+1 дауыс
120k көрілді
Сәлеметсіздерме? Мен бұл жайлы ешкімге жан баласына тіс жарған емеспін,бұл жағдайды тек Алла мен және ол біледі.
Менің жігітім үйленер алдында адалдығыңа көз жеткізуім керек деп көндірді,көнбесіме шара болмады себебі мен ессіз ғашықпын,сонымен біз алғашқы түнді өткіздік,бірақ менде қан болмады тіптен тамшысы да,ол маған күдікпен қарап ертесіне гинекологқа алып барды,ал гинеколог бұл қыз емес деп жауап қайтарды,көз жасым көл болып себебін түсінбеген күйде үйге қайттым, менің сол кезде ұқпағаным мен ешқандай жан баласымен жанаспағанмын,тіптен наркоз кезінде дәрігерлер істеуі мүмкін деп ойлайтындай ешқандай наркоз алмағанмын,түнгі отырыстарда дәрі қосылған су ішіп солай болды-ау деп ойлайтындай отырыстарда ерте ағам алып кететіндігі еді, мүмкін емес жағдай ғой деп айтумен ақталумен болдым. Күнде әжетке шыққанымда қуығым қатты ауыратын болды,кейде шыдай алмай жылап та алатын едім, содан-соң арада 3аптадан аса уақыт өтті біз тағы бірге болдық, сол кезде бүлінген жаялықты көріп таңғалдық, жер-жаһанның бәрі қан, өз көзімізге өзіміз сенбедік.
Ең басты мәселе мынау ол маған үйленетін ойда, күні ертең түнде, маған қыздық салдырайық өзім жасадым өзім көтерем,ертең саған сөз келгенін қаламаймын деп жатыр ал мен қайда барамын. Кеңес берулеріңізді өтінемін.
Сұрақтың жабылу себебі: Қажетті жауап алынған.

16 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Қыздық перде  (hymen) — қазіргі уақыттағы ең көп сұрақ тудыратын жағдайлардың бірі. Көпшілік жас жігіттерді де қыздарды да толғандыратын сұраққа медицина тұрғысынан жауап беріп, қыздық перде жайлы халқымыз арасындағы мифтерді жоққа шығарып, шындықты өз орнына қоймақпыз.

Қыздық перде (латынша- hymen) — бұл қыздардағы қынап және ішкі жыныс ағзаларын оңашалап тұратын перделі құрылым. Құрылысы жағынан қыздық перде дәнекер тіннен, айналасында аздап бұлшықет, қан тамырлары және жүйке (нерв) талшықтарынан тұрады.

Бұлшықет тіні плевраға серпімділік беріп, оның созылғыштығын реттейді. Жүйке талшықтары перденің сезімталдылығын, және дефлорация (жыртылуы) кезіндегі сезімге жауап береді. Қан тамырларының болуы оның дефлорациясы немесе жыртылғандағы кеткен қан көлемін анықтайды. Дәл осы құрылымдардың арқасында қыздық перде алынуы ауырсынумен, қан ағу көлемімен сипатталады.

Қыздық перде қайда орналасқан?

Қыздық перде үлкен жыныс еріндері мен кіші жыныс еріндері арасында, қынапқа кіре берісте орналасқан. Дәлрек айтсақ қынаптан 1-3 см тереңде орналасады. Ол мембрана тәрізді қынапқа кіре берісті жауып орналасады.

Қыздық перде қыздық

Көпшілік жас жігіттер және қыздар қыздық перде деген атаудың өзінен перде толықтай жабық құрылымды зат деп біледі. Бірақ бұл қате ұғым. Біріншіден, қыздық перде ешқашан толықанды жабық болымайды. Пердеде бірнеше тесіктер болуы қажет, мұның себебі менструация кезінде кеткен қанды шығару үшін толықтай жабық перде емес тесіктері бар перде қажет.Екіншіден қыздық перде толыққанды пленка тәрізді құрылымда біркелкі орналаспайды. Ол кейде тығыз құрылымды немесе біркелкі емес болып, қынапқа кіре берістің тек кейбір бөліктерін жауып жатуы мүмкін.

Қыздық перде түрлері

Қыздық перде барлық қыздарда біркелкі деген қате ұғым. Әр қызда ол әртүрлі. Көп сөз жазғанша төмендегі суреттен қыздық перденің формасына, тереңдігіне, эластикалығына және т.б. критеийлерге қарап бөліну суреттемесін келтірдік.

Қыздық перде түрлері

Қыздық пердеге байланысты ең жиі қойылатын сұрақтар

Қыздық перде қандай тереңдікте орналасады?

Ол қынапқа кіре берісте 1-3 см тереңдікте орналасады. Барлығы да нақты қыздың жыныс ағзасының ерекшеліктеріне байланысты.

Қыздық перденің жыртылуы әрдайым ауырсыну және қан ағумен жүре ме?

Жоқ, әрдайым емес. Жоғарыда аталғандай, барлығы перденің қан тамырымен және жүйке талшықтарымен қамтамассыз етілуіне байланысты. Қаншалықты жүйке талшықтары көп болса, соншалықты перденің алуыну ыңғайсыздық тудырады. Ал қаншалықты қан тамырлары көп болса, соншалықты перде жыртылуында қан көп шығады. Аз болса, керісінше жағдай байқалмақ.

Егер қызда пердесі болмаса, онда бұл оның жыныстық қатынаста болғанын білдіре ме?

Бұл өте күрделі сұрақ. Нақты Иә не ЖОҚ деп жауап беру қиын. Біріншіден туа пайда болған қыздық перденің болмауы (аплазия) деген ұғым бар. Яғни аты айтып тұрғандай бұл кезде қызда пердесі мүлдем болмайды. Екіншіден қыз өз қыздық пердесін жыныстық қатынасқа дейін жоғалтуы мүмкін. Оның себебі әртүрлі: травма алу, шектен тыс физикалық жүктеме, әртүрлі тампондарды дұрыс пайдаланбау, мастурбация кезінде, гинеколог дұрыс тексермесе, бала кезінде интенсивті жуынудан және т.б.

Қыздық перде жыныстық қатынастан кейін аман қауы мүмкін бе?

Иә, мұндай жағдйлар бар. Бұлай болу себебі, кейбір қыздарда перде эластикалығы жоғары, және перде өзіндегі тесіктері бірнешеу немесе үлкен болуы мүмкін. Бұл ер адам жыныс ағзасының қынапқа пердені бұзбай кіруіне жағдай жасайды. Пердедегі үлкен тесіктің болуы физиологиямен байланысты (туа пайда болған) немесе мастурбация әсерінен де болуы мүмкін. Нәтижесінде перде тесік көлемі үлкейіп, жыныстық қатынас кезінде одан жыныс мүшесі оңай өтіп кетеді. Осы секілді жағайларда қыздық пердеден қыз тек босанғанда айрылады.

Жыныстық қатынасқа ұзақ түспесе, қыздық перде қалпына келе ме?

Жыныстық қатынастан кейін жыртылған қыздық қайта қалпына ЕШҚАШАН КЕЛМЕЙДІ. Тіпті айлап, жылдап ешбір жыныстық қатынас болмаса да. Адам денесі кесіртке тәрізді қайта қалпына келмейтінін еске сақтау керек.

Қыздық пердені қалпына келтіруге бола ма?

Өкінішке орай иә. Қазіргі кезде интимді хирургия көмегімен өз қыздығын қалпына келтірп алып жүргендер бар =((. Соншалықты қымбат емес ақшаның көмегімен өз қыздығын қалпына келтіріп, өзін бұзылмаған, нағыз қызбын деп санай алатын заман келді. Мұндай операция гименопластика немесе рефлорация деп аталады. Кейбір қыздар өз санасыздығынан жаратушы берген қыздық пердесінен ерте, кім көрінгенмен айрылып, кейіннен тұрмыс құрмас бұрын оны қалпына келтіру үшін осындай көмекке жүгінеді. Әрине бұл өте өкінішті жағдай =(

Уақыт өте келе қыздық перде серпімділігі төмендеп, қатаюы мүмкін бе?

Көпшілк адамдарда уақыт өте келе, қыз бала өз қыздығын ұзақ сақтаса ол қатайып, серпімді емес күйге ауысады деген пікір айтып жүреді. «25-30 келгенде кемпір болып, қыздық алынуы қиындай түседі» деген дөрекі сөздер де айтады. Бірақ медициа тұрғысынан бұл толыққанды ЕРТЕГІ тәрізді МИФ деп айта аламыз. Расында да ағзамыз жасы ұлғайған сайын өзгеріске ұшырайды. Бірақ бұл факт тек қыздық пердеге қатысты емес. Егер қыздық перде 16-18 жасында жұмсақ-серпімді болса, ол 30 жасында да сондай күйде болып тұрады. Ал 18 жасында қатты, тығыз болса, ол тіпті 30 келсін бәрібір сол күйде болады. Тек 35 асқан кезде ғана қыздық өз серпімділігін аздап жоғалтуы мүмкін.

P.s сондықтан өз қыздық пердесін алғашқы некеге дейін сақтайтын қыз балалар үшін бұл ең жақсы жаңалық. Қарап тұрсақ табиғат өз моногамияға жағдай жасап тұр.

+2 дауыс
тук тусинбедим?! :^) неге салдырады? сосын кайтадан алу ушин бе??
ия кайта алу ушин,жане менин озгелерге саусакпен шукып корсетип осектемеси ушин,ак матага кан жагылуы ушин,не истесем болады
саусагынды немесе баска жеринди канатуга боламайма? (или кастарында анасы  не женгеси жатама  тексерип) жигитин  сенин кыз болганына сенимди болса.тусинбедим ондай тексеру болатынын биле тура неге келистин  той болмай  косылуга?! жигитин де  ойланбады ма?
сосын саусактын кесилгенин корсе  не болады,одан да венадан кан алдырган дурыс емес пе,егер уйленген сон косылып мен айткан жагдай болганда не болатын еди кайта куанамыз
+2 дауыс
Қазір заман талбына келсек бәрінде жасауға болады. Өйткені бәрі дамыған және бәрі де бар. Қыздықты салуға болады бірақ 3 күнге ғана жарайды, асып кетсе жоқ болып кетеді. Біздің Қызылордада 30 мың теңге бағасы. Негізі қыздық әр кімде әр қалай орналасады.  тереңде орналасқан болса онда қыздық бір қатынаста болғанда алынбай қалады кей кезде. Сондықтан дәрігер қателескен болуы керек, дегенмен пендеміз ғой қателеспейтін адам жоқ. Қыздық салып әуре болатындай сен Шымкенттік болдың ғой. Сол облыста жайып қояды дейді ғой әйтеуір қыз екенін дәлелдеу үшін.
ия шымкенттенмин,матаны жайып коймайды,бирак женгелерине анасына корсетеди анасы мен женгелери барлыгына айтады
Шымкентте қыз бен жігіт бірге болғанда қасында үй іші бәрі қарап жата ма, хахааха қызық екен не салт мынау
Салеметсиз бе! Кызылордада кай жерде салады кыздык, киын болмаса айтып жиберинизши
+8 дауыс
Ренжiмеңiз, бiрақ жiгiтiңiз оңбаған екен. Шын сүйсе олай iстемейтiн едi.
Қолымен iстеп, мойынымен көтере алмайтын қандай жiгiт? Ciз одан кейiн ол жiгiтке қалай күйеуге шықпақсың?
Қазiрден бастап шешiм қабылдай алмаса, басын алып қашып тұр деген сөз. Бұл бiрiншi. Ал екiншiден қыздық салдыруға болады, бiрақ қалай қиналатыныңызды бiлесiз бе? Ол оңай емес, сосын одан кейiн бала көтере алмауыңыз мүмкiн. Басқа сайттарды ашып көрiңiз, сонда жазылған iсiп, iрiңдеп кетедi деген. Денсаулығың болмаса ол мүлде алмайды. Ондай жағдайда сосын өзiң далада қаласың. Сондықтан ойлан саған жасанды қыздық керек пе?
Әлде денсаулық па?
+3 дауыс
Мың бiр түн кiтабынан оқығаным да, оқиға кейiпкерлерi неке төсегiне бiр тауықты бауыздап, соның қанын жағып, үй iшiне қан болған төсектi көрсетедi. (Сiрә, оларда шымкенттiктер-ау шамасы)
Ешкiм қанның құрамына экспертиз жасамайтын болар ендi.
+7 дауыс
Қай ғасырда өмір сүріп жатыр жігітің?
Үйіндегілерге айтпайды ма осылай да осылай, біз алдын-ала болып қойғанбыз. Оның таза екеніне менің көзім жетті деп. Жай ерiккеннен жазып отырған сияқтысың.
+2 дауыс

Жігітін сені шын сүйсе ол саған олай айтпайды. Өмірде бәрі болады. Мадина дұрыс айтады денсаулығынды құртып алуын мүмкін. Шын сүйген жігіт қызының қыздығына да немесе баласы болса да қарамайды.

Дұрас айтасын. Оған қарамайды. Но как то обидно. Менде буйырса алайын деп жатырмын... Бірақ сезімім бұрынгыдай емес(
+2 дауыс

Қыздық пердені қайта қалпына келтіруді гименопластика деп атайды. Оны кез келген үлкен қалада жасайды.

+1 дауыс
хех қызық адам екен. Болары болғаннан кейін үйтіп керек емес. Оданда үйіндегілеріне бар жағдайды айтсын. Бірақ бір жағынан жігіттікіде дұрыс тексеруі, бірақ содан кейін салдырт деп айтуы дұрыс емес.
0 дауыс
негізінде сендердің уйленбей турып болып койгандарын дурыс емес ал кыздыгынды салдырсан болады
0 дауыс
Егер ол адам шынымен сізді жақсы көрсе құлай сүйсе бұндай нәрсеге мән бермес еді деп ойлаймын. Сіз сол сүйген адамыңызбен болу үшін  соған үйленесіз ғой басқа адамдар сіздердің араларыңызда не болғанын білмейді және оны білуге қақылары да жоқ. Сіздер өздеріңіз ешкімге ештене демесеңіздер болды ғой.
0 дауыс
буны жазып отырган ауру жигит.кудайдан коркпай бир кызга ози айткандай жасамак ойы бар.себеби озинин белсиз ауру екенине сенбейди.сойтип озин тексерип,сол кызды алдап,сендирмекши.кудайдан коркпайсын ба?оз кызына биреу сондай жасаса кандай болар един?
0 дауыс
Алматыда сондай операция 25 000 - 50 000 тенге тұрады. Тел 317 44 51
0 дауыс
Маган қызық! осындай әңгіме сұрақ болса жанын салып мыскылдауык Қазақтарым - ай!!! Тегімізді бүлдірмей Текті халықтың ұрпағы ретинде жақсы сұрақтармен ойымызды мазалап уақытымызды өткізейікші!!! өтініш
0 дауыс
Қазыр қыздыққа қарап жатқан жоқ сияқты ештемеге таңғалмайтын болдық қой.
Әрине таңғалмаймыз себебі айтпаяқ қояын мысалы аспаннан бірдеңе түссе қызықты өліп бара жатсада қарайды ))))))
...