0 дауыс
32.0k көрілді
Физикалық және химиялық құбылыстар

1 жауап

0 дауыс
Физикалық құбылыс кезінде заттардың табиғаты өзгермейді, тек олардың агрегаттык күйі мен пішіні өзгереді, жаңа зат пайда болмайды. Химиялық құбылыс кезінде бір зат басқа жаңа бір затқа айналады.
Заттардың химиялық қасиеттерін химия ғылымы зерттейді.
Осы кезде сан алуан заттар белгілі, олардың саны күн өткен сайын артып отыр, себебі тұрмыстық және өндірістік кажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қасиеттері әр түрлі заттар жасанды жолмен алынуда.
Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар.
Химияның атқаратын көптеген маңызды міндеттері бар.
1. Заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеу.
2. Қоғамның кажеттілігіне карай жаңа сапалы заттар алу.
3. Қоршаған ортаның байлығын тиімді пайдаланып, оларды корғау.
Біздің киген киіміміз, ішкен асымыз, тұтынып отырған заттарымыз — бәрі де химиялық қосылыстар. Тіпті біздің өмір сүруіміздің өзі ағзаларда жүретін химиялық құбылыстарға негізделген.
...