Базардан алған тауық балапандар күнара өле бастады. Базардан алғаныма 2 апта өтті, шетінен бір-біреулеп әлі өлуде. Қандай шара қолданып, қандай дәрі-дәрмектен беруге болады? Өлу себебі неден болады?
Белгілері: Өлер балапан 2 күн бойы жем-су жемей қалады, салмағы жоғалады, бір орында қалшиып тұра қалады, жалғыз қалып қойған балапандарша шиқылдай бастайды, ақыр соңында тепе-теңдік сақтай алмай жерге жата қалады, өледі.
3 тәуліктік тауық балапандарын базардан сатып алдым. Оларға дәрі егілгендігі белгісіз. Арнайы жасалынған жәшікте 70 Ваттық лампамен жылытылып, 22-26 градус температурада ұстап отырдым. Азығы үшін алғашқы 1 аптада аптека берген (сольнышкаға ұқсас) жем бердім. Одан әрі бидайдың қатты майдаланған түрін берудем. Жәшік еденіне күніне 2 рет жаңа газет төсеймін, саңғырығын тазалап, жәшік 130 х 70 см.көлем үшін 15-20 балапан салынды, тар емес.
Қазір жылыту лампаларын өшірдім. себебі, күн жылынып, жәшік іші 21 градуста тұр.