0 дауыс
433 көрілді
БЕЙБІТ ШЕРУ ДЕЙДІ...

Бейбіт шеру дейді. Өкінішіке қарай, мәселенің шешімі біз ойлағандай бейбіт шеруден табылса жақсы-ау. Бар бәленің бәрі осы бейбіт шеруден басталатынына әлемдегі төңкеріс тоңқалаң астырған мемлекеттер куә, рас. Тоңқалаң астырудың технологиялары ықылым заманнан белгілі. Ол үшін әлеуметтік социологияда әбден зерттелген топ психологиясын түсініп, (crowd psychology) тиімді пайдаланса да жетіп жатыр. Бұл теорияны социология ілімінің марғасқалары Гюстав Лебон, Вильфред Троттер, Габриель Тард, Зигмунд Фрейд, Элиас Канетти жетесіне жеткізіп айтып кеткен. Нанбасаңыз, гуглда ол туралы ақпарат молынан.

Мәселен, Гюстав Лебон бүй дейді:
«Қаумалаған топтың ішінде мына нәрсеге баса назар аударған ләзім:
бұл топтың ішінде түрлі көзқарастағы, қилы наным-сенімдегі, түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар бар. Алайда жекелей алғанда әртүрлі ойлап, түрлі әрекет ететін адамдар топқа біріккен сәтінен бастап олардың санасын ұжымдық рух билей бастайды. Мұндай топты салқынқанды конструктивті ақыл емес, ағын судай эмоция билей бастайды. Топтың мүшелері пікірі дұрысты емес, даусы өзгелерден қатты шыққанды ғана естіп, соның сөзіне ғана ере бастайды".

Топ психологиясында пайдаланылатын тетік - арандату. Технологиялар тілінде ең маңызды тұсы да осы. Арандатуда әлеуметтік теңсіздікті ұрандатқан немесе ұлтаралық қақтығысты тудыратын ұрандар айтылып, қойылымдар жасалады. Қалайша? Түсіндіре кетейін. Қош делік, алаңға шықтыңыз.

1. Шартты мысал: қаумалаған көпшіліктің қарсы бетінде әлбетте ресми полиция кордоны тұрады. Кенет ойда-жоқта қайдан шыққаны белгісіз, полиция формасын киген жалған қызметкерсымақ әлдебіреу оңтайлы сәтті пайдаланып, топтың ішіне ентелеп кіріп, адамдарды әдейі арандатып, соққыға жыға бастауы мүмкін. Сценарий бойынша бұл көріністің куәсі болған екінші бір адам "айқайшының" рөлін бастайды. "Полиция бізді соққыға жықты. Аттан ! Билік халқына қол көтерді" деген ұрандардың айтыла бастайтын кез осы. Бұл сәтте топтағы үшінші рөлдегі адам өзімен өзі тұрған шын полиция кордонына шабуыл жасай бастайды. Аттанға ерген, полиция ұрғанының куәсі болған топ даусы қаттырақ шыққан топбасының сөзіне ере бастап, полицияға доқ көрсете бастайды. Полиция тиісінше, қорғануға мәжбүр. Технология сәтімен іске асты. Топқа өрт тасталды.

2. Тағы бір сценарийде ұлт араздығын қоздату факторы қолданылуы мүмкін. Рөлдегі кейіпкерлер:" ұлты өзге полицей" мен "қазақ қызы" және "айқайшы". Форма киген ұлты өзге "полицей" алаңға жымысқы мақсатпен келген "қазақтың қызына" қол көтереді. Сол сәтті "кездейсоқ" көріп қалған "айқайшы" бұл жолы: "қазақтың қызын орыс полицей соғып жатыр. Аттааан !. Қайда қарап тұрсыңдар?" деген технология қолданылуы мүмкін. Топқа өрт тасталды.

3. Келесі кезең бұл "желілік соғыс". Әсіресе Ливия, Сирияда кең көрініс тапты. Ол бойынша шыққан дерегі күмәнді, түпнұсқасы тексерілмеген, тиісінше, мейлінше халық ішінде дүрлігуді тудыратын қанды көріністерді әлеуметті желілерде тарату. Небір құйтырқылық жасалады. Фотошоптың көкесі, дыбыстық эффектілердің небір атасы жасалады. WhatsUpp сияқты желіге алаңға шығуды ұрандатқан жазбалар жіберіледі. YouTube желісіне бейнесі күдікті, үстіне атыс-шабыстың эффектісі тіркелген видео жаппай жариялана бастайды. Тіпті, көрілімін көбейту үшін желіге ақылы жарнама берілуі мүмкін. Бір күннің ішінде кемінде 20 мың көрілген бейнежазбаны көрген Сіз де осылайша видеоға нана, сене бастайсыз. Көкейіңізде үрей туындап, әрекетіңізді салқынқанды санадан гөрі, бейберекет эмоция билей бастайды. Кешегі Қызылордадан тарады деп ақпар берілген фотосурет те осының айқын дәлелі. Қытайда жарияланған суретті Қызылордада деп берген арандатушылардың жымысқы әрекеті белгілі болды. Қысқаша айтса осындай. Посттың форматына салып ықшамдап берген түрім осы.

Бейбіт шеру дейді...Батыста та шеру болады ғой, біз кембіз бе? дейді. Ойыл қайда, Жем қайда? деген сияқты "Батыс қайда, біз қайда деймін" мен. Ой тастау менен, қорыту Сізден. Өзгесі кейінгі постыларымда.

Әуесбайдың Қанаты

1 жауап

+1 дауыс
Бейбіт шерулер болып тұру керек демократиялық елдерде, халық өз ойларын ортаға салып. жеткізе алу керек өкіметке.  Батыс европада бұрын түрлі шерулер болатын да жататын, оның бүгінгі нәтижесіне қарасаң, олар қаттты дамыған мемлекеттерге айналып кетіпті.
...