Әйелім абыройсыз Ақ босағаны аттады, жиіркенем, не істеймін, ажырасайын ба?

+1 дауыс
47.1k қаралым
Әйелімнің біреумен жатқаны көзіме келеді де тұрады. Бұл менің алғашқы некем. Басында ондай ойлар келмеген, енді ес жиіп жаман ойлар мазалайды мені. Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз Ақ босағаны аттағаны. Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің жігіттік намысымды таптап, үйлендім. Үйленгенде дейін, мәселені ести салып, мен жарты жыл толқындым, әрі ойландым, бері ойландым, басқа қыздармен де таныстым. Өзі де өкіріп жылаған, кешірімді сұрап. Менің тағдырым шығар деп, үйленуге бел буғанмын. Үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. Нақты кім екенін сұрамадым, жігіті емес екен. Қанша рет болғанын сұрамадым, қанша жігіттермен жатқанын да сұрамадым. Жаман ойлар келеді. Кейбір сәттерде әйеліме деген жиіркеніш пайда болады. Көңіл күйім жоқ болса, әйелім жылайды, менің қандай ойлы болатынымды сезетін шығар. Қандай кеңес бересіздер? Ажырасайын ба? Бір балам бар.

Өтінем, жігіттер, өздеріңді менің орныма қойып жауап беріңдер. Немесе осындай мен сияқты адамдар бар ма екен?
• Санаты: Махаббат
Үлкен қалаға келіп ұрындым дегені, есімнен шықпайды. Нақты кім екенін сұрамадым, жігіті емес екен. Қанша рет болғанын сұрамадым, қанша жігіттермен жатқанын да сұрамадым. Жаман ойлар келеді. Бұл сенің сөзің, ал енді....  Тоқташы!  Ол әйелің бұрынғы жігітімен ғана болғанда ше? Онда не болар еді? Ештеңе демеспедің?
Рахмет. Тырысамын. Тырысып жатырмын. Ғаламтор алаңыңда жасырын айтпасам, ішіме сыймай бара жатыр.
Білмеймін. Басында кешірдім, кейінгіге кешіре аламын ба деген үмітім бар. Әйелімен сөйлестім, нақты айтпайды, жылайды өкіріп, сұрағанның өзінде жарты күн жылайды. Бетіме баса берсең шыдай алмаймын дейді. Кетіп қалам дейді. Мен сені сүйем деді , ақымақ болдым дейді. Аяғыма жығылып жылайды. Бірақ менде сүйем оны. Қандай пікір қалдыра аласыз? Кеңес? Иә, мен білем, бұл менің шешімім, бас тартуға уақытым да, қақым да болған. Бірақ керісінше шешім қабылдадым. Бұл жәйт арамызда үлкен қабырға сыңайлы. Сұрасам жарты күн немесе бір күн жылаумен өтеді. Қазір кішкене ұмытып сабама келе жатқан сияқтымын, бірақ кейде өзім жалғыз қалғанда, осы ойлар мазалайды, тыныштық бермейді. Не істеймін?
Бауырым менинде басымнан отти бирак мен ажырасып тындым накты ойлан бирак сенин балан бар екен жаксылап ойланда шеш
зинахорга зинахор кездеседи
Біліп тұрып үйленсең енді кімге не дейсің? Басында кешірдің? жігіт болсаң ұмытта бақытты ғұмыр кеш. Бердің ба енді ауырды деме.
Кимге ким лайык екенин Алладан баска билетин ешким жок биринши бак БАҚ  екинши бақ СОР БАҚ дейді  бірінші бағыңнан айрылма катыным жерге калады ешкімге уйленбейді сорлайды деп ойлама себебі сондай ақылды жарым болса деп жүргендер көп мейлі қыз болмаса деп кайынсинилим кыз кезинде журис коп жасады кейн уйленди жигити кыз емессин деп турткилей берген сон ажырасты кейн кайта бай биреудин баласына шыкты атрау плаза  деген бизнес центр дин баласына шыкты нечего бакытты 2 улы бар кыз боп тиген бизден да артык омир суруде

54 жауап

+1 дауыс
Ішім күйіп бара жатыр, намысым жібермей жатыр, шаршап жүрмін. Сендерге айтуға оңай ғой. Мен не істеп қойдым деген сұрақ күні түні маза бермейді маған.
+1 дауыс
Бауырым менде де дәл осындай жағдай. Қиналып жүрмін. Менің 3 баламыз бар. Ал телегония туралы естігенде біреудің баласындай болып көрінеді балаларым. Мен де жылап аламын оңашада. Жүргіш жігітке жүргіш қыз кездеседі дейтін болсақ, меніңд достарымның көбісі қыздай алды. Қыздық туралы әңгіме болса жерге кіріп кете жаздаймын. Әйелің біреумен жатқан деп бетіме басқандар да кездесті... Несін айтасың... Көнеміз дағы амалымыз жоқ
+1 дауыс
Тым төмен ойланасың, ұмытуға тырыс алдағы уақытқа үмітпен қара.
+1 дауыс
Бауырым, менің де басымнан осындай жағдай өтуде. Мені жатсам-тұрсам осы ой мазалайтын. Шүкір етемін, намаз оқимын Аллаға шүкір. Бірақ жалғыз қалғанда өз-өзімді жей беремін. Мұны кім түсінсін. Бәрі ақылгөй, дана. Не істейміз, аңғалдығымыздан көреміз де... Бақыт тілеймін отбасыңа!
0 дауыс
Бақытты бол бауырым,,Менімен тағдырлас екесін.,Екеуміздің өміріміз ұқсайды екен,Алла сабыр берсін.
жігіт таза ақымақ екен,қыз басында шындығын айтқан, соны біле тұрып ұйлендің енді ұялмай соны жариялап отырсын, айтарым балаңды жетім етпе
0 дауыс
жақсы адам болса әйелің, онда неменеге сонша жеркенесін,,,,, қателеспейтін адам жоқ, Ол сені сыйласа, жақсы көрсе, ата анаңды сыйласа басқа не керек саған, Ашейін еригип отырған адамсын ғой,,,, Есіңді жи да не болса соны ойлай берме, Таңдау жасаған өзің, ешкім сені қинаған жоқ, Так что живи мирно и спокойно, Жоқ жерден бале шығармай
0 дауыс
Пайғамбарымызда  куйеуден ажыраскан  әйелге  уйленген көзі  тірісінде  әйелінің  көзіне  шөп  салмаған біле  білсеңдер жігіттер!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Баланың тағдырын ойла жігітім, Әр бір қызды әйел етіп-ап қыз емес деп ажыраса берсе бұл өміде бақытсыз ана саны өспейме масқара ол сенің балаңның анасы біреудің қызы біреудің қарындасы ойлан жігітім өткенді ұмыт алдыңғы жақсы күндеріңді ойла.
0 дауыс
Заман бұзылды.Өйткені ұлттық тәрбиеден айырылып қалатын түріміз бар
0 дауыс
сол қыздың орнында сенің қарндасың болуы мүмкін.Өмірде бәрі болады.Сенімен де сондай жадай болса неетередің.Бұлай елден ақыл сұраанша өз ақылыңмен жаса.Ұлыңды өсіріп,арықарай бақытты өмір сүруды ойлан.Бәрін ұмытуа тырыс.Ақылға кел.
0 дауыс
мынаны жазып отырған еркек емес ез сорлы ғой. неменеге өзінің от басындағыны осында жазып оттап отыр. одан да болашағын ойламай ма? ажыраса қалғанда оған біреу жас қызын бере қоятындай. дәмесінң зорын. өзі бір құдды басқа адаммен жыныстық қатынасқа түспегендей. қыздай алса әйелін ұшпаққа шығарар ма еді? алдымен соған жауап беріп көрсінші. мақаланы жазған адамға айтарым, оттай бермей басқа шаруаңмен айналыс. өсек айтуға, елге жылауға уақыт тапсаң, демек еш жерде жұмыс жасамайтын көк жалқаусың. жұмыстан қолың босамайтын адам болса, мынандай нәрсені жазып, өзіңнің беделіңді түсірмес едің. айтарым, еркек емес сорлысың. одан да ертеңгі күніңді ойлан. қатыныңмен ажырасқанда ертең өзің қатын боласың. себебі саған ешкім тимейді, өзің тиюің керек болады.
0 дауыс
Ағам қыз алп еді  15 жыл отасқаннан кейін катыны жұмысқа қалай тұрды  вахтовый солай жүріс жасап ажырасып тынды Адал жарын менсинбей типти агамыз жокта еркек акелипти дейди коршилери Туптеп келгенде сондай кызга уйлегенің жақсы олар өз күнәсінің өтеуі ретінде енді сенен басқа ешкіммен болмайды
0 дауыс
сен ғашықсың , ғашықтар ғана қызғанады ,мойынада! ұлың бар ойлан ! жылатпа ол ана болды ,сені де біреу жылатар!Өкініп қалма! Өткенді қайтара алмайсың барыңды бағала!
0 дауыс
Ажырасу керек. Әйтпесе өміріңнің ақырына дейін өкініп өтесің. Жоғарыда айтылған пікірлер бос сөз, далбаса, жұбатушылық. Тағы бір байқағаным, осында сіздің келіншегіңіздей нәзік жандылардың көптігі. Айтылған кеңестердің біреуі ғана көңілге қонымды. "Сауатты иманнан кеңес алыңыз".
0 дауыс
Амансыңба бауырым! Уайымыңды түсінем жақсы, бұны тек еркектер ғана түсінеді. Бір ой келсе анау мынау мыйыңды жеп, мен іс сапарға кетіп қалсам үйге бір еркек келіп оған деген ықыласын көрсетіп қояма, дегенмен беті ашылған ғой деген шайтан үйірген ойлар келіп мазалағанда оған кет дегің келеді. Жастығымды құртамба осыған деген сан ойлар келеді де тұрады. Түсінем мен бірінші болуым керек еді деген уайымда бар. Бірақ біздер еркектерге не істесекте нормально ал қыз балдар үшін ондай қателік істеуге жол бермеуі хақ. Бауырым, бірақ мынаны ұмытпа – Таза мұсылман иманды еркек барлығында түсінеді барлығында кешіреді. Бөйтіп шаңырақ қүрып жатқан отбасылары қаншама. Мұнай компаниясында бір аудармашы қыз әріптесім болды. Сол қыз шетелдік еркек пен болды соның аудармашысы болды. Бұкіл компания білетін еді екеуі туралы. Уақыт өте ол шетелдік еркекте жұмысы бітіп еліне қайтты. Сонда сол қызды менің жолдас әріптесім ұнатып үйленуге бел буды. Оған ол қыздың тарихы туралы айтайын десем ауыз бармады. Қалайша айтам ол туралы бұкіл компания біледі ғой олда білу керек деген де ойлар болды. Ең қызығы ақыры жолдас жігіт үйленіп тынды. Сонда бір күні екеуміз қызыңқырап қалған кезде ол маған бар ішіндегі дүниесін ашты. Олда сен сияқты тебіренді. Бірақ мен сол жолдас жігіттің нағыз азамат екеніне таңырқап, кешірімді болу керек екенін үйрендім. Оның отбасы керемет баянды бақытты ғумыр кешуде. Қазір сен табан тіреп өзіңнің Алла қосқан қосағыңды түсініп, тек қана ер азаматқа тән мінез танытып оларды қорғап, асыл уақытыңды бекерге құртпағаныңды келіншегіңе түсіндіре біл. Ол сен үшін жанын беруге әр дайым дайын болатына мен сенемін. Мен саған ажыраспа балаңды немесе қызыңды ойла деген жұбату айтпаймын бірақ ішкі бұрыс дүниеңді жеңе біліп отбасын сақтап қалсаң сен Жұмақтың төрінен орын алатыныңды ұмытпа.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы