0 дауыс
1.3k көрілді
Орза ұстаушы ұмытып тамақ жеп қойса не болады?

2 жауап

0 дауыс
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте  Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ұмытып жеп не ішіп қойған адамның оразасы бұзылмайды, өйткені, расында, оны тамақтандырып, сусындатқан – Алла» деген.    (Әл-Бұхари 1933, Муслим, 2/171).

Келесі хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер адам Рамазан айының ораза күнінде ұмытып тамақтанған болса, онда ол бұл күнді толтыруға да, ақысын өтеу ге де тиісті емес»- деген.   (Әл-Хаким, 1/420. Әд-Дарақутни, 2/178. Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, әл-Байхақи, хафиз әз-Зәһаби, имам ән-Нәуауи, хафиз Ибн Хәжар т.б. ғалымдар растаған).

Алайда егер де біреудің ұмытып жеп не ішіп жатқан адамды көретін болсаңыз, онда сіз оны тоқтатуға және оған оның ораза ұстап жүргенін ескертуге міндетті боласыз. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім айыпталатын нәрсе көрсе, оны өзгертсін», — деген (Муслим, 1/78)
0 дауыс
Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды.Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек.
...