0 дауыс
Мектеп түлектеріне арналған 1-сынып оқушыларына айтатын өлең жылдарындағы тілектер керек болып тұр.
19.05.2016 4.6k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Артта қалып балғын шағы - ертегі,
дәл бүгіннен басталады ертеңі.
Алып шығар ашық, терең теңізге
Арман атты ақ кеменің желкені.

Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны
Мәртебесін көтеретін биікке
Жас түлектер - тәуелсіз ел қыраны!

Асқан сайын өмір-жолдың өткелін,
Жастық шағың - сағындырар көктемің.
Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай
Алыстағы алтын ұя мектебің...

Жас түлектер қақты бүгін қанатын,
Сәулелік күн жүрекке от жағатын.
Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын
Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!
29.05.2016
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы