Ораза ұстауға денсаулығым жармайды. Не істеуге болады?

0 дауыс
882 қаралым
Ораза ұстауға денсаулығым жармайды. Не істеуге болады?
• Санаты: Ораза сұрақтар

1 жауап

0 дауыс
Сапардағы адамдардың, жүкті әйелдердің және басқа да үзірлі адамдардың ораза ұстамауына рұқсат етілген. Алайда, ондай адамдар мүмкіндігінше жеңілдіктерді пайдалана отырып, ораза ұстаса сауапқа кенелетіні күмәнсіз. Алла Тағала былай деді: «Ал біреу науқас, не сапарда болса, басқа күндерде оразасының санын толтырсын» ("Бақара" сүресі,185- аят). Яғни, адамның денсаулығы Рамазан айынан кейін жақсарған болса, салқын күндерде 30 күн ораза тұтуына болады. Ал егер  кімде кімнің ораза ұстауға мүлде шамасы келмейтін болса (яғни, бірде болмаса бірде ұстайтын жағдайы мүлде жоқ, мысалы қарт я болмаса аурушаң жан) ол адамға ораза ұстау міндетті емес, алайда ол әр күні бір міскінді тамақтандырып отыруы қажет. Абдуллаһ ибн Аббас (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Тағаланың мынандай сөзін оқыған: «... Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін» («Бақара» сүресі, 184 аят)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы