0 дауыс
3.8k көрілді
№1

1.Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар.

2.Физикалық және химиялық құбылыстар

3. Берілген заттардың: Н2СО3, КОН, Н3 РО4, NаОН, НСІ өз арасында қандай бейтараптану   реакциясы жүреді.  Реакция теңдеулерін жазыңдар.

№2

1.Электрондардың атомдарда орналасуы. Энергетикалық деңгейлер.

2.Химиялық реакциялардың белгілері.

3. Мүмкін болатын реа20% тік 40 г ерітінді даярлау үшін қанша грамм тұз бен су қажет?

№3

1.Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар

2.Химиялық элементтер, олардың таңбалар.

3. Реакция теңдеуді аяқтаңдар:    а)Na  +  H2O   →           б)Ba  +  H2O   →

в)KOH  +  Cu(OH)2   →           г)Ag  +  H2O   →                   д)Ba(OH)2  +  HNO3   →

№4

1.Атомдардағы электрондардың қозғалысы.

2.Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

3.  Айналымды жүзеге асырыңдар:  а)    CaO   →Ca(OH)2   →CaCO3  →  Са (NО3)2

№5

1.Химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

2.Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

3. 40 г калий гидроксидіне күкірт қышқылымен әсер еткенде алынатын калий сульфатының массасын табыңдар

 

№6

1.Оксидтердің жіктелуі, олардың алыну жолдары.

2.Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері

3. 20 г натрий гидроксидіне күкірт қышқылымен әсер еткенде алынатын натрий сульфатының массасын табыңдар

№7

1.Оксидтердің химиялық қасиеттері.

2.Таза заттар және қоспалар.

3. Қосылыстардағы әрбір элементтің тотығу дәрежесін көрсетіңдер:K2CrO4; HCIO4; NH4OH; KMn O4

№8

1.Негіздердің химиялық қасиеттері.

2.Заттарды қоспадан бөлу және тазарт у.

3. Реакцияның электрондық баланс теңдеуін құрастырыңдар: 2К +S → К2S

 

№9

1.Қышқылдардың химиялық қасиеттері. Жіктелуі.Алынуы.

2.Атом мен молекулалар.

3. Құрамындағы элементтердің пайыздық массалық үлестері:W( Мg) = 20%,  W (S) = 27 %, W ( О)= 53% екені белгілі болса, МgxSyОZ қосылысының формуласын анықтаңдар.

№10

1.Тұздардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері.

2.Жай және күрделі  заттар.

3. Төмендегі қосылыстардың формуласын жазыңдар:алюминий оксиді, сынап(ІІ) оксиді, натрий сульфиді, күкірт (ІV) оксиді, көміртегі (ІІ) оксиді, хлор (VІІ) оксиді, хром (VІ) оксиді.

№11

1.Қышқылдардың құрамы, алу жолдары.

2.Химиялық элементтердің валенттілігі.

3. Заттарды атаңдар: SO2; MgS; SnO2; P2O5; BaO; Fe2O3; K2O; AICI3; H2S

№12

1.Тұздар, құрамы, химиялық қасиеттері.

2.Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.

3. 27 г алюминийде қанша атом бар?

№13

1.Химиялық элементтің терісэлектрлігі.

2.Химиялық реакция теңдеулері

3. Темірдің 8,4 грамы күкіртпен әрекеттескенде 41.3 кДж жылу бөлінді. Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырыңдар.

 

№14

1.Химиялық байланыстың түрлері

2.Химиялық реакция теңдеулері.

3.№16 элементке толық сипаттама беріңдер?

 

 

№15

1.Тотығу дәрежесі. Тотығу тотықсыздану реакциясы.

2.Химия лабораториясы мен кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік технткасының ережесі.

3. Na2SO4-натрий сульфатындағы күкірттің массалық үлесін есептеп шығар

 

№16

1.Оттектің жалпы сипаттамасы, физикалық және химиялық қасиеттері.

2.Атом молекулалық ілім.

3. Атомдарының энергетикалық деңгейлерінде электрондар былай бөлінген:

а)  2е, 5е;   б) 2е, 8е ;  в) 2е,8е, 1е;   г) 2е,8е,8е, 2е -  элементтерді анықтап, оларды атаңдар?

№17

1.Химиялық реакциялардың жылу эффектісі.

2.Зат мөлшері. Моль.

3. Мына  элементтің хлормен формуласын жаз:а) Al, Zn, Ca, Ba, Mg, Na, K, Li, Ag;

        б) Mn(II), Fe(II), Fe(III), Hg(II), Cu(II), Cr(II), Cr(III), P(III), P(V).

 

№18

1.Авогадро заңы. Газдардың молярлық көлемі.

2.Заттар массасының сақталу заңы.

3.      Химиялық реакция теңдеулеріне коэффициенттерін  қойып теңестір.

      1. Fe2O3 + Al → Al2O3 + Fe                 

      2. Al + S  →Al2S3                                           

      3. Al + Cr2O3 → Cr + Al2O3                           

      4. C + H2→ CH4                                              

      5. Fe + O2 → Fe3O4                                         

     

№19

1.Авогадро саны. Молярлық масса.

2.Заттар құрамының тұрақтылық заңы

3. 6 моль сутек газын алу үшін тұз қышқылымен қанша грамм мырыш реакцияға түседі?

 

№20

1.Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары.

2.Ауа газдар қоспасы.

3. Массасы 198 г мыс(ІІ) оксиді айырылған кезде түзілген мыс(ІІ) оксидінің мөлшерін есепте?

№21

1.Галогендер топшасына жалпы сипаттама.

2.Д.И. Менделеевтің периодтық заңы.

3. Массасы 198 г мыс(ІІ) оксиді айырылған кезде түзілген мыс(ІІ) оксидінің мөлшерін есепте?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...