+9 дауыс
29.1k көрілді
Менің әкем күнде арақ ішіп келеді. Қой дегенмен нәтиже шықпады. Әкемді жақсы көремін, бүйтіп жургені жаныма батады. Орынсыз кунде ішіп келеді. Қалай қойдыруга болады.?
Негізі арақты қою үлкен мәселе.Мені ойландырып қойып жүр. Арақты ішпейтін адам жоқ, бірақ біз болашақты ойлауымыз керек. Негізі арақ ішетіндер арақты ішпейтіндерге іш дейді, сосын оның көңілі үшін немесе бір ұрттап жіберсем болады деп ішеді. Содан кейін әрі қарай жағдай ушығып кетедң: іше береді, іше береді, қой деген бос сөз, себебі арақты қайта тартатын бір зат бар, сол жаман. Келешекте өзім де арақтан алшақ болғым келеді.

13 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақын адамымыз қайғыға душар болса, бізге одан екі есе ауыр тиетіні анық. Біріншіден, енді біз өтпес қамалдың екі жағында сияқтымыз, «мен ішпеймін, ал сен болсаң…». Ал екіншіден, біз оған қалай көмектесуді де білмейміз.

Егер бұл проблема сіздің үйіңізде болса, онда ешқашан жақын адамыңыздың өз өмірін құртқанын күтіп, қол қусырып отыруға болмайды. Егер сіз өз туысыңыз маскүнемге жата ма, жоқ па дегенге күдіктенетін болсаңыз, ол үшін маскүнемді қалай тану керек екенін білу қажет. Медициналық орталыққа барғанға дейін, алдымен оны бақылап көріңіз. Және де мынадай сұрақтарға дұрыс жауап беріп көріңіз: «Ол ішуге бір себеп іздеп жүр ме?», «Қалыпты өмір сүру үшін оған міндетті түрде ішу керек пе?», «Ол отбасының басқа мүшелерінен тығылып іше ме?», «Оның сыртқы келбетінде және жақындарына деген көзқарасында өзгерістер бар ма?». Егер Сіз туысыңыздың спирттік сусындарға құмарлығын түсінсеңіз, оны ішуді өз бетінше тоқтата алмаса, ақырындап алкогольді көп мөлшерде ішуге үйренсе, оның кейін қалай өмірімен қоштасып бара жатқаны сынды қорқынышты көрмес үшін оған қалай көмектесу керектігі туралы ойланыңыз. Ол үшін Сізге мұндай жағдайлармен бірнеше мәрте түйісіп жүрген нарколог-дәрігердің кәсіби көмегі қажет.

Сіздің міндетіңіз – ауру адамды маскүнемдіктен міндетті түрде емделу керек екендігіне сендіру. Көптеген адамдар өзімнің қолымнан келеді, ішуді өзім-ақ қоямын деп емделуден бас тартады. Алайда, бұл тәжірибе жүзінде іске аспайды. Алкогольге тәуелділік – бұл ішкен адамға ғана емес, сонымен қатар күнделікті күйзелісте жүретін оның туыстарына да, ауыр әсер ететін сөзсіз қиын ауру. Бірақ алкогольге тәуелділікті жазылмайтын ауруға жатқызуға болмайды. Алкогольге тәуелділікті емдеуге мұқият ойланып кірісу қажет. Оны емдеудегі әрбір ойланбай жасалған қадам қайта айналып келмейтін зардаптарға, ауру ағзасының қайта орнына келместей өзгеруіне, тіпті өмірімен қош айтысуына да әкеліп соғуы мүмкін. Кәсіби көмек алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға, арнайы емдеу-сауықтыру орталықтарына, жеке медициналық мекемелерге, ғылыми-диагностикалық орталықтарға баруыңызға болады.

Әдетте емдеу курсы үш сатыдан тұрады:

1) спирттік сусындардан абсолютті бас тарту, алынған токсиндерден ағзаны тазарту және белсенді алкогольге қарсы емделуге психологиялық дайындық;

2) жиілікті емдеу үдерісі;

3) ұзақ көмекші терапия.

Ең бастысы ауру адамды өз қайғысымен жападан-жалғыз тастауға болмайды. Бұл үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұндай құрбандықсыз сіз үшін қымбат адамды алкогольге тәуелділіктен айыру қиын болады, ал көп жағдайда тіпті мүмкін емес. Ішетін адамға қалай көңіл бөлу керек? Әрбір отбасының өзіндік бағыт-бағдары, құндылықтары, әдет-ғұрыптары бар. Сондықтан да туындаған әрбір проблеманы дербес шешуге тура келеді. Дұрыс шешімінің нәтижесі табыстың 90%-ы екенін естен шығармаңыз. Сенің керек екеніңді, сені бәрі жақсы көретінін түсіну – бұл күресуге деген үлкен ынта.

Жанжал – бұл жұбанышты басқа жақтан іздеуге түрткі болады, күмән туғызатын «достардың» өмір сүру мәні – тек «ішуді» іздеу ғана. Мұндай орталарда тұлғаны азғыру көз алдыңда өтеді.

Алкогольге тәуелді адам салынып ішкен кезінде немесе ішкісі келген кезінде оны ұзаққа жібермеуге тырысыңыз. Мұны жәй сөзбен қинамай айту керек.

Маскүнемдікпен ауыратын адамға отбасы қалай көмек бере алады:

- Үйде алкогольді қабылдамайтындай жағдай туғызыңыз, үйдегі ешбір зат ауру адамға ішуді еске салмауы қажет немесе қайта бастап ішіп кетуге итермелемеу керек. Бірінші рөмкені алып қойған екен, барлығы да құрдымға кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше, көз алдынан спирттік ішімдіктерді ғана емес, сонымен қатар, үйдегі сәйкес атрибуттарды да (рюмка, бос шөлмек, штопор және т.б.) алып тастаңыз.

- Сіздің үйіңіздегі отбасылық отырыстар ішімдіксіз өтуі керек. Егер сіздің қонақтарыңыз  немесе сіздерді қонаққа шақырған үйдің қожайыны мұны түсінгісі де келмесе – онымен бірге отырыста болудан қашу керек.

- Сіздің туысыңыз көп уақытын сізбен өткізгісі келетіндей жағдай жасаңыз – сол кезде ол адамда «достармен жиналайық» деген қашып құтыла алмайтын, азғыруға еріп кетуден құтылу мүмкіндігі болады.

Ішуді қойған адамға науқас адам сияқты емес, үлкен күрес жүргізген және де сыйлауға лайық адам ретінде қараңыз.

Ақпарат көзі: http://imurat.kz/maskunem-adamga-komektesu/
Ойхой, менің жауабым мен Админнің жауабы Жақсы Жауап ретінде таңдалуға таласыпты ғой)) Бірақ бәрібір Админнің жауабы күштірек шыққан екен.)))
+5 дауыс
Себебін анықтау керек...
Себепсіз болса - емханаға үгіттегенің дұрыс
+5 дауыс
Жақсы клиникада емдеу керек.Бірақ,алдымен,емделуші адамның арақ ішуді қоямын деген ынтасы болуы керек.
+8 дауыс
Ішкілік адам организміне сініп кеткен дерт қой. Ішкілік қолданар кісі бар ынтасымен қоюға әрекет жасап, тек қана АЛЛАХ СУБХАНА УА-ТААЛАДАН медет сұраса, ЖАРАТУШЫ ИЕМ тілектеріңізді қабыл етеді!
+7 дауыс
Әкең сау күні ашық сөйлесуің керек.Өзіңнің, анаң болса оның да болашағы үшін керек арақты тастауын өтініп, керекті сөздерді тауып сөйлес.Әке асқар тау, бірақ адасқанның айыбы жоқ-қайта үйірін тапқасын демей ме...
+5 дауыс

Қасындағы күндегі кездесушілерден ажырату керек. Ол үшін табиғаты жақсы  алысқа, ұзақ уақытқа алып кету керек. Баратын жеріңізде арақ сатылмағаны жақсы. Дәрі - дәрмек қолданбаңыз.

Процесс кезінде психологиялық ауытқулар болуы мүмкін,  бастапқы он бес күнде. Ашық сөйлесетін адам қасында болсын, барлық тақырыпта. Болғаны, жеңесіз де қоясыз Арақты! Сәттілік!

+4 дауыс
Исламға қатысты кітаптар беріңіз. Қай-қай адам да Құдайдан қорқады ғой. Бірдей тастай салмағанмен бара-бара тыйылар. Ең бірінші, Аллаһтан дұға тіле. Сосын жаңағыдай амал жаса.
мен ойлайм арак ишетин адамдардын ишинде жын бар шыгар деп, болмаса еси дурыс адам арактын зиян екенин биле тура неге ишеди, сол жындар ишкизеди оларды, Тек бир аллага сенемиз, бир алладан тилеймиз, бирак жын шыгаратын адамга барса, кудайга серик косканга жата ма? ,
+4 дауыс
ешқандай сөздер әсер етпейтін болса сыртынан дұға етіңіз. Аллах мейірімді ғой. Әкеңіздің бұл ісін кешіріп, жүрегіне иман үйірер. барі Аллахтың қолында. дұға етіңіз әкеңіз үшін. иншаллах қабыл болар
+5 дауыс
бұл жаманғой өз әкеңнің денсаулығы құрып ауырадығой негізі арақты сататын адамдарға айтатыным осы уды сатапасаңыздар дегім келеді арақ адамды тоздырады есінен адстырады
Сұрақтың қашан қойылғанына қарамапсын ғой xD(giggle)
Сұрақтың қашан қойылғанында не бар, ең бастысы пікірі емес пе?
+1 дауыс
осы қу арақты сатпаса ақша айналымы жүрмей қалатындай үкімет тоқтата алмай отыр ғой. менің ағамда дл сондай болды тіпті ішкенде есін білмей қалатын ет, оны ниеттендіріп қазақ емшілерінің бірі апардық қазір ішпек түгіл қолына ұстамайды
0 дауыс
кайгыдан ишсе тусинип кара
0 дауыс
Менин бир танысым дада осы жагдай орын алып отыр. Кандай дари дармектер бар?
0 дауыс
Менің бир інім бар маскунем жасы 29да күнде ішіп келеді даладан сосын үйге келіп сандырақтайды, ұрынады, сындырады.Әлі үйленбеген. Достары, кластастарымен қатынасады олар өйтіп ішпейді? Не істеуге болады?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 9.08.2020 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 27.04.2020 Жанұя сұрақ қойды
...