0 дауыс
1.4k көрілді
Қазақ xалқы төл дініне қайтуымен өзінің әуелден қазақи құндылықтарына қайтады деген ойға қалай қарайсыз?
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Сараптау коммиссиясы мақұлдаған

"Хадис-ғұрпымыз, сүннет- салтымыз"

Автор Шамшат Әділбаева.

Қолдарыңыздағы кітап хадис пен сүннеттің дініміздегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі, рухани құндылықтары мен көркем мәтіндеріндегі мән-маңызын саралайды.

Бұл кітап ұлт тағдыры, ділі мен мәдениетінің жанашырларына және барша оқырман қауымға арналған.

Кітаптың сілтемесі: http://old.muftyat.kz/book/download?id=12
АЛҒЫ СөЗ

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!

Әл-хамду лиллаһи раббил аламин, уассалату уассаламу ала саййдина уа хабибина уа шафиъина Мұхаммад уа ала алиһи уа асхабиһи әжмайин!

Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіре- ген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адам- зат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер мұсылманшылықтың аяқ басуымен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды.

Мұсылмандық Орта Азияға, оның ішінде қазақ елі- не біздің дәуіріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойында қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісі бүкіл Орта Азиялық аймаққа Ислам дінінің ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Құран Кәріммен бірге қазақ даласы- на үлкен ислам өркениеті келді. Ғылым, білім жан- данды. Көптеген қалалар салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Йаса- уи, Жүсіп Баласағұни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири секілді өз шығармаларында гу- манизмді марапаттаған терең ойлы ғұламалар шықты. Олар тек қана қазақ елі немесе Орта Азия ғана емес, бүкіл мұсылман шығысы мәдениетінің мақтанышына айналды. Олардың есімдерімен көшелер мен даңғылдар, университеттер мен институттар аталады. Біз олармен мақтанамыз. Олар қалдырған игі мұраларды үлгі етеміз. Бабалар мұрасы бізді қашан да рухтандырып отырады.

Біз өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар халықпыз. Солай бола тұрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды, жазу-сызу дамымады, олардың ара- сында мұсылмандық жақсы тарамаған деген жаңсақ пі- кір қоғамымызда үстем боп келді. Соның салдарынан ұлы далада туып өсіп, дүниежүзілік өркениетке үлес қосқан көптеген мұсылман ғалым бабаларымыздың аттары ғасыр парақтарында қалып қойды. Жаратқан бізге тәуелсіздік сыйлап, өз елімізге тән рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткі- зіп, олардың біразын анықтап маңдайымыз жарқырап жатқаны да бар. Иә, ілгеріде өткен бабаларымыз бізге рухани мол мұра қалдырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуіміз керек. Өйткені Ис- лам – қазақ халқының мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-санасының мызғымас бөлігі, тірегі. Тіпті Ис- лам дәстүрлерінсіз қазақ мәдениетін елестете де ал- маймыз. Сол себепті әркезде де Ислам біздің рухани дамуымыздың негізгі ұйытқысы боп келді және де со- лай бола бермек.

Патшалық Ресей кезінде «бұратана халықтардың өткені, яғни ежелгі мәдениеті жоқ» делінсе, Кеңес дәуірінде «олардың көзін Қазан төңкерісі ашты» де- ген жалған идеология үстемдік етті. Сол себепті де біз халқымыздың көптеген жақсы қасиеттерінен, рухани мұрасының біразынан айрылып қалдық. Әйтсе де біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің та- рихы тым тереңде жатыр. Әдебиетіміз бен мәдениеті- міз ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпымыз бен мінез- құлқымыз, халықтық болмысымыз, өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Олай болса Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті ел- дігіміз, бүгінгі тәуелсіздігіміз де.

Тарихқа үңілсек, Ислам деген даңғыл жолдың Құраннан кейінгі негізі Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) хадистері мен сүннеті аясында қаланғаны шындық. Ал осы даңғыл жолдың жолаушылары – мұсылмандарға хадис пен сүннеттің әсері өте зор. Мұның ең жарқын үлгісін алғашқы мұсылмандардан көруге болады.

Осы алып көштің ішіне қазақ халқы да өз ықыласымен қосылып, мұсылмандық өмір салтына Құран мен сүннет дәстүрлерін нақыштай білген. Ата- бабадан қалған жәдігерлердің ішкі сырына үңіліп, тілін түсіне білген жан әлгі нақыштардың ізін айқын көре алады. Осы орайда ата-бабамыздың тыныс-тіршілігін кейінгі ұрпаққа таныту, халқымыздың өмір белестерін- дегі хадис пен сүннеттің орнын зерттеу – бүгінгі күннің талабы.

Қолыңыздағы кітап – осындай ізгі мақсаттан туған дүние.

Кітапта қазақ даласына Ислам дінінің сіңуі, халықтың дүниетанымымен сабақтасуы мынадай екі тарауға бөліп қарастырылған:

І. Мұхаммед (с.ғ.с.) және хадис пен сүннеттің мұсылмандардың өміріндегі маңызы

ІІ. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі хадис пен сүннеттің рөлі.

Сондай-ақ Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йасауи, Ах- мет Иүгінеки сынды қазақ даласында дүниеге келген үш алыптың шығармаларына талдау жасалып, ондағы исламмен қабысқан ойлар мен кестелі сөздері екше- ленген. Мұсылман ойшылдары ретінде ала отырып, халықтың рухани келбетін айшықтауда әрі діни ағарту еңбектерінде қолданған хадистерін анықтауға, сол кезеңде қазақ жерінде өмір сүрген халықтың хадис пен сүннет жайлы пайымын баяндауға тырысқан.

Мәселен, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» кіта- бында «Пейіл бұрдым енді оның жолына» деп Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жолы адамдарды бақытқа жетелей- тінін, «Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына» дей отырып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистері мен сүннетін ұстануды халыққа уағыздайды. Ахмет Иүгінеки бол- са «Ақиқат сыйында» «Білімді ізде, жалықпа, хақ Ра- сул айтқан: «Білімді Қытайда болса да іздеңіз», – деп» деген сөзімен Пайғамбарымыздың «Білімді Қытайда болса да іздеңіз» деген хадисін меңзеген. Ал Ахмет Йасауи болса «Диуани хикметінде» «Ұят барда иман бар», – Расул айтты»; «Кәззаптар – үмбетім емес» деді Расул сізге» деген өлең жолдарымен «Ұят – иманның бір бөлшегі», «Бізді алдаған бізден емес (яғни, үмбетім емес)» деген хадистердің ішкі мазмұнын ел ішінде өлең түрінде кеңінен насихаттаған.

Міне, осы алыптардан бергі қазақ даласындағы дарқан даналардың қай-қайсысын алсаңыз да олардың хадис пен сүннетке көп көңіл бөлгені, құрметпен қарағаны байқалады. Одан берідегі ақын-жыраулар, ақындар, «Аллаһ мінсіз, әуелден пайғамбар хақ, мүмин болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ», – деген ғұлама Абай Пайғамбардың хақтығын растап, содан үлгі-өнеге алуға шақырған.

Түркі халықтары Ислам дінін VIII ғасырда қабылдай бастаған. Тіпті келе-келе Ислам діні Қарахан, Ғазнауи, Селжұқ, Хорезмшаһ, Алтын Орда сияқты мемлекеттердің ресми дініне айналған. Қазақ даласын- да исламның кең тарауына атсалысқандар қатары көп болды. Солардың қатарында Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Бақырғани секілді алып тұлғаларды атауға болады. Кейіннен бұл дәстүр шешендік сөздер, жыраулар поэзиясына т.б. жалғасты.

Қолыңыздағы Шәмшат Әділбаеваның «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» атты зерттеу жұмысы кең байтақ қазақ даласына Ислам діні мен мәдениетінің қаншалықты дәрежеде әсер еткендігін айшықтай түседі. Бұл өз кезегінде «қазақтар шаман болған, отқа табынған, буддист болған, көк тәңірге табынған» де- ген сияқты көзқарастарды желеу етіп, елімізде Ис- лам дінінің қанат жаюына тосқауыл жасамақ жат пиғылдарға тұшымды жауап. Қазақ даласында басқа діндердің болғандығы тарихи шындық десек те, олар қазақ болмысына жат болғандықтан Ислам діні секілді таралып, сіңіп кете алмады. Аталарымыз осыдан мың жылдай бұрын тек қана Исламды таңдаған. Олай бол- са сол асыл діннен бізді ешкім ажырата алмайды. Ол біздің қанымызда, жанымызда. Ислам діні – біздің өмір салтымыз. Мәдениетіміздің терең тамыры. Біз Елбасы- мыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «тегіміз – түрік, дініміз – Ислам» екенін ешқашан ұмытпаймыз. Сол себепті ру- хани мұрамызды да осы тұрғыдан зерделеу қажет деп есептейміз. Олай болса Исламның інжу-маржан асыл құндылықтарын ардақтау, оны игеру, қорғау, ілгері дамыту, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүріне қаншалықты сіңісті болғанын зерделеу – бүгінгі ұрпақтың үлкен міндеті.

Қазақы бояуы қанық, ғылыми астары қалың, бере- рі мол «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабы осы саладағы олқылық орнын толтыруда ел кәдесіне жарайтын еңбек деп ойлаймын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилері кеңесінің төрағасы, Бас муфти, шейх Әбсаттар Дербісәлі

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір қоғамда еуропа-америкалық мәденитке,солардың жаңашылдығына қызығу белең алып бара жатыр ғой.Бұл өз кезегінде ажырасудың,суицидтің,түсіктің көбеюіне,дәстүрлерді менсінбеуге,ата-әжелердің қарттар үйіне,балалардың жетімханаға тасталуына және отбасы құндылықтарының жойылуына алып келе жатыр.Ал төл дініміз Исламда ата-ана,бала-шаға,дәстүрге беріктік,тазалық,ұят жәнә үлкендерге бағыну басты рөлде тұрады.Сондықтан меніңше халқымыз арасында Ислам бұрынғыдай саф күйінде таралса жоғарыда айтылғандардан сақтанып өзімізге тән құндылықтарымыз сақталар еді.
0 дауыс
Төл діні дегенде Тәңіршілдікті айтсаңыз, қазақи құндылықтар қайта түлеуі мүмкін
Қысқасы, ислам діні қазақтың еш төл діні емес, мұсылмандықты бірінші араб миссионерлері дін таратушы ретінде алып келген, қазақтың төл діні деп отырғыныңыз тәңіршілдік, (Бірінші "төл" сөзінің мағынасын талқылап қарайық, Ол өзінде жасалған, сол халықтан шыққан, өзінікі деген мағынада, ал Ислам діні бізге кірме дін ғой, счөздердің мағынасын түсініп алыңыз)
Сен шаман болағой бірақ басқа қазақтардың атынан сөйлеме. Тариxты өзгерте алмайсың қанша тырыссаңда. Өте ауыр бұл жалаңыз. Сіздің сөзіңізге куә болам Алланың алдында. Әр сөзіңізге Алланың алдында жауап бересіз.
Ислам діні араб жерінде пайда болғанымен,оның теологиясының,этикасының және шариғат заңдарының дамуында,мәдениетінің қалыптасуында Иран мен Түркістан өлкелерінен шыққан ғалымдардың,тұлғалардың қосқан үлес өте зор.Сондықтан оның бізге еш қатысы жоқ деу дұрыс емес.Ислам мәдениеті бұл араб,Иран және түркі жұрттарының ортақ мұрасы.Осы үш тілде сөйлейтін халықтарды қанша ғасырдан бері өзгелер Ислам халықтары деп атаған.Пайғамбарымыздың өзі бір хадисінде Исламның дәні Араб жерінде егілгенімен,оның кемелденген гүлі орта Азияда шығады деп айтып өтеді.Қалайша біздің ата-бабаларымыз өз ізін қалдырып кеткен дін Исламды біз төл дей алмаймыз,қалайша оны жат демекпіз?
Белгісіз
Тап қазіргі заманда ислам діні қазақты бір-бірінен араздастырмаса, біріктіріп отырған жоқ, талай адам түрлі ағымдарға кірем деп достарынан, тіпті жанұясынан айырылып жатырғанын күнде көріп жүрміз
Иә,айтып жатқаныңыз бір жағынан дұрыс,бірақ оған Исламды емес,қайта оны ұстанушы(өзін мұсылман санайтын),бірақ діннен бір мысқалдай хабары жоқ,әркімнің аймағына еріп кететін надандарды айыптау қажет және бұған еліміздің  тыныштығын бұзғысы келетін( Исламды пайдаланып) сыртқы зымиян күштердің әсері бар.Сөйтіп екі ортада айыпты Ислам діні болып шыға келеді.
Белгісіз
Сол ағымға кеткендер Ислам дінінің учениесін білді дейсізба? Жоқ әрине, міне мысалы сен секілді Исламды білмейтін қазақтар бар, сол ағымға кетпей тұрып Исламды білдіма? Жоқ әрине білген жоқ. Сіздіде біреу ағымға ертіп әкетуі әбден мүмкін мынадай білімсіздігіңізбен. Исламды айыптағанмен сіз ешқандай пайда таппайсыз, қайта басыңызға бәле жинайсыз. Сіз елден xабарыңыз жоқпа Қазақстанда не болып жатқанын, әлxамдулиЛлаһ еліміз енді енді тіріліп аяғына тұрып өзінің тариxын дінін тілін танып тіріліп жатқан кезде сіз мұсылман қазақтардың аяғына оратылмаңыз (қазақтар шаман болды, оттан секіріп билеп өлілерге табынған деп) ондай нәрсе қазақтарда болмаған. Қазақтар ешқашан шаман болмаған. Кейбір деректерде "тәңіршілдік " Бірқұдайшылықты уағыздаған деп жазылған. Яғни Тәңір (Құдай) Жермен Көктің Жаратушысы делінген. Жаратылыстарды Тәңірмен теңестірмеген, ешқашан. Тәңіршілдікпен шаманизм екеуі екі бөлек нәрсе. Қандай жау өзгерткенін білмеймін бұны. Бірақ бір сырттан келген жаудың бұны өзгерткені анық.
Қазіргі уақытта Ислам діні қарыштап дамып, мешіт-медре-селеріміз көптеп бой көтеріп, әсіресе жастар жағының Алла үйіне қарай мойын бұрып жатқанына, Елбасымыздың өзі асыл дініміздің ел өміріндегі рөлін атап өтіп, қолдау көрсетіп жүргеніне қарамастан, кейбіреулердің әлі күнге «тәңір-шілдіктен» қол үзбей келе жатқаны таңғалдырады. Ақиқатты мойындайтын кез келген жоқ па?!
Осыған орай, мен бұл мақаламда екі мысалды алдарыңызға ұсына отырып, «тәңіршілдердің» аталған пікірлерін жоққа шығаруды көздедім. Исламға қатысты екіұдай ойлы болып жүргендер де ойлансын. Бұл айтпағым – ата-бабамыздың ешқандай тәңіршіл де, шаман да болмағанын, түп-тұқиянымен мұсылман болғанын дәлелдеуге қатысты.
Бірінші дәлелім – қазақ халқын-дағы кісі есімдері. Егер ХХ ғасыр-дағы төңкеріске дейінгі қазақтың белгілі тұлғаларының аттарына қарап отырсақ, барлығының дерлік мұсылманша есімді иеленгенін көреміз. Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Әбубәкір Кердері, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Әбілмансұр, Әбілхайыр хандар, т.б. осылай жалғай беруге болады. Ал, одан әрідегі әл-Фараби, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауилерді айтпай-ақ қояйық.
Кеңес үкіметі кезінде Қанат, Қайрат, Жеңіс, Айнагүл, Мақпал деген секілді таза қазақша есімдер пайда болғанымен, ол уақытта да қазақтардың аттары негізінен мұсылманша болды.
Ал, қазір ше? Біз бұған дейін де осы «Ислам және өркениет» газетінің бетінде қазіргі күні Қазақстандағы ең көп таралған фамилия – Ахметов екендігін жазған болатынбыз. Ахмет – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір есімі екені белгілі. Ал екінші кең таралған фамилия – Оспанов. Бұл пайғамбардың жақын сахабаларының бірі, кейін мұсылмандардың үшінші халифасы болған адам. Еліміздегі үшінші кең таралған фамилия – Омаров екен. Бұл да пайғамбарымыздың жақын сахабаларының бірі, Оспаннан бұрын Ислам мемлекетінің бас-шысы болған тұлға.
Сол «тәңіршілдікті» насихаттап жүргендердің көпшілігі де өз есімдерінің мұсылманша екенін байқамайтын секілді. Ол адамдарға мен мынаны айтар едім: Сіздер орыстарға немесе Сібірдегі шаманизм, жергілікті наным-сенімдерді ұстанатын халықтарға барып, балаларына «Мұхаммед», «Әбубәкір», «Айша», «Ибраһим» деген есімдерді қоюды ұсыныңыздаршы, олар келісер ме екен?! Жоқ, бұл есімдерді олар ешқашан балаларына қоймайды. Себебі, олар мұсылман емес. Олар үшін бұл есімдер жат.
Ал, ендеше, қазақтар тәңір-шілдік «дінін» ұстанып, сол сенімде болғаны рас болса, ғасырлар бойы тек арабша-мұсылманша аттарды перзенттеріне қалайша қойды екен? Сіздер осыны ойланып көрдіңіздер ме?..

www.islam-orkeniet.kz
0 дауыс
Қазақтардың төл діні -шаманизм, тәңіршілдік (отқа, суға, аруаққа табынған;) 10 ғасырдан бастап ғана ислам діні келген қазақ жеріне. Салт дәстүр, ұлттық құндылықтарға діннің түк қатысы жоқ. Адам басқа дінді қабылдап та өзінің ұлттық құндылықтарын сақтай алады.
Шаманизм дін емес, оның болғаны болмағанында кесіп айта алмайсың себебі тариx нақты дәлелді бере алмайды. Керісінше, әдет ғұрып қазақи құндылықтар Ислам дінімізден бастау алады. Ұлы тұлғалардың Абайдың кітаптарын оқымадыңызба нағыз қазақи құндылықтар міне солар. Абай исламдық сопылықта, исламдық фаласафада ( философия) бағытталды. Сіздер сонда кімнің сөзін сөйлеп жүрсіңдер? Қай ағымда жүрсіңдер меен түсінбедім?
Тәңіршілдікті мен дін қатарына қоспас едім және де біз өз құндылықтарымызды тек Ислам арқылы сақтай аламыз.Себебі дін мен дәстүрді бөлуге келмейді.Дін мен дәстүр егіз ұғым.Қазақ дәстүрі мен Ислам дінінің біте қайнасып кеткені сонша, оларды бір бірінен ажырату мүмкін емес.Бұл жайлы "Дін және Дәстүр"атты кітапта жақсы жазылған.Соны қарап көріңіз.
Белгісіз
Мен ешқандай ағымда да, дінде де емеспін... реалисттік көзқарастамын. Адам жаратылған бойда отқа, күнге табынған былайша айтқанда тылсым дүниеге. Ислам діні содан кейін барып келген. Негізі барлық дінге адамдар өз еркімен кірген емес. Соғыс, басқыншылдық, қорқытушылықпен кірген соны ұмытпаңыз. "Фаласафа" емес "пәлсапа" болу керек .
міне сен нағыз ағымдасың, өз түсінігіңіз өзіңізде қалсын діндіде тариxтыда бәрінде шамалы білесіңдер, филологияда " пәлсапа" сөзінің түбірі бұл парсы тілі арғы жағы араб тіліндегі фаласафасы сөзі, маxаббат ләззат мемлекет деген сөздерде сол араб немесе парсы тілдерінен енген. Біздің тілімізде Исламнан бастау алады.
Енді жетпей тұрғаны фанатиктің ақылы еді. "Религия-это опиум для народа"- дейді. Сол шын сияқты..
Дұрыс айтасыз, Дін кез-келген идеология сияқты халыққа арналған опиум, яғни халықты санасын жаулап алу үшін, мысалы фашизмды алайық, жалған идея үшін талай адам өз өмірін құртты, соған сенді, сол сияқты коммунизм үшін де, Діндердің барлығы да негізінен идеология
10 ғасырда қазақ қазақ болған жоқ. Ол кезде түркі халықтары болған. Халық болып қалыптасу үрдісі жүріп жатқан кез еді. Қазақ монғол шапқыншылығынан кейін, Алтын Орда, Ақ Орда хандықтарынан кейін халық болып қалыптасты.
0 дауыс
1. Адам жаратылғанда Бiрқұдайшылдық (ханиф) сенiмiмен келдi. Уақыт өте келе адамдар бұзылды, көптеген көпқұдайшылдық, ширк және күпір (Бiр Алланы бiр Құдайды мойындамау, жаратылыстармен (махлұқ) Құдайды теңестіру, баласы бар деу, жаратылыстардыкіндей образ беру) пайда болды.
2. Дүние (маxлұқ)  қарапайым жаратылыстарды тылсымдап отсыз.
3. Ислам дiнi сенiмi әуелден бастап бар, Адам жаратылғаннан берi сенiмi Ханиф (бірқұдайшылдық) қалып, ал құлшылық формасы әр ғасырда әр түрлі болған. Соңғы Пайғамбар (оған Алланың мейірімімен сәлемі болсын) келуімен құлшылық формасы намаз болып бекітілді.
4. Басқа дiндер адамдардың қолдарымен өзгертiлдi, Таурат Інжіл өзгертіліп сол баяғы саф қалпын жоғалтты. Иудаизм, Христиан басқынмен мәжбүрмен келген шығар, бірақ Ислам дiнi мәжбүрмен келмедi.
Яхуди немесе христиандарға тимей шіркеу синагогтарында құлшылығын жасауға кедергi болмады. Оған дәлел Құрандағы аят "ла икраhа фид-дин" (Бақара сүресi) дiнде мәжбүр жоқ деген.
5. Дiн және Ғылым қарамы қарсы ұғым емес, екеуі жүзетін бір кеме немесе ұшатын екі қанат секілді.
+1 дауыс
Священный Коран раскрывает тайные глубины науки 04 Апр 2009 Фетхуллах Гюлен Главная цель Священного Писания – Корана заключается в наставлении людей на путь истины, чтобы они уверовали в Бога-Создателя, который известен нам через все, что есть на земле и на небесах, через то, что доступно нам, и через то, что еще будет открыто, чтобы они встали на путь веры и поклонения Единому Богу, чтобы они строили свою частную и общественную жизнь таким образом, что способствовало бы достижению ими счастья как в этом мире, так и в следующей жизни. Священный Коран является всеобъемлющим, ибо он ниспослан человечеству во спасение, для того чтобы человек оставался верен Богу, мог достигнуть успеха, уважения и вечного счастья. Совершенство стиля и безупречная логика изложения Священного Корана в арабском оригинале засвидетельствованы жившими в разные столетия многими великими людьми, которые стремились к овладению в совершенстве арабским языком и языками мусульманских народов, чтобы ознакомиться со Священным Писанием. Благодаря Священному Корану, те, кто занимался изучением человека или физического мира, получили возможность постигнуть истинную природу вещей и явлений. При помощи Священного Корана, заложенной в нем мудрости психологи и социологи сумели разрешить сложнейшие вопросы, касающиеся индивида и общества. И когда мы сегодня говорим о содержании Священного Корана, то имеем в виду высказывания, относящиеся к научной сфере, и то, как они соотносятся с современными достижениями точных наук. Положения Священного Корана, касающиеся науки, изложены так четко, что доступны для понимания как архангелу Джибраилу (Гавриилу) (мир ему), передавшему Пророку Мухаммаду (мир ему и благословение) Божественное Откровение, так и простому пастуху, пасущему в горах свое стадо. Те, кто правильно подходит к чтению Священного Писания, несмотря на то, что каждый из нас обладает различным уровнем знаний, не имеет расхождений в понимании заложенного в нем смысла. Очевидно, что наилучшее понимание смысла стихов Священного Корана возможно в том случае, если человек в совершенстве владеет арабским языком, когда ему знакомы словесные нюансы и структура языка, а также если он имеет представление о событиях, о которых идет речь в священном тексте. Так, в отличие от современных толкований, наиболее достоверными являются толкования, данные самими сподвижниками Посланника Аллаха (мир ему и благословение) и людьми, жившими в последующее время, такими как, например, Ибн Джарир (да будет доволен им Аллах). Приведём несколько аргументов в пользу нашего утверждения. 1. Создатель, Который все знает и видит еще до начала самого времени и после его (времени) окончания, приоткрывает перед нами завесу будущего: «Мы покажем им Наши знамения в различных уголках земли и небес, а также в них самих, пока не станет им ясно, что это – истина. Разве недостаточно для твоего Господа, что Он о всякой вещи свидетель?»(Священный Коран, 41:53). С давнего времени суфии считали этот стих символом, подтверждающим ту духовную мудрость, к которой они стремились. А если вспомнить достижения, которых достигла научная мысль со времени ниспослания Откровения Пророку Мухаммаду (мир ему и благословение) то само существование такого стиха будет казаться нам чудом. То, что доступно пониманию человека и поддается его изучению, подтверждает единство и исключительность Творца по мере того, как природа и взаимосвязь макро– и микрокосма раскрываются нашему пониманию. Мы убеждаемся в том, что все, ниспосланное нам в качестве Божественного Откровения, вскоре будет подтверждено на практике. И сейчас мы чувствуем, что вскоре услышим и сможем понять хвалу Всевышнему, произносимую тысячами языков, принадлежащих природе: «Прославляют Его семь небес, и земля, и те, кто на них. Нет ничего, что бы не прославляло Его хвалой, но вы не понимаете прославления их. Поистине, Он – терпеливый, прощающий!» (Священный Коран, 17:44). Огромная значимость этого стиха является для нас сегодня очевидной. Все, что окружает нас, включая самые мелкие атомы, говорит с нами на свойственном им языке, на языке, восхваляющем Единого Бога. В то же время, услышать и понять его способны лишь немногие. Далее... 2. Священный Коран повествует также о формировании и стадиях развития эмбриона в утробе матери, что также заслуживает особого внимания: «O люди! Если вы в сомнении о воскрешении, то ведь Мы создали вас из праха, потом из капли, потом из сгустка крови, потом из куска мяса, сформированного или бесформенного, чтобы разъяснить вам (это)» (Священный Коран, 22:5). В другом стихе развитие эмбриона описано более детально, с четким делением на фазы: «Мы уже создали человека из эссенции глины, потом поместили Мы его каплей в надежном месте, потом создали из капли сгусток крови и создали из сгустка крови кусок мяса, создали из этого куска кости и облекли кости мясом, потом Мы вырастили его в другом творении, – благословен же Аллах, лучший из творцов!» (Священный Коран, 23:12-14). «...Он творит вас в утробах ваших матерей, одним творением после другого в трех мраках...» (Священный Коран, 39:6). Благодаря достижениям науки, стало возможным объяснение фразы «три мрака». «Три мрака» или «три покрова тьмы» включают в себя переднюю брюшную стенку, стенку матки и амниотическую мембрану. Священный Коран повествует о молоке и процессе его образования, который так же чудесен, как и сам напиток: «И для вас в (вашем) скоте – назидание. Мы поим вас из того, что у них в желудках между калом и кровью, молоком чистым, приятным для пьющих» (Священный Коран, 16:66). Священный Коран достаточно детально говорит о процессе, в результате которого в живом организме появляется молоко. Первый этап процесса предполагает потребление пищи и ее усвоение пищеварительной системой, тогда как второй этап происходит в шейных железах организма. Молоко, таким образом, являясь, с одной стороны, полноценным и приятным продуктом питания для человека, одновременно представляет из себя один из видов секреции, выделяемых организмом за ненадобностью. Оно сравнимо с потоком крови, являющейся одним из главных элементов живого организма. Далее... 4. Священный Коран говорит, что все созданное в природе состоит из пар: «Хвала Тому, кто создал все пары из тех, что выращивает земля, и из них самих, и из того, чего они не знают»(Священный Коран, 36:36). Все состоит из пар, дополняя друг друга, являясь идентичными или противоположными друг другу. Нам уже давно известно о том, что люди, животные и растения существуют в парах, однако нашему пониманию сегодня недоступно значение фразы «из тех, что выращивает земля... и из того, чего они не знают». Возможно, имеется в виду, что все сущее – как одушевленное, так и неодушевленное – существует в парах. Действительно, согласно современным научным представлениям, в природе все существует в парах – начиная с атомов и заканчивая облаками. Далее... 5. Священный Коран подробно рассказывает о сотворении мира и всего живого на земле: «Разве не видели те, которые не веровали, что небеса и земля были соединены, а Мы их разделили и сделали из воды всякую вещь живую. Неужели они не уверуют?»(Священный Коран, 21:30). Объяснение, данное Священным Кораном, предельно ясно и не следует считать сказанное гипотезой. Писание говорит также, что каждое живое творение на земле создано из воды. Оно не обсуждает вопрос от том, возникла ли жизнь в результате поднятия с земли воздуха и водяного пара, которые вследствие конденсации вернулись на поверхность земли в виде осадков, образовав затем моря и океаны и, таким образом, создав условия для развития живых организмов, или же возникновение жизни происходило иным путем. Священный Коран четко и понятно рассказывает о Вселенной, как о чудесном факте творения, в котором все элементы, подобно ветвям дерева, находятся во взаимосвязи и происходят из одного корня. Далее... 6. Особое место в системе мироздания занимает Солнце. Священная Книга, используя всего несколько слов арабского языка, раскрывает перед нами самые важные данные об этой звезде, при том, что это нелегко сделать: «И солнце течет к местопребыванию своему. Таково установление Славного, Мудрого!» (Священный Коран, 36:38). На самом деле, употребленное здесь слово «мустаккарр» может означать как определенный маршрут в космосе, так и определенное положение, в котором звезда может находиться в состоянии покоя, или какой-то временный маршрут. Но здесь речь идет не только об определенном маршруте, по которому движется звезда, но также и о том, что Солнце движется относительно конкретной точки во Вселенной. Солнечная система (Солнце и вращающиеся вокруг нее планеты и спутники), как сейчас известно, движется по направлению к созвездию Лиры. Причем, скорость ее движения является огромной (10 миль в секунду, т. е. миллион миль в день). Нас также интересует момент, когда система достигнет конечного пункта и перейдет в состояние покоя. Исключительность Священного Корана заключается в подобной лаконичности изложения. Множество неизвестных явлений объясняется всего в нескольких словах, а ведь Священный Коран был ниспослан людям 14 столетий назад, когда они еще верили в то, что Солнце ежедневно вращается вокруг Земли! Далее... 7. Другое удивительное (и также лаконичное) высказывание Священного Корана относится к вопросу о расширении Вселенной в пространстве: «И небо Мы воздвигли руками, и ведь Мы – расширители» (Священный Коран, 51:47). В аяте Корана говорится о том, что расстояние между небесными телами постоянно увеличивается, а значит, Вселенная расширяется. В 1922 году астроном Хаббель вычислил, что все галактики, за исключением пяти более близких к Земле, удаляются дальше в пространство, а их скорость прямо пропорциональна их расстоянию от Земли. Так, согласно вычислениям Хаббеля, галактика, находящаяся на расстоянии 1 миллиона световых лет от Земли, удаляется от нее со скоростью 168 км в год и увеличивается при соответственном увеличении расстояния между галактикой и Землей в 2 раза и т. д. Ле Майтре, бельгийский священник и математик, позднее также разработал и предложил теорию, согласно которой Вселенная расширяется. По сути, не так важно, как люди пытаются описать реальность, используют ли они формулы Хаббеля или теорию другого ученого. Неизменным является то, что Божественное Откровение безошибочно и четко повествует об этой реальности. Далее... 8. В Священном Коране указывается на невидимые процессы, которые сегодня известны как законы физики: притяжение и отталкивание, вращение, революционные процессы во Вселенной: «Аллах – Тот, кто воздвиг небеса без опор, которые бы вы видели...»(Священный Коран, 13:2). Небесные тела, будь то спутники или целые системы, подобные Солнечной, находятся в гармонии и движутся согласно определенному закону. Их существование предполагает некоторого рода опору, однако она невидима для нас. Так, подобной «опорой» является вращение: «...И Он держит небо, чтобы оно не упало на землю иначе, как с Его дозволения...» (Священный Коран, 22:65). Из этого аята Корана следует, что небесные тела в любой момент могут обрушиться на Землю, и только Всемогущий Создатель может предотвратить это. Подтверждение этому мы находим в современной науке, которая повествует о данном процессе другим языком, применяя термины «центробежная» и «центростремительная» силы. Сегодня особенно важно то, что мы осознаем значение Божественной милости, благодаря которой существует Вселенная. Далее... 9. В Священном Коране есть аят, предвосхищающий полет на Луну. То, что раньше было лишь мечтой, стало реальностью: «Но нет, клянусь зарею, и ночью, и тем, что она собирает, и луной, когда она полнеет, вы будете переходить из слоя в слой!» (Священный Коран, 84:16-19). Раньше предлагались различные трактовки этого аята. Некоторые видели в нем образное описание духовной жизни человека, подразумевавшее восхождение духа по восходящим ступеням неба, другие – изменение душевного состояния в целом. С течением времени толкование не приобретало ясности, что скорее объяснялось несоответствием между буквальным значением аята и имевшимися у толкователей представлениями о возможностях перемещения такого рода. На самом деле из контекста самого аята следует, что речь идет о полете на Луну. Далее... 10. Священная Книга повествует также о форме земного шара и ее изменении, что вызывает особый интерес: «... Разве они не видят, что Мы приходим к земле, сокращая ее по краям? Так они ли победители?»(Священный Коран, 21:44). В настоящее время «сокращение» земного шара «по краям», возможно, подразумевает сжатие его в области полюсов. И уже в то время, когда люди верили в то, что земля плоская и неподвижная, можно было узнать истину, обратившись к аятам Священного Корана, повествующим о том, что земля круглая. Особый интерес вызывает то, что по форме земля больше напоминает не шар, а яйцо. В Священном Коране говорится: «...и земле Он придал форму яйца, вывел из нее ее воду и пастбище, и горы – Он утвердил их» (Священный Коран, 79:30-32). Употребляемый при этом глагол «daha», который на языке оригинала дословно означает «придавать форму яйца» происходит от используемого и в современном арабском языке существительного «dahia» (яйцо). Таким образом, те, кто брались за толкование Священного Корана в прошлом, опускали эту фразу, как, возможно, не соответствующую господствовавшему в то время представлению о форме земного шара и в силу своего непонимания истинного значения аята, а также, вероятно, из-за боязни того, что буквальное значение аята будет непонятно окружающим. Благодаря современным научным достижениям, недавно было установлено, что земля, действительно, яйцевидной формы. Далее... 11. Обратимся теперь к вопросу о том, что говорит Священный Коран о Солнце и Луне: «И сделали Мы ночь и день двумя знамениями; и стираем Мы знамения ночи и делаем знамение дня дающим видеть, чтобы вы искали милости от вашего Господа и чтобы знали число годов и счета, и всякую вещь Мы распределили в порядке» (Священный Коран, 17:12). Согласно толкованию Ибн Аббаса (да будет доволен им Аллах), фраза «знамение ночи» означает Луну, а «знамение дня» – Солнце. Из этого следует, что слова «и стираем Мы знамения ночи» означают, что Луна была способна испускать свет до тех пор, пока Бог не лишил ее этой способности. Таким образом, Священное Писание, повествуя о прошлом Луны, в то же время указывает на будущее остальных небесных тел. В Священном Коране достаточно много примеров того, что в настоящее время известно как научно доказанный факт. Это свидетельствует о том, что знания, которыми обладают сегодня люди, составляют лишь малую часть знаний, предлагаемых нам Священным Кораном, являющимся Божественной Милостью. Божественная Книгараскрывает нам Истину, содержащиеся в ней знания выходят далеко за рамки человеческих представлений об окружающем мире. Но Священный Коран не следует рассматривать как исключительно научную книгу. Верующими он всегда рассматривался как Руководство, наставляющее людей на путь истинной веры и правильных поступков, чтобы мы были достойны ниспосланного нам Божественного Откровения и прощения Милостивого Творца.
Не было ни религий, ни вер. Человек природу любил. И через неё общался с Богом. Плодами вкусными. Дождичками живительными, погодой
 ласковой. Животными любящими. А потом ушлые люди напридумывали храмов, написали "священные" книги. И -- пошло -- поехало. Религии разделили людей на врагов.
0 дауыс
Я ненавижу и отрекся от ислама потому что* 1)когда Айше было 9 пророк Муххамед занимался с ней сексом.2) у пророка Муххамеда было много жен.3)пророк Муххамед любил сажать 8-летнюю Айшу к себе на колени и ласкать ее.4) в Исламе есть такое понятие как Джихад-священная война против неверных.5)мусульмане считают что женщины-это порождение дьявола.и еще 1 мужчина равняется к 2 женщинам, то есть считают что женщины тупы. В Иране,Пакистане,в Йемене и в других мусульманских странах девочек выдают замуж начиная с 10 лет, хотя по закону с 16 лет. По закону долбанного шариата за прелюбодеяние женщину до смерти забивают камнями,мужчин тоже,но женщин Намного чаще! Чисто в мусульманских странах атеистам, язычникам, Тенгрианцу как я и христианам опасно жить.Вот почему я ненавижу ислам
Али Вячеслав Полосин( Айдын Али Заде) бывшый священник xристиан. Ответы из книги "Ислам не такой! а какой?"

Исламская апологетика — это защита Ислама от нападок и от рациональной критики посредством доводов разума. В книге даны ответы на самые острые и "каверзные" вопросы представителей других религий, антиисламских миссионеров и просто сомневающихся относительно Корана, Сунны Пророка (мир ему) и исламской традиции. В ответах приведены положения истории, вероучения и философии Ислама. Книга представляет собой энциклопедию опровержения исламофобии, где читатель ищет по оглавлению вопросы критиков Ислама, и на каждый вопрос он находит аргументированный ответ.
http://azan.kz/library/show/id/73.html
Ислам тарихын және пайғамбар өмірбаянын,шариғатты,құранды сол кездегі қоғамды білмей жатып,сондай-ақ өзін мұсылманмын дейтін,бірақ іс жүзінде Исламға мүлде қатысы жоқ пасықтардың істеген жамандықтарынан Ислам жайлы және пайғамбар жайлы мұндай  лайықсыз сөздерді айту дұрыс емес.Тіпті Пайғамбар өмірбаянын жазған басқа дін өкілдері немесе атеист ғалымдар ол туралы бұлай жазбайды.
Белгісіз
Сіз қатты менің ашуыма тидіңіз! Біріншіден, адамда ұят деген нəрсе бар. Екіншіден, адам интернетте не жазылса, соған сене берсе, бір күні қзінң кім екенін ұмытады. Үшіншіден, бір кінə тақпас бұрын дəлелде! Бірнеше ғасырдан соң келіп ап бəрін білетіндей сандырақтама! Төртіншіден, Исламды күшті біліп, қатесін таптым дейсің ба? Исламды дұрыстап түсінбеген өзіңнен көр. Құранның бір сүресін оқымай жатып маған онда қате бар деп айтушы болма! Бесіншіден, Құранда əйелдерді сыйлау керектігі жазылған. Тіпті Пайғамбар(с.а.с) əйелдеріңмен жақсы болыңдар деген. Ойдан фантазия шығармай, тіліңді қысқарт! Алтыншыдан, таза мұсылман мемлекеттер сені жек көреді емес, сенің адасып жүргеніңе қарап өкінеді. Жетіншіден, тіпті Мұхаммедтің (с.а.с) өмірін оқымаған адам оның қандай болғанын маған айтпай ақ қойсын! Себебі бір интернеттегі жаман пікірлерден кейін анығына жетпей жатып дінінен бас тартқан адам нағыз ақымақ!
Айтарға сөзім жоқ!!! Қатты кетсем, ақымды адал ет! Бірақ мына сөзді есте сақта! Бəрін ОЛ көріп тұр! Өзіңнің ақыретің өз қолыңда!
0 дауыс
Әрбір өмірге келген адамның бірінші міндеті-рухани даму.  Ал рухани дамудың мыңдаған жолдары,жүздеген мектебі  бар.

Дін-сол рухани дамудың бір мектебі. Бұл мектеп ұнамаса басқасын таңда,айналып келгенде бәрімізді жаратқан бір Алла,тек осыны ұмытпайық !
Әрбір өмірге келген адамның міндеті ол Жаратушысын тану. Қайдан келді, не мақсатпен, және қайда кетед. Және ол танудың бір жолы бір мектебі бар ол- Ислам. Басқа діндерден Алланы таба алмайсыз. Басқа діндер басқа жолдар адастырып жібереді.
Менің айтып отырғаным дін емес, рухани даму.
Адам алдымен өзін тану керек,өзіңді танысаң Құдайыңды танисың,Құдайды танысаң Әлемді танисың.
Ал біздің көп "байғұстар" бірден Әлемді танығысы келіп Құдайын ұмытып кетеді,өкінішті.
Белгісіз
Негізі жазған жауабыңыз бұл аталмыш тақырыпқа дым қатысы жоқ, бірақ сондада сізге жауап берейін. Бірінші орынға дінді қоймасаңыз өкінішті ақ. Сіз сияқты рухани даму деп жүргендер көп, бірақ қандай жолмен? Рухани дамудыңда жүретін жолы бар, рухани даму деп жүріп батыстың қақпанына немесе адасушылықтарға түсіп жатқандарда біршама. Өзін тану, Құдайды танудағы тұжырымыңыз қай тұрғыда екенін білмеймін философиялықпа әлде басқама, бірақ сол жолдардың ешқайсысы сізге өзін өзі танудағы ақиқатты үйретпейді. Білсеңіз дінімізде руханиятты үйретеді, адам жайлы өзін өзі танудағы жайлы Құдай Аллаһ жайлы ең таза ілімді үйретеді.
+1 дауыс
Біріншіден, сұрақ нақты емес. Себебі қазақ тарихында бірнеше дін болған. Бірақ, сұрақты логикалық түрде байланыстырар болсақ, Исламға келері сөзсіз. Егер мендегі логика дұрыс болса, мен пікірге келісемін. Себебі бізде қазір рухани да, ұлттық та қандай болсын(мысалы достық, махаббат) құндылық жоғалып жатыр. Ал осының бəрін бізге қайтарып бере алатын Ислам. Ал егер, менің логикалық байланысым дұрыс болмай, басқы бір дін болса, келіспеймін. Себебі менталитет деген дүние бар. Өзге діндер оған қарсы келіп қалатын жағдайлар бар. Екіншіден, Ислам ешқашан біріктірмейді десеңіздер қатты қателесесіздер. Себебі қазіргі заманда еш біріктіру мүмкін емес бай мен кедей сонау Пайғамбар(с.а.с) мен Халифалар заманында еш бөлінбей бірге жүрген. Бұл 2 адамды немесе 2 əлемді біріктіру. Діннің кейін таралуы мемлекеттердің арасындағы байланысты арттырды. Бұл 2 мемлекетті біріктіру. Ислам адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға шақырады. Бұл 2 мүддені біреуге біріктіру. Осы жерден тоқтамасам, кете беретін сияқты...))) араздастыру туралыға келсек. Бəрімізге де белгілі АҚШ жəне Еуропа елдері терроризмді қаржыландырып отырады. Бұл нені көрсетеді? Исламды жетік білмегендер біреудің ойыншығы болады деген сөз. Сондықтан бірнəрсе жазбас бұрын, сөзімізге ие болсақ немесе фактпен сөйлесек. Себебі құрғақ ауыз сөз қазіргі жастардың білімі төмен екендігінің белгісі
Исламнан басқа қандай дін болушы еді қазақта? 8 ғасырдан бастап осы заманға дейін мұсылманша есімдер қазақтардың мұсылман болғаны факт болмай немене?
Басқа пікірлеріңізбен толықтай келісемін! Пікір қалдырғаныңызға раxмет!
Ислам ешқандай қазақтың төл діні емес
Фанатиксызба? Бір сөзіңізді қайталай бердіңізғо, или Провокаторсызба? Дәлелсіз сөзіңіз бос болады.
Сеніміңіз қандай? Егер бар болса. Кімсіз, Қандай бағыттасыз? Жаза кетші соныда.
пастафарианство дініндемін )))))), (ұшатын макарон қарақшыларымен қосылып бізді қолдай берсін, РАМИН)
...