0 дауыс
38.7k көрілді
8-9 сыныптар бойынша физика пәнінен бақылау жұмыстары керек?

6 жауап

0 дауыс
9-сынып I-нұсқа

1.Тербелмелі контур индуктивтілігі 0,6 мГн болатын катушкадан және сыйымдылығы 50 пФ болатын конденсатордан тұрады. Контур шығаратын электромагниттік толқынның ұзындығы неге тең? 2.Сәуле шығаруда толқын ұзындығы 1 нм сәйкес болу үшін, рентген түтікшесіне түсетін кернеуді тап. 3. м толқын ұзындығында жұмыс істейтін лазердің жарық шоғының куаты 0,1 Вт. Лазердің 1 секундта шығаратын фотондарының санын тап.

II- нұсқа

1.Тербелмелі контур ауада ұзындығы 150 м болатын электромагниттік толқын шығарады. Егер контурдың индуктивтілігі 0,25 мГн болса, онда контурдағы конденсатордың сыйымдылығы неге тең?

2. Қызыл түсті сәуле толқын ұзыдығы 0,7·10 м үшін фотон массасын тап.

3. Толқын ұзындығы 3·10 м шыққан жарық затқа түседі, ол зат үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 4,3·10 Гц. Фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы неге тең?
0 дауыс
8-сынып I-нұсқа

1.Егер темірдің бастапқы температурасы 39 ºС-қа тең болса , онда массасы 4т темір сынықтарын балқыту үшін қанша энергия қажет?

2.Электр құралы 45 минут ішінде 5 А токпен 162 кДж жұмыс жасайды. Қүралдың кедергісі қандай? 3. Көтергіш кран 6 т жүкті 2 мин ішінде 12 м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеуі 380 В болса, онда кранның ПӘК-і қандай болады?

II– нұсқа

1.Массасы 0,75 кг суды 20 ºС-тан 100 ºС-қа дейін ысытуға және 250 г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған?

2.Электр қозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр қозғалтқышының тұтынатын ток күшін анықтаңдар.

3.Қуаты 600 Вт, ПӘК-і 80 % электр шәйнегіндегі бастапқы температурасы 20ºС болатын 1,5 л су қанша уақытта қайнайды?
8 сынып 1 нусканын 1 есебинин жауабы барма
0 дауыс
Zhanerke жауабы бар ма??
0 дауыс
9сынып 1нұсқа

1)2*3.14*((6*10^(-4))*(5*10^(-11)))^0.5=4.342*10^(-7)м

2)U=((6.63*10^(-34))*(3*10^8))/((1.6*10^(-19))*(1*10^(-9))=1.243*10^3В

3)1м болғанда
0.1*1*1/N=((6.63*10^(-34))*(3*10^8))=5.028*10^23фотон
1)2*3.14*(3*10^8)*((5*10^(-11))*(6*10^(-4))^0.5=3.265*10^2м
3)N=0.1*1*1/((6.63*10^(-34))*(3*10^8))=5.028*10^23фотон
0 дауыс
Серіппелі маятниктің тербеліс периоды 0,2 с, ал серіппенің қатаңдығы 200 Н/м болса, серіппедегі жүктің массасын тап.
–1 дауыс
8 сыныптын жауабы барма
...