Жерді ұтымсыз пайдалану деген не?

0 дауыс
1.0k қаралым
Жерді ұтымсыз пайдалану деген не? Ауыл шаруашлығы нысынындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда құзырлы органдардың іс-әрекеті қандай?
Жер туралы

1 жауап

0 дауыс
Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану – тыйым салынған гербицидтер мен пестицидтерді  пайдаланудың  әсерінен жердің күйзеліске ұшырауы, немесе жер мүлдем пайдаланылмай  арамшөптерге толып кетуі.

Бүгінде әкімдіктер жанында жерді ұтымды пайдалануды бақылау бойынша арнайы ұйым – жер инспекциялары бар. Оның басты қызметі жерді дұрыс және ұтымды пайдалануды бақылау.

Бұзушылық орын алған жағдайды анықтау барысында, оны жіберген тұлғаларға әкімшілік тараптан шаралар қолданылып, жерді қайтарып алуға дейін барылады (ҰЭМ 27 наурыз 2015ж. №268 бұйрығы).

Егерде жерді пайдаланушы тиімсіз пайдаланса, оған заң бұзушылықты жою туралы ескерту беріледі. Келер жылы берілген ескерту орындалмаған жағдайда ол жер сотпен қайтарылады.

Ұқсас сұрақтар

127,720 сұрақ
322,372 жауап
153,238 пікір
72,716 қолданушы