0 дауыс
606 көрілді
Өміріңізде шын бақытты сезінетін секундтар, шынайы күліп жүретін минуттар және армандайтын сағаттар көп болу керек!

Сіз осы ұстаныммен жүресіз ба?

2 жауап

+1 дауыс
Өмірдің бәрі теп-тегіс, түп-түзу жол сияқты болса ол да қызық болмай қалатын сияқты. Өмір деген ойлы-қырлы жол сияқты, сондай жолда жүріп келе жатасың,  сонда ғана шынайы қуануды, күлуді, армандауды сезінесің.

Мысалы: сенің алдыңа күніге керемет тамақтарды біреу дайындап қоя берсе, оның да дәмі мен маңызы жоғалады, қызық болмай қалады.Одан да жиренесің.

Сондықтан өзің маңдай термен жұмыс істеп,ақша тапсаң, жаныңды қинап бейнеттенсең, қара нанды өзің тапсаң сол бәрінен де тәтті болады.Нағыз қуанышты,бақытты, рахатты сонда сезінесің.
0 дауыс
Кейде ұстаныммен жүремін, кейде өзіңді еркінсітіп жібересің, әр қалай болады, кейде күлесің, кейде жылағың келсе де жылай алмайтын кездер болады, жылай алмаймын негізі. кейде бір жақындарың қайтыс болғанда барып, елден ұят болмасын деп бәрі жылаудың сәнін кіргізіп жатқанда мен ештеңе болмағандай кейіппен жүреді екенмін, бірақ жүрегім іштей езіледі. Бірақ негізі мен күнде күліп жүретін адаммын,. мен енді солай күліп жүре беруіме тура келеді, өйткені айналамдаға достар, туыстар, қызметтестер менің күліп жүретін түріме үйреніп қалыпты, бір күлмей қалсам бітті бәрі неге настроениең жоқ деп жан жақтан сұрай береді, олардың сондай сұрақтарынан мен мезі болмау үшін күліп, оларды да күлдіріп жүремін,  миды ашытқым келмейді, оларға ....  Басқа да проблемалар, жұмыстар, көңіл көтеру, сауық кештері жетіп жатады, уақыт жоқ.
...