+1 дауыс
649 көрілді
Барлығын дүрліктірген жерді сату/жалға беру жайлы басталған уақытытнан, қазірге дейінгі процессті түсіндіре алатын болсаңыз, жауап беріңіз

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Шаруалардың кейбірі жерді аукцион арқылы сату туралы Қазақстан үкіметінің шешімін мақұл көрсе, кейбірі күмәнмен қарайды. Сарапшылар жер 2003 жылдан бері сатылып келе жатса да, «нәтижесі шамалы болғанын» айтады.

Өткен аптада ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев шілденің 1-інен бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатынын хабарлаған соң әлеуметтік желілерде бұл реформаларға қатысты әртүрлі болжамдар айтыла бастады.

«Жер тағдыры – ел тағдыры» дейтін ұрандар пайда болып, жерді сатуға қарсылық білдірушілер де байқалды. Алайда Азаттық тілшісімен сөйлескен сарапшылардың айтуынша, жер сатуға қарсылық білдірушілер де, оны қолдаушылар да әзірге жердің қалай сатылатыны жөнінде толық ақпарат білмейді.

Азаттық тілшісімен сөйлескен Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дарынов та жерді аукционмен сату арқылы әлдекімдер шетелден әкелетін қаржысын заңдастыруды көздеп отыр деп күдіктенеді. Ерболат Досаев басқарған ұлттық экономика министрлігінің жер сатуға қатысты шешімін талқылауға қатысқан Дарынов шенеуніктердің ауыл шаруашылығының кейбір ерекшеліктерін түсінбейтініне налиды

Үкімет шілденің 1-інен бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер аукцион арқылы жеке меншікке сатылатыны туралы хабарлады. Сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жерді 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу құқығына ие болмақ. 2015 жылы күзде Жер кодексіне үкіметтің ұсынысы бойынша парламент енгізіп, президент бекіткен бұл өзгерістерге Қазақстан қоғамында қазір қарсылық білдіріп жатқандар да бар.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды деп мәлімдеді.

Азаттық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жеке меншікке сатылатыны туралы хабарға шаруалар арасында көзқарасы әртүрлі екені туралы жазған.
...