0 дауыс
268 көрілді
Ақтөбе қаласында көкөніс,жеміс-жидек өнімдерін сатумен айналыссам деп едiм.Қандай ақыл-кеңес айтасыздар?Орталық базарда сататын орынды жалға алу құны қанша екен?Осы сұрақтар туралы толық ақпарат берсеңіздер жақсы болар eдi

1 жауап

0 дауыс
— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Жолдауларында шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлген. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетіндігін айтып, нақты тапсырмалар берді. «Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс», — деп міндеттеді. Біз өз тарапымыздан шағын және орта бизнесті жандандыра түсу үшін кәсіпкерлерге  бар мүмкіндігімізше қолдау көрсетіп жатырмыз. Орталық базар — сауданың қайнаған ортасы. Яғни, бір емес, бірнеше сауда орнына иелік етіп, сауданың арқасында әжептәуір табыс тауып отырған кәсіпкерлер жетерлік. Жалпы, Орталық базарда 1000-ға жуық кәсіпкер шаруасын дөңгелетіп отыр. Одан бөлек мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, игілігін көріп жүр. Кәсіпкерлердің істерін жүргізулері үшін барлық жағдай жасалып жатыр.  Мысалды көп келтіруге болады. Мәселен, ТМД елдерінде баламасы жоқ ет павильоны біздің Ақтөбедегі осы Орталық базарда ғана бар. Оның басты ерекшелігі сол, шілденің аптап ыстығында да сөрелердегі ет бұзылмайды. Өйткені Самарадан арнайы тапсырыспен әкелінген жабдықтардың арқасында қысы-жазы қажетті температура сақталады, — дейді «Жандос и К фирмасы» ЖШС директоры.

Расында, Орталық базарда кәсіпкер үшін де, тұтынушы үшін де қолайлы жағдай жасалған. Тұтынушы бұл жерден қажетінің бәрін табады. Тағамның түрі көп:  ұн және ұн өнімдері, сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері. Тәтті мен балдың да сан түрі бар. Жыл-он екі ай бойы жеміс-жидек пен көкөністің небір түрі осы базарда ғана сатылады. Бастысы, әр азық-түлік өнімдеріне арналған арнайы павильон бар. Мысалы, «Апельсинде» — жеміс-жидек, «Көкөністе» — көкөністер, «Айсұлтанда» — ұннан жасалған тәтті тағамдар, «Сәтте» — тәттілер, кептірілген жемістер сатылады. Ойыншықтар да өте көп. Шаруашылық бұйымдарын да осы базардан табасыз. Тауар сан алуан болғандықтан, таңдау да бар. Сабынның, сусабынның, ыдыс-аяқ тазартатын ұнтақтардың түрлі елдің түрлі фирмаларынан әкелінген түрлері көп. Ыдыс-аяқ та жетерлік. Косметика да толып тұр. Кеңсе тауары да сан  түрлі. Іс тігуге қажетті құралдар да осында. «Нұрлы» киім-кешекке толы. Екі жылға жуық уақыт бұрын еңсе тіктеген «Баршылық» жабық базарында да негізінен киімдер сатылады. Бағасы сапасына байланысты. Кәсіпкерлер тауарды тұтынушылардың сұранысына сай Түркия, Қырғызстан, Қытайдан әкеледі. Қысқасы, Орталық базардан кез келген тағам мен тауарды таңдап жүріп, талғамыңыздағыны аласыз.
...