қрап шық.
+1 дауыс
Арандатушы билік,халыққа сен сияқтыларды қарсы қойған.Жерім демесек қытайларға құл боласың неге ұқпайсың билік қанша алдап халыққа қарсы қойып арандатса да көзің ашылмады.Басқа елдерге инвесторлар жұмысшы болып келсе біздің елге инвесторлар қожайын болып келеді өзіміз жұмыс таба алмай,тапқан жұмысымыздың жұмысы көп айдығы аз,біз бұлдірсек штраф,жала жабу.Казақстанның халық санынан байлығы көп.Сауд арабиясының басшылары халықты жемесе де шейх,халықы жұмыс жасамаса да бізден бай,халық пен басшы бейбіт.Міне осы бұлік іс жүзінде орындалып жатыр,биліктікі сияқты құр сөз емес арандататын.Рас бұның арты үлкен соғысқа айналуы мүмкін дер кезінде тоқтатпасақ,билік тоқтай ма сен сияқтылар халыққа қарсы оқталып тұрса немесе халық жеңілсе құл боласыңдар!
Халықты митингке итермелейтин топ шынымен арандатушылар! Митингке шыгып опа табамыз деп ойлайсыздар ма?! Қателесесіздер!  СИРИЯдагы жағдайды көріп отырсыздар, УКРАИНА 2-ге бқлініп кетті, халықтың берекесі қашты, бірлігі бұзылды! Соның бәрін көріп отырып митинг туралы ауыз ашуға да дәтіміз шадамауы керек! Оқыған азаматтармыз бәріміз, козіміз ашық, көкірегіміз ояу! Біздің мүддемізді қорғайтын заң бар, Конституция бар! Елімізге, жерімізге жандарыңыз ашыса, құр айқайга салғанша заңға  жүгініңздер! Бәріміздің жанымыз ашиды, жеріміз сатылмасын деп, бірлігіміз бұзылмасын деп тун ұйқымыз төрт бөлінеді. Бірақ бұл қан төгіп, соғыспен шешілетін дүние емес, ойланыңыздар!
Рас арандатушылар бар,ол билік болуы да мүмкін.Заң бойынша халықты тонаған басшылар сотталуы керек,алайда олар халықты қамауда(көрсету үшін кіші басшылар жазаланады үлкендері қалған соң сол бүлік тағы жалғасады).Митинг пайда бермесе заң пайда бермесе не істеуге болады,қарап отырсаң жерден айырылу қауіпі бар,басшыға сене алмаймыз талай алдаған халықты.Митинг болса соғыс болып кету қауіпі бар,халықты осындай дәрежеге түсірген билік халыққа жала жауып ызаландыруда!
0 дауыс
"Қыздық қыз екенін жүрісінен білесіз дейді, сондай қазағымның етегін жауып, арын сақтап жүрген қыздары (әрине бәрі емес) көрінген еркектің астында жатуы керекпе осы суреттегідей? "  дегенің  дұрыс  ақ екен.  Бірақ менің  өз  ойым: қара қытай  қаптаса  түбіңе  жетпей  қоймайды. Халықтың  үні  шықпаса, билік  те  білгенін  істеп бағады.
...