0 дауыс
2.0k көрілді
Ерте кездегі географилық зерттеулер жайлы қысқа және нұсқа жауап қалдырыңыздаршы! :)

1 жауап

+1 дауыс
Ең алғашқы географиялық зерттеулер финикиялықтарға тән,олар теңізде жүзудің және кеме жасаудың шеберлері болған.Африканы бірінші мәрте жүзіп айналып шыққандар да осы финикиялықтарға болған.Одан кейін географияның дамуына гректер үлкен үлес қосты.Ғылымда географияның атасы болып саналатын Эротосфен алғашқы география жайлы еңбек жазады.Пифагор алғаш мәрте координаталарды қолдана отырып сол кезде гректерге мәлім Еуропаның,Азияның және Африканың картасын сызады.Орта ғасырларда географияға мұсылман ғалымдары көп көңіл бөледі.Әбу Райхан Әл Бируни сол кездегі Иран және Орта Азия жайлы жан-жақты мәлімет келтіреді.Ал Ибн Хордадбектің "худуд ал-Алам" атты кітабы VIII-IX ғасырдағы Иран мен Орталық Азия жайлы мәлімет беретін құнды кітап болып табылады.ХI ғасырда Махмуд Қашғари өзінің домалақ картасын сызады.Осы кезде арабтың географы әрі саяхатшысы Ибн Масғуд Батыс Еуропаны,славян елдеріне,Киевке,Бұлғарға,Үндістанға,Африкаға саяхат жасайды және осы сапарлары жайлы көрген мемлекеттері жайлы ірі еңбек қалдырады
...