0 дауыс
306 көрілді
Атырау  облысы  бойынша  бұған  дейін  қолданыста  болған  қазақтелеком  қызметі  үшін  электронды  төлем  картасы  жарты  жылдан  бері  жоқ  болып  кетті. Қазақтелеком  қызметі  үшін  клиенпен  жасалған  келісім  шарт  бойынша қызмет  үшін  төлемақы  төлеу  әр  айдың  25-ші  күніне  дейін  төлеу  міндеттелген. 24-ші  күні  Казпочта  арқылы  төлем  жасасақ, ол төлем қазақтелеком баланысына  түсіп  болмайды да, қызмет  көрсету  аясынан  клиент  ажыратылып  қалады. Оның  үстіне  Казпочта  мұндай  қызметтері  үшін  қосымша  ақы  алады. Төлем  қабылдайтын  басқа  да  терминалдар қосымша 3-4%  үстеме  ақы  ұстап  қалады. Бұл  өте  тиімсіз. Қазақтелеком қызметі  үшін   төлемді  басқа  ұйымдар  немесе  мекемелер  арқылы  қабылдау дұрыс  емес. Казтелекомның  өз  терминалдарын  көбейту  керек немесе  халыққа  өте  тиімді  электронды  төлем  карталарын қолданысқа  енгізу  керек  қайтадан. Электронды  төлем  карталарын  Атырау  облысы  бойынша  қайтадан  қалпына  келтіруді  сұраймын.

1 жауап

0 дауыс
http://telecom.kz/ мына жерден онлайын арқылы төлеуге болады
...