0 дауыс
588 көрілді
2014 жылдан бері сатылы түрде темекі мен алкоголь өнімдеріне баға көтеріліп келеді. Осының нәтижесі қандай? Бағаны көтергеннен қолжетімділікті тежей аламыз ба?

3 жауап

0 дауыс
Аңқаумыз ғой бiз. Темекi мен алкогольдi қымбаттатуды бiздi ойлап жасап жатқан жоқ.
0 дауыс
Оны қымбаттатқаннан не пайда, енді тойларда бұрынғыдай таза арақтар қойылмай, оның орнына  сасып кеткен,қытайдан келген оцетон сасыған өміріңе өте қауіпті  арзан арақтарды қоя бастапты. Оның себебі: арақтар қымбаттап кеткен, қалталары көтермейді. Қазіргі тойларда көріп жүрген шығарсыңдар, сонда да ішетіндер одан сайын қоймай өліп ішіп жатыр, бірақ олар өлмесе өміре қапсын, солай той йесі қонақтарын силай бастапты кризис заманында(адам өмірі оған 1 тиын, тойға ақша түссе болды).  Осыдан 2-3 жыл бұрын ғана тойларда таза арақтар қойылатын. (Мен  жай болып жатқан оқиғаларды ған жаздым,заман солай болса не істейсің, айып етпе.)
0 дауыс
Темекінің бағасын көтергені дұрыс болмады!  Темекіні қай жетіскен адам шегеді дейсіңдер, өңшең   бастарында ауыр қайғысы барлар, кредит төлей алмай қиналып жатқандар,  пәтер жалдап қиналып тұрып жатқандар, жұмыс таппай , ақшадан қиналып, тентіреп жүрген бейшара халық шегеді.   Байларға бәрібір , олар жақсы темекілерді блок-блогымен доллармен сатып алып үйлеріне жинап қойған, түгі де қисайған жоқ,  тенгенің құнсызданғанына бастарын ауыртпайды да..

Қысқасы нәтиже шықпайды.  Айналаның бәрін көріп отырмын.   Мен ғана емес екі көзі сау адамдардың бәрі прекрасно көріп отыр оларды.
...