0 дауыс
49 жылға дейінгі мерзіммен жалға алынған жер телімдеріне не болады?
17.05.2016 3.7k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Жерді 49 жылға дейін  жалға беру туралы норма сонау 2003 жылы,  Жер Кодексін қабылдаған кезде енгізілген болатын.  2016 жылғы 1 шілдеден  кейін де жалға беру туралы келісімшарт өз күшін сақтайды, ол жерлерді ешкім қозғамайды. Есесіне, бүгінгі жалға алушылардың, Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының осы телімдерді жеңілдік шарттылықтарымен сатып алуына мүмкіндік туындайды. Бұл үшін әкімдікке өтініш жазу керек. Сол жерде тікелей сату келісімшарты жасалып, яғни аукционға түсірілмей, жалға алушы жердің иесіне айналады. Бұл ретте жер телімінің құны кадастрлық құнның 50 пайызын құрайды және жалға алушы жер телімін 10 жылға бөліп төлеу мерзімімен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. (ҚР Жер Кодексінің 49 б.)
17.05.2016
0 дауыс
49 жылдық мерзім аяқталғаннан кейін, оны қайта жалға ала аласың
18.05.2016

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы