+1 дауыс
Кейде болады ғой, ештеңе жасай алмай қалатын, ештеңеге зауқың соқпайтын, өзіңе көңілің толмайтын кезең. Осы кезде не істеу керек?
25.04.2016 984 қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Ондай кезде Таңертең ерте тұр, аяққа кросовка, үстіңе ветровка, құлаққа шетелдік түсініксіз рок музыка, (қазақша ән тыңдама өшіп қаласың, ауыр болады) стадионда 5-6 круг айналып жүгіресің.Бірінші өзіңді қинамай жайырақ жүгір, сосын денең қызған кезде қаттырақ жүгіресің.Тер шығу керек, сосын үйге кел да салқын сумен шомылып, TASSAY суынан 200 грам тартып жібересің. Болды!  Ары қарай күнделікті тіршілігіңмен айналыса бер, кешке дейін энергияң тасып, шаршамай көңілді жүресің.  Солай!  Біраз күннен соң маған рахмет айтасың.
25.04.2016
қазақша да ән тыңдауға болады тек жаным сәнім деген емес.
0 дауыс
Иә, әсіресе таңертең ерте жаттыққан бір тәуліктік энергия береді.

Ал енді оған да зауқың соқпаса немесе жаттыға қоятын уақыт әлі ұзағырақ болса, онда не үшін көңіліңіз толмай, зауқыңыз болмай қалған себепті іздеп көріңіз. Болған жағдайды еске алып тыныш жерде, өзіңізге сауалдар қойып оған өзіңіз жауап беріңіз және "Мен неге осыған бола өз көңілімді түсіруім керек?", "Мен бұдан да жақсырақ нәтижеге қол жеткізуге лайықпын!", "Ол солай болуы керектін, бірақ мен үшін ол өткел ғана!" деген сияқты ынталандыру сөздерімен өзіңізді жігерлендіріңіз!
25.04.2016
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы