0 дауыс
582 көрілді
Сәлеметсіздерме? мен мектепте информатика кабинетінде лоборант болып жұмыс атқарамын, және 2 сағат информатикадан сабақ беремін. сонда маған еңбек демалысы неше күн болады? жалақысы қалай төленеді?

1 жауап

0 дауыс

ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» ҚРденсаулық сақтау және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен айқындалады.

Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Орташа жалақыны есептеуде, ережеге қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы;
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы; қызметтік іссапарға жіберілетін қызметкерлерге берілетін өтемақы).
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны еңбек демалысына кеткен жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына бөлу жолымен анықталады.

Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңінде қызметкерге жалақы есептелмеген болса, онда орташа күндік жалақыны есептеу есеп айырысу кезеңінің алдындағы он екі айдағы жұмысы не есеп айырысу кезеңінің алдындағы осы жұмыс берушіде нақты жұмыс істеген уақыт кезеңі үшін есептелген жалақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс күндерінің санына тиісінше бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ережені қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген.

Сонымен бірге, Кодекстің 139-бабының 10 тармағына сәйкес мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақы тарификациялау бойынша белгіленген лауазымдық жалақысы (еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстеме ақыларды есептемегенде) мөлшерінде төленеді. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Лауазымдық жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (мөлшерлеме) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициентін ескере отырып есептеледі. Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген лауазымдық жалақыны арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға бөлу жолымен есептеледі.

отпусной есептеу

Мысалы:Мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқаратын 18 сағаты бар, 18 сағатқа дәптер тексеруі және сынып жетекшілігі бар, еңбек өтілімі – 17 жыл. Бірінші санатты мұғалім. Айлық табысы 1 қыркүйектен бастап коэффициенті 2,83 болған кезде 71902 тенге(лауазымдық жалақы 50083 тг+ 1 санат 8848+ 10%РБ лж 5008тг + сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539), ал 1 қаңтардан бастап коэфициенті 4,16 болған кезде 88945 тенге(лауазымдық жалақы 73620 тг + 10%РБ лж 7362тг + сын.жет 4424тг + дәптер текс 3539) есептелінген.

Егер 1 маусымнан 56 күнтізбелік күнге, оның ішінде 48 жұмыс күніне еңбек демалысына шығатын болса, мәселен кесте бойынша

Бір күндік жалақы 461477 теңге/188 күнге=2454,66 теңге
Осы 2454,66 теңгені 30 жұмыс күніне көбейтсек, еңбек демалысына 73640 тенге шығады.
Сауықтыруға арналған жәрдемақы 18 сағатқа 3,08 коэфциентпен 17697 теңгеге (БЛЖ(базалық лауазымдық жалақы )) көбейту арқылы 54507 теңге төленеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
...